сіңірген ауыз әдебиетінің үкілі үлгілері – мәдени мұрамыздың ең құнды қазынасы. Ол –
ұрпақ тәрбиесінің күн сәулесіндей әсерлі нұрымен от алатын ой тамызығы болып, жанды
жалындататын, қиялды қияндататын, ақыл-сананың айшықты
көріністерін бейнелейтін
қасиетті, киелі мұра.
Халық фольклоры өмірдің сан-саласына жауап берерлік күш қуатқа ие. Ұлттың өткенін
шежірелеп беретін көл-көсір мұраларымыздың арқауы - ұлт мұраты. Міне, соның бір
арнасы – ұрпақ тәрбиесі. «Отан - от басынан басталады» деген қағиданың дәлелі
ғұрыптық фольклордан танылады. Оның нақ бастауы - балалар фольклоры.
Абабаларымыздың баланың шыр етіп дүниеге келген күнінен бастап, ат жалын тартып
мініп, өз алдына жеке шаңырақ көтеріп кеткеніне дейін ырым-кәде, тәлім-тәрбие, үлгі-
өнеге берудің жолдарын дәстүрге айналдырғаны ең алдымен фольклордан танылады.
Балалар фольклорын зерттеуге арналған бірнеше моногрфиялық еңбектер жазылып,
ғылыми диссертациялық еңбектер қорғалды. Соларды түйіндеп,
негізгі тұжырымдарына
сүйенсек балалар фольклорының тектері мен түрлерін былайша жіктеуге болады.
Балалар фольклорына байланысты ең алдымен бесік жырын, бесікке бөлеу, бесікті
аластау, өс-өс, тұсау кесу өлеңдерін білу ұлттың ұлығын түсінумен пара-пар мәселе.
Бұлар не себептен айтылған, тақырыптың арқауы нені меңзейді дегенді көбіне логикалық
тұрғыдан пайымдау қажет. Бүгінгі
бала тілінің шұбарлануы, тілінің кеш шығуы, дене
бітіміндегі кемістіктердің дәл осы тәлім-тәрбиенің ұмытылуынан емес пе? -
дегенді
ойланған ләзім. Ананың балаға деген махаббаты ауыз әдебиетіндегі көрінісі ертеден
қалыптасқанын санадан шығармауға тиіспіз. Өйткені барлығымыз ұрпақ алдында
борыштымыз. Балалар фольклорының өзіндік стильдік өрнегі бар. Оның ең бастысы
баланың жас ерекшклігіне қатысты болып келеді. Балалардың
шығармашылығы әсіресе,
ойын кезеңінде жан-жақты ашылады. Бірін-бірі мазақтау, мақтану, тәжікелесу т.б. былай
қойған да, «Соқыр теке», «Ақ серек, көк серек», «Асық ойындары» арасында айтылатын
өлең-жыр, тақпақтар тікелей балалардың өз шығармалары болып табылады. Ол өлеңдер
де жинақылық, қарапйымдылық, ойнақылық, дыбыстық үйлесімдер (ассонанс,
аллитириция) теңеу, эпитет, балау (метафора) түрлері көптеп кездеседі. Олардың осыдан
келіп өзіндік атқаратын қызметін тануға болады. Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік
мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған,
сәбидің жан-дүниесінің
қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын
шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау
қалыптасқан.
Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның
алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау.
Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе,
жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін
жетінші қарасөзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді. Сонымен, балалар фольклоры –
балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын
халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол
өзінің бала қабілетіне
лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін
айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.
«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің
көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі
шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған
қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның
да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез
келгенін, мәселен,
эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді балаларға лайықты іріктеп,
өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын “балалар фольклоры” деген ұғымға
толығымен жатқызуға болмайады. Ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға
үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар
балалардың
өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде