XVI—XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың әлеумет- тік-экономикалық жағдайы. Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Мал өнімдері оларды тамақ, киім-кешек, түрғын үй материалдары, сонымен бірге көлік қызметімен қамтамасыз етіп отырды. Мал жэне мал өнімдері көрші халықтармен айырбас жасайтын қаражат көзі де болды. Қазақтардың мал шаруашылығына байланысты Ш.Уәлиханов былай дейді: «Дала көшпелісін ішіп-жегізетін де, киіндіретін де мал, ол үшін өз тыныштығынан малының аман болғаны қымбат. Жүртқа мэлім, қырғыздар бір-бірімен амандасқанда: «Мал-жаның аман ба?» деген сөздермен бастайды. Отбасының мал жайын алдын ала сүрастыруы көшпенділер өмірінде малдың қаншалықты маңызы барын айқын көрсетеді».
Қазақ жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшеліктеріне байланыстықазақтар көшпелі жэне жартылай көшпелі мал шаруашылығыменайналысты. Көшіп-қону бағыттары жыл маусымына байланыстыөзгеріп отырды. Маусымдық жайылымдарды (көктеу, жайлау, күздеу,қыстау) алмастырып көшіп-қонып отырудың бүрыннан қалыптасқанжолдары мен жылдық айналымы орнықты. Әрбір py белгілі біраймақ шеңберінде көшіп-қону дәстүрін үстанды. Жайылымдыққоныстардың арақашықтығы жүздеген шақырымға созылды. Малшаруашылығы табиғат жағдайларына мейлінше тәуелді болды.Жем-шөп дайындау болмады, қыста мал тебіндеп жайылды. Қысқатты болған жылдары жүт болып, малдың жаппай қырылуы жиікездесетін, мүндайда көшпелі малшылар тақырлана кедейленіп,көбі отырықшылыққа ауысатын. Дегенмен мал шаруашылығынжүргізудің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрі сақталып, үнеміжетілдірілумен болды.
Қазақтар жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Соның ішінде жылқығаүлкен мэн берді. Жылқының түр-түрі болған: жүк таситын, салтмінетін жэне жүйрік-арғымақтар. Көшпелі мал шаруашылығынажылқыны үйірмен бағу тэн. Бір үйір 12-15 биеден түрды. Бірнешеүйір жылқы табынын қүрады. Салт мінетін жылқы ат деп аталды.Қазақтардың шаруашылығында қой жетекші орын алды. Қыпшақдаласы көшпенділерінің басты байлығы қой болған. Қыпшаққойлары төзімділігімен, етті-сүттілігімен ерекшеленген. Қойдыңеті мен сүті тағам болды, терісі мен түбітінен киім-кешек, аяқ-киім,ыдыс-аяқ жасалынды. Қазақ шаруашылығында түйенің де алатынорны зор болды. Қазақтар негізінен қос өркешті, жүнді түйе өсірді.Жылқы, қой, түйемен қатар қазақтар сүті мен түбіті үшін ешкі деөсірген. Бірақ ешкі мен сиыр қазақ шаруашылығында аз болды.Қазақ философиясында ешкі белгісіздікті білдірсе, сиыр жүтпентеңеседі. Сондықтан қазақтар бүл жануарлардың етін тек жүт жылдары ғана жеген.
Мал жеке адамның жэне отбасының меншігінде болды. Малкөшпелілер байлығының, олардың түрмыстық жағдайының басты өлшемі болды. Ал жайылымды қоғам мүшелері қауымдасыппайдаланған. Әр рудың өзіндік жері болды жэне бүл жерге меншікүрпақтан-үрпаққа ауысып отырды.
Қазақтар егіншілікпен де айналысты. Қазақ хандығыныңтүрлі аумақтарында егіншіліктің дамуы әркелкі болды. Негізіненотырықшы — егіншілікпен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанхалықтары айналысты. Қазақтар көбіне тары дақылын екті. Сырбойындағы қалаларда ирригациялық жүйе барынша дамыған. Қалалардың маңында суландыратын арнайы алқаптар болды. Қала маңдарындағы бүндай алқаптарда бау-бақша өнімдері өсірілді.
Қазақтар аң аулаумен де айналысқан. Аң аулаудың бірнеше түрлері болған: қүс салған, тазы ит қосып аулаған т.б. Соның ішінде қыран қүстармен аң аулау басым болды. Аң аулау дербес кәсіп болмаған, мал шаруашылығына көмекші кәсіп қана болған.
Қазақтардың шаруашылығында эр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алған: тері өңдеген, киіз басқан, қүрақ қүраған, металдан эртүрлі бүйымдар жасаған.
Қазақтар көшіп-қонуға қолайлы киіз үйлерде өмір сүрді. Көлеміне жэне иесінің әлеуметтік жағдайына байланысты киіз үйлердің түрлері көп болды. Күзеу мен қыстауда ағаштан жэне кірпіштен салған жылы үйлерде түрды.
XVI ғасырдың соңына қарай Ресей мемлекеті Қазақ хандығы жэне Орта Азия мемлекеттерімен сауда байланыстарын жандан- дырды. Сырдария қалалары арқылы халықаралық сауда жэне көшпенділермен дәстүрлі сауда дамыды. Түркістан қалалары мен елді мекендері арқылы Индияға, Қытай мен Еуропаға керуен жол- дары өтті. XVI—XVII ғасырларда бүл қалалар саяси орталықтарға айналып, онда қазақ хандары мен сүлтандары қоныстанды. Көшпенділермен негізінен айырбас сауда жүргізілді. Сыр бойындағы қалаларда дүкендер, базарлар, ақша сарайлары жүмыс істеді. Қазақстанның көшпенділері оңтүстіктегі қалалармен сауда-саттық қарым-қатынаста болды. Көшпелілердің астыққа—бидайға, тарыға, арпаға, егіншілік пен бау-бақша шаруашылығының басқа өнімдеріне деген жэне әсіресе, маталарға деген сүранымы барынша түрақты болды. Далалық аудандар халқының көшпелілік шаруашылығы мен отырықшы-егіншілік аудандары жэне қала шаруашылығының түрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық өмірінің ажырамас белгісі болды.
Қазақ хандығы түсында қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан түрды: ақсүйек жэне қарасүйек. Ақсүйектер әлеуметтік тобына Шыңғыс ханның үрпақтары — сүлтандар, төрелер жэне Мүхаммед пайғамбардың үрім-бүтақтары — қожалар жатты. Бүл топ үш жүз қазақтарының генеалогиялық қүрылымынан бөлек түрды. Шыңғыс ханның үрпақтары туылысымен сүлтан атағын иеленіп, бүл әлеуметтік топқа тиесілі барлық ерекше қүқықтармен қамтамасыз етілді. Шыңғыс ханның үрпақтарының әрқайсысы хандық билікке үміткер саналды. Сонымен бірге, бүл әлеуметтік топ руға бөлінбеді.
Әрбір сүлтанның өзіндік үлесі болды. Қалған әлеуметтік топтардыңбэрі қарасүйектерге жатты. Қарасүйек өз ішінде тайпаға, руғабөлінді.
Қарасүйек элеуметтік тобынан ерекше қүқықтар иеленген тек би-лер болды. Атап айтсақ, py биінің қолында соттық, экімшілік билікшоғырланды. Билер сүлтандармен бірге мемлекеттік мәселелершешілетін жылдық жиналысқа — қүрылтайға қатысты. Небірбеделді билер хан жанындағы «билер кеңесінің» қүрамында болды.
Танытқан ерлігі немесе соғыс қимылдарын шебер басқарғаныүшін хан немесе сүлтандар батыр деген қүрметті атаққа ие болған.«Батыр» ердің атағы ғана емес, сонымен бірге кәсіби жауынгерлер.Қарапайым жауынгер батырлық танытқанымен, қолына Шыңғысәулетіне тэн билік берілмеген. Батырлардың ерліктерін жыршы-ақындар дәріптеп отырған.
Қазақ қоғамындағы ешқандай қүқығы жоқ мүшелері — қүлдарболды. Бүл әлеуметтік топ өкілдерін негізінен соғыс түтқындарықүрады. Олар өз қожайындарына тәуелді болды.
Қоғам мүшелері дэулет-мүлкінің мөлшеріне сай «бай» жэне«кедей» болып бөлінді. Осы кезеңдегі қазақ қоғамы элеуметтіктоптардың иерархиялық үйымдасқан қүрылымынан түрды.Бүл әлеуметтік топтар бір-бірімен тығыз байланыста болды. Әрәлеуметтік топтың өзіндік қүқықтары болды.
2. Қазақ хандығын нығайту жолындағы Тәуке ханның қызметі
Жэңгірдің баласы Тэуке хан (1680—1718) түсында Қазақ ханды-ғының күш-қуаты өсіп, бірлігі артты. Тәукенің туған жылы белгісіз,ал қайтыс болған жылына байланысты ғылыми зерттеулердегіпікірлер де эртүрлі. Жэңгір ханның үлы жэне мүрагері Тэуке1680 жылы Қазақ хандығының тағына отырды. Ол асқынған ішкіфеодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққабағынған Қазақ хандығын қүруға қажырлы қайрат жүмсады.Хандық билікті күшейтуге бағытталған реформалар жүргізді.
Тэуке хан өзінің даналығы арқасында ел арасында «әз-Тәуке»деген атқа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін бастап келгенМ.Тевкелев 1748 жылы жазған қүжатта: «Тэуке хан өте ақылгөй кісіболған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен қүрметпен еске алады»,—деп көрсетеді. Халық зердесінде Тэуке заманы Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой үстіне бозторғай жүмыртқалаған заман», «алтын ғасыр» деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин Тәукені көне Спартаның ақылгөй заңгері Ликургпен теңеген.
Тэуке ханның билік қүрған алғашқы жылдарында оның билігін қазақтың барлық рулары мойындамаған. Сондықтан Тэуке хан бытыраңқы қазақ қоғамының басын біріктіріп, бір орталыққа бағынған мемлекет қүруды басты міндеті деп санады. Осы мақсатта эртүрлі әлеуметтік топтан шыққан дарынды, ақылды адамдарды мемлекетті басқару ісіне тартты. Бүған дейін мемлекетті басқару ісіне тек Шыңғыс ханның үрпақтары мүрагерлік жолмен тартыла- тын еді.
Тэуке хан мемлекетті басқару ісіне туа біткен данышпан, ел арасында асқан ерлігімен, батырлығымен дараланған түлғаларды, яғни билер мен батырларды тартты. Бүл шаралар нәтижелі болды. Мемлекетті басқару ісіне де үлкен өзгерістер енгізді. Билер кеңесін қүрып, оның билік ауқымын кеңейтті. Билердің әлеуметтік тегі тек ақсүйек табынан болмағанын ескерсек, қарапайым халықты мемлекетті басқару жүйесіне тарту Тэуке хан енгізген үлкен өзгеріс болды.
Билер кеңесі мемлекеттің ішкі жэне сыртқы саясатына қатысты мәселелерді шешуде үлкен қызмет атқарды. Билер шешіміне хан қарсылық көрсетпеді, яғни мемлекеттік биліктің басым бөлігі халықтың қолында болды. Тэуке ханның түсында «Билер кеңесінің» қүрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Қабек, Даба, Есейхан, Жалған, Ескелді, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқым сияқты дарынды қайраткерлер енді. Билер кеңесінің билік ауқымы зор болған. Бүл кеңестің шешімі негізінде ғана Тэуке хан мемлекеттік мәселелерді шешуге қүқықты болған жэне билер кеңесі қабылдаған заңдар мен шешімдерді жүзеге асырып отырған. Сонымен қатар «Билер кеңесі» хандық билікті шек- теу қүқығына ие болған. Билер кеңесі соттық билікті де атқарған. Халықтың дәстүрлі менталитетінде билердің қоғамдағы мэртебесін анықтайтын қағидалар көп сақталған. Мысалға, «Атаның баласы болма, адамның баласы бол», «Туғанына бүрғаны — биді қүдай үрғаны», «Таста тамыр жоқ, биде бауыр жоқ», «Тіл жүйрік емес, шын жүйрік» т.б. Бидің үкімі py, аймақ атынан емес, тәуелсіз би атынан шығарылды. Атақты Әйтеке би үрпақтарына мынадай өсиет қалдырды: «Менің өмірім өзгенікі, өлімім өзімдікі». Tya біткен даналық пен шешендікті иеленген билердің өмірлік тәжірибесі демол болды. 1820 жылы орыс жэне еуропалық қүқық нормалары-мен жетік таныс Д. Самоквасов қазақтардың қүқық жүйесін зерт-тей келе, қазақ билері халқының салт-дәстүрі мен өткен тарихында жақсы білетіндігі туралы жазған. «Биі жақсының елі жақсы»,«Батыр елін жауға бермейді, би елін дауға бермейді» деген нақылсөздер қазақ билерінің дипломат қызметін атқарғанын да көрсетеді.Билер шешен болған. Атап айтсақ, халық Қазыбек биді «ағын судайэйгілі шешен» деп мақтан түтқан. Сөйтіп, Тэуке хан ел билеудеатақты қазақ билеріне арқа сүйеп, олардың қазақ қоғамындағы орнымен рөлін көтерді.
Билер кеңесі мерзімді түрде Сырдарияның бойында орналасқанӘңгірен, Түркістан мен Сайрам жеріне орналасқан Битөбе, Мэртөбедешақырылған. Жыл сайын Ташкент қаласының маңындағы Күлтөбедеүш жүз өкілдерінің басын қосқан жиналысын өткізіп түрған. Бүлхалық арасында «Күлтөбенің басында күнде кеңес» деп аталды.
Тэуке хан қазақтың жыраулары мен шешендерінің жэне шежіре-шілерінің басын қосып, қазақтың мақал-мәтел, шежіре, аңыз-жырларын жинаған. Сонымен қатар, қазақ халқы арасында бүрыннанқолданылып келген ру-тайпалардың үрандары мен таңбаларынқайта анықтап белгілеген. Бүл тарихта Орта Азияда өмір сүргенкөшпелі хандықтарда болып келген салт еді. Жаңадан таққа отырғанхан өзіне қарасты тайпалардың таңбасын белгілеп беріп отырған.Бүл көшпелі тайпалар арасында хандық өкімет билігін күшейтудіңдәстүрлі шараларының бірі еді.
Тэуке хан өзінен бүрынғы хандар түсында ішкі тартыс салдарынаныдырай бастаған үш жүздің басын қосты, жеке-жеке үлыстарды билеген сүлтандардың бөлектенуіне тежеу салып, Қазақ хандығыныңішкі бірлігін бекемдеуге барлық шараларды қолданып, оны едәуіркүшейтті. Бүл түста едәуір қырғыз тайпалары мен қарақалпақтайпалары Тэуке ханның қарауында болды. Тэуке қырғыздардыолардың өз биі Қоқым Қарашор арқылы, қарақалпақтарды олардыңСасық биі арқылы басқарып отырған. Бүл ic жүзінде жоңғарлардыңшабуылынан қорғануды негіз еткен қазақ, қырғыз жэне қарақалпақхалықтарының әскери-саяси одағы еді.