Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет6/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
XII ғғ. Қазақстан аумағында түрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді. Бірінші қанаты — оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы — Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.

Екінші қанат — сол қанат Орталық жэне Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы үран тай- пасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери үйымдар мен әскери экімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.

Қыпшақ хандарының өкімет билігі мүрагерлікпен әкеден балаға қалдырылып отырған. Хандар шығатын ең әулетті py елбөрілі еді. Орда деп аталатын хан қамалында ханның дүние-мүлкі мен әскерінің ісін жүргізетін басқару аппараты болды. Әскери-әкімші- лік басқару жағынан Қыпшақ хандығы көне түрік дәстүрлерін сақтаған. Қыпшақ тайпаларының басында хан, тархан, басқақ, бек пен байлар түрды. Қыпшақ қоғамы әлеуметтік жэне жіктік жағы- нан да тең болмаған. Мүліктік теңсіздіктің негізі — малға жеке меншік болып табылады. Негізгі байлық жылқының саны болған, жеке меншікті бүзған адам қатал жазаланған. Хисапсыз көп малы бар ақсүйектер жеке меншігін заң жолымен бекітіп берілмесе де, мал жайылатын өрістің бэрін меншіктенген. Жайылымдарды бөліп беруді, көші-қон мәселелерін реттеп отыруды қыпшақ хандары мен тайпа тектілері уысынан шығармаған. Қоғамның қатардағы мүшелерінің басым көпшілігі еркін де ерікті болған. Сөйтіп, Қыпшақ хандығы қалыптасқан феодалдық мемлекет болды, ол көне түрік мемлекетінің дәстүрін дамытып, жалғастырды.

Қыпшақтардыңсаясижағдайынакелсек,1065жылыселжүқтардың билеушісі Алып Арсылан қыпшақтарға қарсы Маңғыстауға шабу- ыл жасайды. Қыпшақтарды жеңіп бағындырғаннан кейін, ол Жент пен Сауранға жорыққа шығып, қыпшақ тайпаларының бір бөлігін Хорасан селжүқтарына тәуелді етті. Алайда, XI ғасырдың соңғы ширегінде де қыпшақтар Маңғыстау мен Каспий теңізінің шығыс жағалауында бүрынғыша өз билігін жүргізіп түрды. 1096 жылы қыпшақ бірлестігінің тайпалары Хорезмге қарсы жорық ашады, бірақ ол сәтсіздікпен аяқталды.

  1. ғ. аяғы мен XII ғ. бас кезінде Жент, Янгикент, Сырдарияның төменгі ағысындағы тағы басқа қалалар қыпшақ көсемдерінің қолына қарағанымен, XII ғ. алғашқы жартысында осынау қалалар қыпшақ хандары мен соларды қайтсе де басып алғысы келген Орта Азияның мүсылмандық әулеттері арасындағы қиян-кескі үрыс алаңына айналады. Хорезм шахы Атсыз Жентті жаулап алады, co- нан соң солтүстікке қарай бет алып, өз қарауына Маңғыстауды да қосады. 1133 жылы Жент қаласынан Дешті Қыпшақ даласына тереңдеп жорық жасаған Атсыз қыпшақтарды ойсырата жеңеді. Тап осы кезден бастап Қыпшақ хандығының ыдырауы басталады. Оған себеп болған негізгі жәйттер: қыпшақ тайпалары ақсүйектерінің арасында Хорезмге бейімдеушілердің көбеюі, қаңлылардың aca ipi бірлестігінің қүрылуы, өкімет билігі үшін өзара әулетті қырқыстың күшеюі еді.

  2. ғ. екінші жартысынан, әсіресе, Текеш (1172—1200 жж.) биле- ген кезден бастап, Хорезм қыпшақ ақсүйектерімен жақындаса түсуді мақсат еткен саясат жүргізеді. Қаңлы, қыпшақ, имек, үран тайпала- ры топтарының жетекшілерін Хорезм шахтары эртүрлі қызметтерге тартады. Бүдан басқа туысқандық үшін қалыптасқан дәстүрге сай Хорезм билеушілері эйелдерін қаңлы мен қыпшақтардың хан әулеттерінен алып отырған. Мысалы, XIII ғ. бас кезінде Хорезм шахы Ала ад-дин Мүхаммед қаңлылардың басшысы Әмин Мэліктің қызына үйленген. Осының арқасында Әмин Мэлік Хорезм шахтар сарайында маңызды рөл атқарған.

Хорезм шахы Мүхаммед /1200—1220 жж./ өз мемлекетінің қүрамына XIII ғ. бас кезінде Сығанақ жерін қосып алады. Сығанақ иелігінен айырылып қалғанына қарамастан қыпшақ хандары Хо­резмге қарсы қажырлы күресін жалғастыра берді. Бүл кезде Xo- резмшахы Мүхаммед Дешті қыпшақ еліне бірнеше рет жорық жа- сайды. 1216 жылы қыпшақ билеушісі Қадырханға қарсы аттанған әскери жорықтарының бірінде ол Ырғызға дейін жетеді. Осы кезде ол Торғай даласында қыпшақтар еліне қашып кірген меркіттерді қуып келе жатқан Шыңғысхан қолымен соқтығысып қалады. Бүл монғолдардың Қазақстан жерінде алғаш рет болуы еді, сөйтіп, бүдан кейін монғол басқыншылығының дэуірі басталады.

3. Орта ғасырлық мемлекеттердің экономикасы мен мәдениеті



Мал шаруашылығы. Қазақстан жеріндегі орта ғасырлық мемле- кеттер шаруашылығы отырықшы егін шаруашылығымен тығыз бай- ланыста болған көшпелі жэне жартылай көшпелі мал шаруашылы- ғына негізделген еді. VI—XII ғасырлардағы мемлекеттердің басты шаруашылығы мал өсіру болған. Орта ғасырлық қоғамда малға жеке меншік қалыптасып дамыды, сөйтіп ақсүйек байлар тобы бөлініп шықты. Малға жекеменшіктік теңсіздіктің негізі болған. Бай ақсүйектермен біріге қауымның қатардағы мүшелері: кедейлер мен қүлдар бүқарасы тіршілік еткен.

Орта ғасырлардағы жазба деректердің мэліметтеріне қарағанда феодалдық мемлекеттердің жылқы, қой, сиыр, өгіз жэне түйе өсіргенін білеміз. Көшпенділердің малының қүрамында қыста жаюға неғүрлым бейімделген жылқы мен қой басым болды. Олардың шаруашылығында ет пен май қорын тез толтыратын қой шаруашылығының маңызы зор. Сондай-ақ қойдың жүні мен терісінен жылы киім дайындалды. Жылқы көшпелі түрмыс жағдайында алыс жайылымдарды игеруге мүмкіндік беретін ерекше шыдамдылығы мен төзімділігі, соғыста жэне аң аулауда пайдаланатындығы арқасында aca бағалы жануар деп есептелді. Сондықтан көшпелілер тек қана тебіндеп жайылатын жылқы өсіруге ерекше көңіл бөлген. «Бүл даланың ерекшеліктері мынада: оның шөбі малға арпаның орнына жүреді, басқа елдерде мүндай ерекшелік жоқ. Онда малдың көптігі де сондықтан»,— деп атап өткен араб саяхатшысы Ибн Баттута.

Жылқы санының көп болуы эрқашанда байлықтың өлшемі, малшы билігінің экономикалық негізі болған. Кейбір жазба ескерткіштерде қыпшақтар елінде он мың жылқы иеленгендердің көп болғаны жөнінде мәліметтер бар. Түріктердің жылқысы кли­маты қатаң, жергілікті табиғи жағдайларға жақсы бейімделген еді, сонымен қатар сүтінің мол жэне еті мен майының сапасы жақсы бо- луымен ерекшеленді. Түріктер сиыр жэне қой етінен жылқы етін артық көретін, ал бие сүтінен тамаша, шипалы сусын — қымыз дай- ындайтын.

Жазба деректердің мәліметтеріне қарағанда асыл түқымды жылқыларды өсіруге зор көңіл бөлген. Түріктер қой, жылқы шаруашылығымен бірге ipi қара өсірумен де айналысты, бірақ саны жағынан ол әлдеқайда аз болды. Сиырлар мен өгіздер көшкен кез­де алыс қашықтықта көп жүрісті көтере алмайды. Мүның өзі түркі тайпаларының белгілі бір топтарының түрақты қыстаулары бар жар­тылай көшпелі түрмыс салты болғанын көрсетеді. Этнографиялық зерттеулер көшпелілердің негізінен ең кедей бөлігі сиыр үстағанын көрсетеді. Ipi қара көбіне жеуге пайдаланылды. Көшпелілердің Ба­тыс Қазақстанға ілгерілеуіне қарай олардың жекелеген топтары түйе шаруашылығымен де айналысқан. Қүмды жэне шөпсіз жерлер- де түйе ең пайдалы да қолайлы үй жануары болды.

Көшпелілерде аң аулау қосалқы кәсіп болды. Әл Джахиз «Көшпелі түріктер аң аулағанда, әсіресе қарақүйрықтар мен қүландарды қуған кезінде ғажап төзімді»,— деп көрсетеді. Аң аулаған кезде садақ пен жебеден басқа олар аңға қүс салған, қоянды, түлкіні, тіпті қасқырды да итпен үстаған. Аң аулаумен қатар өзен жағасында түратындар балық аулаумен де айналысқан. Жалпы алғанда, аң аулау дербес сала болмай, шаруашылықтың негізгі түрі — мал шарушылығына көмекші ғана болған.

Егіншілік. Қалалардың өсіп өркендеуі, сауданың дамуы, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сүранымды арттырған. Мүның өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды. Жауын-шашынның аз болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды. Егін шаруашылығы елдің оңтүстігінде, Сырдария, Арыс, Бадам өзендері алқабында, Жетісуда, Іле өзені бойында біршама жақсы дамыды. Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен алқаптары мен тау баурайларындағы жерлерде ғана шүғылданды. Елдің барлық жерлерінде егіншілік кэсіптері мал шаруашылығымен үштасып жатты.

IX—XII ғасырларда Отырар өңірі суармалы егіншіліктің орта- лығы болды. Мүнда егістік көп тармақты суландырмалы жүйемен жабдықталды. Cy жолы Арыс өзеніндегі cy қоймасы арқылы жүргізіліп, оның бір саласы Отырар қаласына келді, екінші саласы Қүйрық төбе, Алтын төбе, Жалпақ төбе, Марданкүйік қалаларына барды. Отырарға баратын cy жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп, сонымен бірге қаланың солтүстігіндегі алқапты суландырған. Ал Сырдариядағы cy жолы Сауран мен Сығанақты жэне сол жағалаудағы Сүткентті, Аркөкті, Аққорған жэне Үзкентті сумен қамтамасыз еткен. Талас жотасының тау бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам, Сайрамсу, Арыс, Ақсу өзендерінің суы пайдаланылған.

Жер кетпен тэрізді темір шоттар жэне темір, не шойын үштары бар, жер жыртатын қүралдармен /омаш/ өңделіп, егін темір орақпен орылған. Дэнді үнтақтау үшін тас диірмендер қолданылған. Қолдан cyapy негізінде Жетісу түрғындары астық өсіріп, жүзім шарушылығымен жэне шарап жасаумен айналысты, бақша жэне бау дақылдарын екті. Таудың төменгі етектерінде Талғар, Есік, Қаскелен, Үлкен жэне Кіші Алматы, Бақанас, Көксу, JIenci өзендерінің орта жэне төменгі ағыстарының бойында да суландыру қүрылыстары болған. Талас өзенінен Тараз қаласына тартылған су каналы арқылы қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылған.

Қолөнер кәсібі. Қазақстан жерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне қарай қолөнер кэсібімен де шүғылданды. Қүмыра жасаушылардың, үсталардың, ағашқа, сүйекке, тасқа өрнек салушы- лардың істеген заттарына халықтың сүранымы күшті болды. Саз балшық бүйымдар өндірісі ерекше дамыды. Отырар алқабында жэне Қаратаудың баурайларындағы қалаларда керамиканы өркендетудің қалыптасқан түрлері сақталған. Сырдарияның төменгі бойындағы қалалардан табылған саз балшықтан жасалған заттарда әсем өрнектер басым болды. Керамикадан кесе, тостаған, аяқ-табақтар, тағы да басқа ыдыстар жасалынып, сырты оюланып, неше түрлі қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулар жалатылды. Аңдар мен кұстар бейнеленген қүйма ыдыстар тобы ынта қоярлық. Мәселен, Тараз қазбалары кезінде арыстан бейнеленген тамаша табақша шықты. Отырарда өсімдік ою-өрнегімен эшекейленген қүмыра та­былды.

Орта ғасырдағы қалалық мәдениет. Қазақстан жерінде ежелден отырықшылық тарихи-мәдени ipi аймақтар, ал ортағасырдың орта­сында қалалық мәдениет дамыды. Олардың бірі Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу еді. Оңтүстік Қазақстанда Исфиджаб (Сайрам), Газгирд, Шараб, Будухкет, Отырар, Шавгар жэне Сауран тэрізді ipi қалалар бой көтерді. Исфиджаб сауда жолы өтетін орталық болды, мүнда көптеген тауарлар өндірілді, бүл жерден маталар, қару-жарақтар, мыс пен темір тасылды. «Исфиджаб,— деп жазды ортағасырлық авторлардың бірі,— Түркістан шекарасындағы Мәуераннахрдың үлкен де, ipi қалаларының бірі. Ол Азия елдерінің өркендеген жэне керемет қалаларының бірі, жері қүнарлы, ағаштары көп, суы мол жэне ғажайып бақтары бар».

Талас алқабында ipi қала Тараз пайда болды. Ол VI ғасырдың өзінде-ақ белгілі болды. Тап осында Түрік қағаны Иштеми 568 жылы Земарх бастаған Внзантня императоры Юстиниан ІІ-нің дипломатиялық елшілігін қабылдады. Шежірешілер Таразды саудагерлер қаласы деп атаған. Ол түргештердің, сосын қарлүқтар мен қарахандардың астанасы болды. XI ғ. бірінші ширегінде ақша айналымының қалыптаса бастауына сай Қазақстандық екі теңге сарайы — Тараз жэне Испиджаб қалаларында болды. Қалалардағы ішкі сауда айналымында мыс (қола) теңгелер жүрсе, ал күміс теңге қалааралық ipi товар айналымын қамтамасыз етіп, қаржы жинаудың қүралы қызметін атқарды. XI ғасырдың 70-жылдарынан кейін күміс қүю тоқтатылып, айналымда оның орнына алтын қолданылды. Талас, Acca өзендерінің бойында, Тараз маңында Төменгі Барысхан, Жамукат, Жекіл, Бектөбе, Дех-Нуджикес, Адахкет, Текабкет, Шельджи, Жувикат жэне т.б. қалалар мен мекендер созылып жатты. Талас алқабынан Шуға дейінгі жолда Ақыртас, Қүл-Шуб, Жүл-Шуб, Қүлан, Мерке, Аспара, Нүзкет тэрізді қалалар орын тепкен. Тек VI- XIII ғасырларда Шу алқабында соғдылар, сириялықтар, түріктер, парсылар мекендеген ірілі-үсақты 25 қала болған. Бүл Харанжуан, Жүл, Навакет, Бунджикет, Қүрмырау, Суяб, Баласағүн, Жоғарғы Барысхан қалашықтары. Іле алқабының ipi қалаларының қатары Тальхиз (Талғар), Қойлық, Дунгене, Алмалық (Алматы), Ілебалық, Көк-Тума сияқты қалаларды жатқызуға болады.

VII—XIII ғғ. қала мәдениеті тек оңтүстікте жэне оңтүстік- шығыста ғана емес, Қазақстанның басқа өңірлерінде де дамыды.

Сырдарияның төменгі ағысында Асанас, Янгикент, Сығанақ, Жент, Барлышкент жэне т.б. қалалар орналасқан. Орталық жэне Шығыс Қазақстанда, оның ішінде Торғай, Жыланшық, Кеңгір, I Іұра, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында жетпіс сегіз қаланың орны табылды. I Іұра алқабында Ақсикент деп аталатын мейлінше ipi қала болған, Сарысу жағалауында Жүбаныш пен ¥лыбағыр, Торғайдың төменгі сағасында — Қаңлыкент, Қарақорым, Борсық қалалары болғаны белгілі. Ертіс өзенінің алқабында он алты қимақ қаласы кездессе, оның ішінде Хакан мен Хакан-Қимақ қалалары қағанаттың астанасы болған. Сол кезде қалалардың дамығанын сәулетті қүрылыстардың болуы дәлелдейді. Тараз маңындағы Бабаджа- хатун (X—XI ғғ.), Айша-бибі (XI—XII ғғ.) кесенелері, Тараздағы Қарахан кесенесі, Сырдарияның төменгі сағасындағы Сырлытам, Орталық Қазақстанның Домбауыл кесенесі ортағасырлық сэулеттік ескерткіштерге жатады. Қазақстан қалаларының сәулеті бүрынғы өткен заманның сэулет өнерімен тығыз байланысты. Үйлерді салуға шикі кірпіш, қүм, ағаш қолданылды. Ipi ғимараттар мен бекіністердің сыртқы қабырғасы көбінесе күйдірілген сары саздан жасалған плиткалармен қапталды. Сөйтіп, орта ғасырда Қазақстан аумағында тек көшпелі өркениет қана дамып қойған жоқ, сонымен бірге отырықшылық, егін шаруашылығы, мал шаруашылығы мен қалалық мәдениет те дамыды, олар бір-бірін толықтырып, бір-бірін байытып, бір-біріне үлгі болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет