Жазу мен ғылымның дамуы. VI—VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық жэне Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын қүрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен экімшілік жэне елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тэрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.
Шежірелерде айтылғандай, ертедегі түріктер ағаш тақтайларға "қажетті адамдардың аттарын, салық пен малдың санын" есептеу мақсатында ойықтар салатын болған. Сонымен қатар түрік елшілері грамотамен жабдықталды. 567 жылы Константинопольге II Юстиниан императоры сарайына келген елші соғды Маниах қағаннан "скиф жазуымен" жазылған хатты әкелген. "Мүның не жазу" екендігін түрік қағанатының — Бугут көне жазуы ескерткішіне қарап білуге болады. Бағананың үш жағында соғды тілінде жазыл- ған жазу бар. Оның бір жағындағы брахма жазуымен санскриттегі жазба толығымен өшкен. Сөйтіп, руна эріпі пайда болғанға дейінтүріктер соғды әліппесін кеңінен қолданғанын, ол Түрік қағанатыныңбірінші ресми жазуы болғандығын білеміз.
Жаңа жазба — көне түрік әліппесі — түріктердің арасында VIIғ. бірінші жартысында пайда болған. Әліппе алғашында бір-біріненбөлек жазылатын геометриялық белгілерден қүрылып, 37 немесе 38әріптен түрған, оның соғды әліппесінен айырмашылығы ағаш пентасқа жазуға қолайлылығымен ерекшелінеді. Руна ғаріптері түркітілінің ерекшеліктерін дэл бере білді. Әдеби жэне тарихи түрғыданалғанда, руна ескерткіштері тіл мен әліппеге қатысты біркелкі емес.Аймақтық белгісіне орай ескерткіштер бірнеше топқа бөлінеді.Моңғолиядан табылған руна ескерткіштері Орхон, Тола жэне Селенга өзендері алқаптарында шоғырланған. Бүл топқа Білге-қағанмен Күлтегінге арналған белгілі руна мәтіндері жатады: Кошо-Цайдам бағаналары, Чойрэн бағанасы, Тоныкөк ескерткіші, Онгинжазуы, Куличор қүрметіне арналған бағана, Селенга тасы, Сэврэйтасы, Терхин бағанасы, Тэсинь бағанасы, Қарабалғасун жазуы,Суджа жазуы, Тайхир-чулудің 20 жазуы, Исе-Асхеттің 2 жазуы,Хэнтэй жазуы, Хангай мен Гобаның үсақ жазуы, сондай-ақ соғдытіліндегі Бугут жазуы. Бүл жазулар "орхон ескерткіштері" депаталады.
Тува жэне Минусин аймағындағы Енисей ескерткіштерінежататын қүлпытастарда, тастарда, алтын жэне күміс ыдыстарда,теңгелерде қазіргі таңда белгілі болған жазудың 150 түрі белгіліболса, Лена-Байкал жағалауындағы ескерткіштер тобында түрмысзаттарына жазылған, элі күнге дейін оқылмаған 16 қысқа жазукездеседі.
Алтай тобының ескерткіштері: бір тас бағана мен тасқа жазылғанжазулар жэне молалардан табылған күміс ыдыстағы жазулар(барлығы 50-ге жуық жазулар).
Шығыс Түркістан ескерткіштеріне Түрфандағы көне қүрылыстыңқабырғасында жазылған 4 жазу, үңгір ғимараттарындағы 2 жазу,Миран мен Дуньхуандағы қағазға түсірілген бірнеше ipi мәтіндер,қоладан жасалған қол айнадағы жазу жатады.
Ал Жетісулық деп аталған Орта Азиялық ескерткіштер тобына— Талас алқабындағы қүлпытастардағы, теңгелердегі, түрмыстықзаттар мен ағаш таяқтардағы 12 жазуды, ал Ферғана ескерткіштерінежататын қосалқы тобы керамика мен металдағы 17 қысқа жазужатады.
Көне түркі мәдениетіндегі адамзат өркениетінің өлмес қазына-ларының бірі — баға жетпес асыл мүрасы — жазудың пайда болуымен жазба әдебиетінің байлығы. Білге-қаған мен Күлтегіннің жэне басқа түрік елінің көрнекті қайраткерлерінің қүрметіне арналған руна мәтіндері ең қүнды әдеби шығармалар ретінде жэне сол кезеңнің тарихын баяндайтын дерек ретінде жоғары бағаланады. Бірақ біртіндеп оңтүстік өлкелерді арабтардың жаулауы, ислам дінінің көшпелі ақсүйектер арасына терең тамыр жаюы нәтижесінде ежелгі түріктердің руна жазуы ығыстырылып, араб графикасы негізінде жаңа түрік жазбасы қалыптасқан.
Ортағасырлық мәдениеттің қаншалықты деңгейде дамығанды- ғына философ, ғалым энциклопедист, Отырардан (Фарабтан) шық- қан Әбу Насыр ибн Мүхаммед ибн Тархан ибн Узлак эл-Фараби ат-Түріктің (870—950) ғылыми еңбектері куэ. Немістің шығыста- нушысы Ф.Дитеритстен бастап Дж.Сартонға дейінгі мәдениет пен ғылымның көрнекті өкілдері, тарихшылар әл-Фарабиді кереметтеп, үлы түлға екендігін ерекше баяндайды. Ол астрономияны, логика- ны, музыка теориясын, математиканы, социология мен этиканы, медицина мен психологияны, философия мен қүқықты зерттеді. Оған "Муаллим ассана" — "екінші үстаз" деген атақ берілген. Бүл жерде "екінші" деген Аристотельден кейінгі дегенді білдіреді. Эл- Фараби шын мэнінде әлемдік дәрежедегі ғалым болды, ол өзініц шығармаларында араб, парсы, грек, үнді мәдениетімен түрік мэдениетініц жетістіктерін бір-біріне жақындастырып, біріктіре білді. Ол атақты "Китаб аль-музык аль-кабир" атты ецбегінде музыка мәселесіне ерекше мэн береді. Ол ғылымды, білімді жацғыртушы болды, бүл оныц "Ғылымды топтау туралы сөз" деген ецбегінде қамтылды.
Әл-Фараби саяси философия мен этикаға ерекше мэн берді, өйткені, солардыц арқасында шын мэніндегі бақытқа қол жеткізуге болады, бүл бақытты алдамшы бақыттан ажырата білу керек деген, Әл-Фараби жақсылық тілеуші қаланы надан, адасқан қалаға қарсы қояды, ақ ниетті адамдар үшін өтірік айту, алдап-арбау жэне астамшылық жат нәрсе деген. Рухтыц еркіндігі туралы Әл-Фараби шығармаларында өте анық жазылған. Фарабидіц қолжазбалары элемніц көптеген кітапханаларында сақталған. Әл-Фарабидіц осы ецбектері арқылы ортағасырлық ғылым қалыптасты, оныц ықпалымен Ибн Руштіц, Ибн Синаныц, Омар Хайямныц, Роджер Бэконныц, Леонардо да Винчидіц жэне өзге де ойшылдардыц дүниетанымы қалыптасты.
Дамыған орта ғасырлар кезеціндегі тағы бір ipi эдеби поэтикалық шығарма "Қүтадғу білік" немесе "Қайырымды білім" поэмасы болып табылады.
"Қүтадғу білік" ежелгі Түркістанның батысы мен шығысындабірдей IX ғасырдан бастап-ақ ықпалды, іргелі елдік қүрғанқарахандар әулетінің билігі дәуірлеп түрған заманда Жүсіп Xac-Хаджиб жазған. Ол X ғ. соңы мен XI ғ. алғашқы жылдарында қазіргіқазақ елінің жер ауқымына енетін ежелгі Баласағүн шэһарында туыпөскен. Жүсіп Баласағүн айтулы этикалық-философиялық еңбегін 54жасында жазған. Баласағүн қаласында бастаған бүл шығармасынҚашқарда аяқтап, Қарахандар мемлекетінің сол кездегі эмірі СатүқБоғра ханға тарту етеді.
"Қүтадғу білік" 6520 бәйттен түрады жэне 124 бэйттің қосымша-сы бар. Шығарманың жалпы көлемі 13 мың екі шумақтан қүралғанөлең. Поэманың 3 түрлі қолжазбасы сақталған: үйғыр жазуыменвенгерлік, сондай-ақ араб қарпімен жазылған каир мен намангандықнүсқалары. "Қайырымды білім" тек әдеп-мораль трактаты ғанаемес, терең философиялық шығарма, онда идеалдық қоғамныңнормаларын, бүл қоғамдағы эртүрлі тап өкілдерінің мінез-қүлықережелерін суреттейді. Білім — билеуші үшін де, халық үшін деигілікке қол жеткізудің бірден-бір қайнар көзі деген идея оныңмазмүнына арқау болған. Жүсіп Баласағүнның осы еңбегі арқылыҚарахандар дэуіріне барлау жасап, тарихи-этнографиялық қүндыпайымдаулар түйіндеп, пікір қорытуға болады. Шығармада елбасқарудың экономикалық, әлеуметтік-түрмыстық ахуалы, әскериісті үйымдастырудың, шаруашылықты, тағы басқа да мемлекеттіңэл-ауқатын жақсартудың ерекшеліктері суреткерлік-философиялықтілмен баяндалады. Еңбекте сол заманғы ғылым мен мәдениеттіңжетістіктері де аңғарылып отырады.
"Қүтты білік" атты даналық дастаны ғүлама атын күллі Түранеліне, Шығыс әлеміне танытты. Батыс пен Шығысты кең шарлапкеткен бүл әдеби жәдігер он ғасырдай мерзім өткенде өз атамекенінеоралды. 1986 жылы қазақ жерінде өз ана тілімізде алғаш рет жарықкөрді. Сол X—XII ғасырлардың өзінде-ақ Орта Азия, Қазақ еліаумағын мекендеген халықтардың мәдени даму биіктерінің біріболған философиялық поэманың даналық ойлары күні бүгінгедейін aca қүнды, өміршең. "Қүтты білік" — ежелгі түркі тіліндегіклассикалық поэзияның түңғыш шығармасы.
Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралышығарма авторы Махмуд Қашқари (1029—1101) еді, оның халифәл-Мухтадиге арнап 1072—1074 жж. жазған "Түркі тілдерініңсөздігі" («Диуани лүғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар.Онда тарихи-мәдени, этнографиялық жэне лингвистикалық мате-риалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. "Түркі тілдерінің сөз- дігі" — XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық қүндылықтары мен мінез-қүлық норма- ларын сипаттайтын түркі мэдениетінің ескерткіші, онда ата- бабаларымыздың бүрынғы мүралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология — исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған.
"Сөздік" қазіргі кезде А.Н.Кононовтың айтуы бойынша XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы бірден бір ақпарат көзі болып табылады: атап айтқанда, олардың материалдық мәдениеті, түрмыс- салты туралы, этнонимдер мен топонимдер, рулық бөлініс жөнінде, түрлі лауазым иелерінің атақтары мен атаулары, тағамдар мен сусындар атаулары туралы, мал шаруашылығы жөнінде, өсімдіктер мен дэндер туралы, астрономиялық терминдер, металдар мен ми- иералдар туралы, географиялық терминология мен номенклатура туралы, қалалар, аурулар мен дәрілер атаулары, тарихи жэне мифологиялық батырлар, діни жэне этникалық терминология туралы, балалардың ойыны мен ойын-сауықтар туралы жэне т.б.". Махмуд Қашқари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-түрмыс-салт жэне лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден aca мақалдар, мәтелдер жэне шешендік сөздер.
Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл жэне ақын Қожа Ахмет Яссауи ортагасырда өмір сүріп артында мол мүра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яссы (Түркістан) қаласымен тыгыз байланысты. Оның "Диуан-и хикмет" атты кітабы сақталган. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. "Диуан-и хикметте" исламның негізгі ережелері мен қагидалары баяндалады. Автор 4 үстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, магрифатты түсіндіруге ерекше мэн береді. "Шариат" — ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дэстүрі, "Тарихат" — суфизм идеясы, "Хакихат" — қүдайга қүлшылық ету, бірігу. "Магрифат" — дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, магрифатсыз хакихат жоқ. Ол "Хикметте" Алланың атын түріктер бүрын өзінің қүдайы санаган Тэңір атымен жиі алмастырып отырган. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму багытын бір арнага салуга күш жүмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бүқараның гасырлар бойы қалыптасып қалган сана-сезімінен, олардың үстанып келген Тэңірге табынушылық — шаманизммен,зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейінмүндай процесс "Түркі халқының мүсылмандығы" деген атауғаие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол эділдікті,рухани тазалықты жэне адамның рухани дамуын жетілдірудінасихаттады, ал мүндай игі қадам түркі халықтарының көңілінеқонды. Егер рухани күш болмаса, қүдайға шын көңілмен сенбесе,тіпті соған орай өзін-өзі қүрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес,— деген қағиданы үстанған Ахмет Яссауиөзінің барлық ғүмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелікжолға арнады.
Осылайша VI—XII ғасырларда кең толғамды, парасаттыпайымдаулары мол ғылыми мүралардың, ақындық өнердің үздікдара туындыларының дүниеге келуіне белгілі бір өркениеттіахуалдың қүнарлы топырағы, тарихи-әлеуметтік орта тынысымен қоғамдық-саяси жағдайлардың заңдылықтары, алғышарттарыболғаны күмәнсіз. Бүл классикалық шығармалар сол кездің өзіндебелгілі дәрежеде әдеби-мәдени дәстүрдің, көркемдік-эстетикалықтанымның қалыптасқан мектебінің болғандығын меңзейді.
Сөйтіп, VI—XII ғасырларда тарихи қалыптасқан жағдай —ғылымның дамуына, феодалдық негіздің нығайып, мемлекеттікқүрылымдардың шығуына, отырықшы-егіншілік мәдениет пенқалалардың өсуіне, этникалық шоғырланушылық процестердіңкүшеюіне экелді.
4-тақырып ҚАЗАҚСТАН МОНҒОЛДӘУІРІНДЕ (XIII ғ. басы — XVr. 1-ші жартысы)
тжшштшшшшшттттттттиштт'
Монголдардың Қазацстан аумагын жаулап алуы
Қазацстан Алтын Орда цүрамында
XIV-XVss. Қазацстан аумагындагы мемлекеттер
1. Монғолдардың Қазақстан аумағын жаулап алуы
XII ғ. аяғы мен XIII ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155—1227) билік еткен ipi көшпелі мемлекет қүрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл тайпаларын өз қол астына біріктірді. Егер бүрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастайды да, бүл термин жинақтаушы этникалық-саяси мэнге ие болады. Қытай деректерінде бүкіл Монғолияның халқы «татарлар» деп аталған, осы атау араб, парсы, орыс жэне батыс еуропалық деректерге ауысқан. Жалпы «татарлар» атауының шығыс-монғол- дық тайпалардың бір бөлігіне ғана қатысы бар. «Татар-монғолдар» жэне «монғол-татарлар» атауы кейін пайда болған.
XII—XIII ғғ. межесінде монғол қоғамында феодалдық қаты- настардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бүл қоғам екі топқа — ақсүйек нояндарға жэне еңбекші халық — араттарға бөлінді.
1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйекте- рінің қүрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан түсында Монғол империясының астанасы Қарақо- рым болды. Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік үйым негізінде қүрылды. Мемлекет аумағы үш әскери экімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», эр мыңдық — 10 «жүздіктен» түрады. Армия темірдей тэртібі жэне жоғары әскери дайындығымен ерекшеленді. Монғолдардың әскери басымдыққа жетуіне Шыңғыс ханның жауапты орындарға этникалық жэне әлеуметтік шығу тегіне қарамастан батыл да іскер адамдарды қоюы көп әсерін тигізді.
1207—1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисейқырғыздарын жэне Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын»бағындырды. Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында түрған үйғырлармонғолдарға бағынды. 1211 ж. Шыңғыс ханның қолы СолтүстікҚытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы Чжунду(Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэөзенінің солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін — Орта Азиямен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Еуропаны басыпалу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жерінекелгенімен үзақ түрақтай алмады. Бүл жылы монғол әскерінЖетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Қүбылай бастапкелген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен үлы Жошынықыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолататалқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарғақарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мүхаммедтіңқолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түндемонғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайтабасталды. Осы жылы қаңлы, найман жэне керей тайпаларыжайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бүл кезде Жетісудынаймандардың Күшлік ханы билеп түрған еді. Оған қарсы Шыңғысхан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді.Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде үстануғарүқсат етіп, Күшліктің мүсылмандарды қудалауына байланыстыхалықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісухалқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бүл өлкеде тонаушылықпен қырғынға тыйым салды. Көптеген елді мекендер, соныңішінде Баласағүн қаласы үрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдарБадахшанда үстап, өлтірді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейінмонғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды.Бүл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиғасылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасыменқүрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450адамнан түратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарғааттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар депкүдіктеніп, оларды өлтіруге бүйырады, керуен тоналады. Бүғаншамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшахМүхаммедтен Қайыр ханды үстап беруді талап етіп, елшілерінжібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады.
Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін үлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен үлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бүқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала түрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы үстап түрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас жэне т.б. қалалар түрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб жэне парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік қазақстандық Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.
Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бүқарды, Самарқанды алды, Хорезм жаулап алынды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.
Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан жэне Солтүстік Индия аумағына ауысты. Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бүл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ жэне орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219—1224 жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының қүрамына кірді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде үлан-байтақ аумақты алып жат- қан жаулап алған жерлерін бәйбішесі Бөртеден туған үлдарының санына қарай төрт үлысқа бөлді. Кіші үлы Төле Шыңғысханныңнегізгі жүртын — Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдыңтұракты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшіншіүлы Үгедейге Монғолияның батыс бөлігі, Жоңғария мен ШығысТүркістан аймағы қарады. Оның үлысының орталығы жоғарғыЕртіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханныңекінші үлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік АлтайданӘмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен Мэуераннахрды қамтыды.Шыңғысханның үлкен үлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарайтөменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақтықамтыды. Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш үлысыныңқүрамына: үлкен бөлігі — Жошы үлысының қүрамына, Оңтүстікжэне Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай үлысына, Жетісудыңсолтүстік-шығыс бөлігі — Үгедей үлысына кірді.
2. Қазақстан Алтын Орда құрамында
1227 жылы Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін 1235 жылыҚарақорымда монғол ақсүйектерінің қүрылтай жиналысындаШығыс Еуропаға жаңа жорық жасау туралы шешім қабылданды.Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый басқаратын болды.Шығыс Европаны бағындыруға аттанған Батый басқарған монғолармиясының көпшілік бөлігін қыпшақтар қүрады. Сондықтандеректерде оның әскері қыпшақтық деп аталған. 1236—1242 жж.Еділ Бүлғариясын, орыс княздіктерін бағындырып, Польшаны,Венгрияны, Чехияны, Молдовияны, Валахияны, Трансильванияныталқандап, Батый Еділдің сағасына қайта оралды да, мүнда жаңамонғол мемлекеті — Алтын Орданы қүрды. Бүл мемлекеттіңаумағы шығыста Ертіс өзенінен батыста Еділ мен Әмударияныңтөменгі сағасына дейінгі орасан зор жерлерді алып жатты. АлтынОрда Шығыс Дешті Қыпшақ, Хорезм жэне Батыс Сібір аумағыныңбір бөлігін қамтыды. Бастапқыда астанасы Астрахань маңындағыСарай-Батый қаласы болды, кейін астана Сарай-Берке қаласынаЕділ бойындағы жоғарырақ жерге көшірілді.
Алтын Орда көпүлтты мемлекеттік қүрылым еді. Ол эр алуанхалықтар мен тайпалардан қүралды. Монғолдардың өздері тіптіаз еді. XIV ғасырда монғолдар ic жүзінде түріктеніп кеткен еді, алАлтын Орданың халқы «татарлар» деп атала бастады. Сонымен,белгілі шығыстанушы JI. H. Гумилев атап көрсеткендей (Қиялпатшалығын іздеу. Алматы, 1992, 208-6.) «Жеңген монғолдар өздері қүрған мемлекетте азшылықта қалып, жеңілген жэне бағындырылған халықтар шын мәніндегі қуатты күшке айналып шыға келді. Ал тақта мығым отыруды қалаған басқарушылар бүл күшпен барған сайын жете санасуға тиісті болды».
Алтын Орда алғашқы кезде Монғол империясының бір бөлігі болды, сөйтіп, әуелгі кезде монғолдың үлы ханына қарайтын, бірақ Батый хан (1242—1256) өзін тәуелсіз билеуші ретінде үстады. 1260 ж. Монғол империясы тәуелсіз үлыстарға бөлінді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256—1266) түсында дербес мемлекетке айналды. Ол елді басқарған кезде Алтын Орда Монғол империясынан біржолата бөлінді. Одан кейінгі Мөңке-Темір хан (1266—1280) түсында Алтын Орда түңғыш рет өз атынан теңге қүя бастады. XIII ғасырдың 80- жылдары Алтын Ордада беклербек Ноғайдың есімімен байланысты дағдарыс басталды. Ноғай Шыңғысханның бір үрпағы ретінде Батый мен Берке кезінде мемлекеттегі екінші адам болды. Оның ниеті өзінің дербес мемлекетін қүру еді. Ол өзіне Дунай, Днестр, Днепр бойындағы елдерді бағындырып алды. Тоқты хан кезінде (1298— 1312) алауыздық өзара күреске үласып, 1300 жылы Ноғай жеңіліс тапты, содан кейін ғана Алтын Орданың бірлігі қайтадан қалпына келтірілді.
Өзбек ханның (1312—1342) жэне оның баласы Жәнібектің (1342—1357) түсында Алтын Орда барынша күшейді. 1312 жылы Өзбек хан исламды мемлекеттік дін етіп жариялады. Орыс княздықтары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, үлы ханның қолынан «князь» атағын алып, алым-салық төлеп түрды. Бірақ билеушілердің хан тағына таласып, өзара қырқысуының салдарынан Жәнібек хан қайтыс болғаннан кейін Алтын Орданың қүлдырауы басталды. 1357—1380 жылдары ондаған хан ауысады. Сөйтіп, бүл жылдар Алтын Орда тарихында «¥лы дүрбелең кезеңі» деп аталады. 1380 жылы Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамай Куликово даласында Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен жеңіледі. Жошының үрпағы Тоқтамыс хан Мамайдың әлсірегенін пайдаланып, Алтын Орда билігін тартып алады. Өз билігін әскери жеңістермен нығайту үшін ол 1382 жылы Мәскеуге жорық жасап, оны талқандап, өртейді. Ол сонымен қатар Мәуераннахр мен Кавказдың ap жағына бірқатар жорықтар жасайды. Тоқтамыстың кезінде (1380—1395) Алтын Орда уақытша күшейеді. Бірақ XIV ғ. соңында Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше рет жорық жасап (1389, 1391, 1395 жж.), оны ойрандап кетеді. Алтын Ордаға Темірмемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді. Осы соққыдан ол оңалаалмайды. XV ғ. орта кезінде Алтын Орда қүлайды. Ол Сібір хандығы,Ноғай Ордасы, Қазан хандығы, Қырым мен Астрахан хандықтарынабөлініп кетеді.
Алтын Ордада Жошы үлысының мемлекеттік қүрылысыныңнегізгі бастамасы сақталды. Жошы үрпағының мемлекеті саясиқүрылысы жағынан үлыстарға бөлінген, өз кезегінде үлыстарынеғүрлым ұсак үлес-иеліктерге бөлшектенген әдеттегі көшпелімемлекет болған еді. Алтын Орданың ішкі басқару жүйесінде қызметадамдарынан, әскери ақсүйектерден қүралған әкімшіл-чиновниктікаппараты маңызды орын алды. Армияны жэне мемлекеттің ішкіістерін басқару үшін ерекше лауазымдар белгіленді. Алтын Орданыңбилеушісі — хан ондағы барлық қарулы күштердің бас қолбасшысысаналды. Ханның атынан бүкіл әскери істі беклербек басқарды, алазаматтық биліктің басында уэзір түрды. Беклербек уәзірден дэрежежағынан жоғары түрды. Ол басқа мемлекеттермен дипломатиялыққатынастарды басқарды жэне азаматтық істерді шешкен кездежоғары сот билігін атқарды.
Алтын Ордада атқарушы орган—диуанның басында уэзір түрды.Атқарушы өкіметтің орталық органы — диуанның қарауындақаржы, салық жэне басқа ведомстволар болды. Диуанның хатшысыбітікші деп аталды. Уэзір мемлекетті азаматтық түрғыдан басқаруісінде ханның кеңесшісі болды. Мемлекеттік басқару жүйесіндедаруғалар мен басқақтар маңызды орын алды. Даруғалар негізіненсалық жинаумен айналысты, басқақтар басқару міндетін де атқараотырып, жергілікті халыққа әскери бақылауды жүзеге асырды. Оларсонымен қатар қалалар мен бағынышты үлыстардан алым-салық тажинады.
Монғол әскерлерінің басқыншылығы жаулап алған елдер үшінөзінің зардабы жағынан ауыр апат әкелді. Ол көптеген халықтардыңэкономикалық жэне мәдени прогресін, олардың саяси, әлеуметтікжэне этникалық дамуын тежеді. Монғолдардың шапқыншылығысалдарынан өндіргіш күштер әлсіреді. Көптеген қалалар қиратылып,ортағасырлық қала мәдениетіне үлкен зиян келтірілді. Әсіресе,Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өңіріндегі отырықшылық өмір менегіншілік мәдениетіне бүл ауыр соққы болып тиді. Бағындырылғанхалықтан алынатын алым-салық та ауыр жэне көп болды.Зерттеушілердің айтуынша салықтың 20 шақты түрі болған.
Дегенмен, монғол басқыншылығының апатты зардаптарыменбірге кейбір жағымды жақтары да болған. Монғол өкіметтері сауда-саттық пен халықаралық байланыстың дамуына жағдай жасады, жер-жердің бэрінде пошта жэне көлік қатынасы қызметін енгізді. Монғолдар бір орталыққа бағынатын өкімет идеясын әкеледі, бүрын үйымдаспаған тайпалардың басын қосады. Көшпелі өмір тэртібін Шыңғысханның заңдар жинағы — «Ясасына» сәйкес келтіре бастайды. Кейін «Ясаның» кейбір нормалары қазақ заңдарында белгілі дәрежеде пайдаланылады. Мемлекеттіліктің элеуметтік үйымы мен түрлерінің көптеген нормалары монғол дәуірінен кейін Қазақстанда пайда болған мемлекеттік қүрылымдарда пайдаланылды. Монғол жаулаушылығы Қазақстан жеріндегі этникалық процестер барысына да үлкен әсер етті.
3. XIV—XV ғғ. Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Монғол дәуірінен кейінгі кезең Шығыс Дешті-Қыпшақ, Жетісу жэне Оңтүстік Қазақстан халықтарының бірігуімен сипатталады. XIV—XVI гг. Қазақстанның бүл бөлігі Түркістан деп аталды. Осы кезеңнің бастапқы сатысында Дешті Қыпшақтағы, Орта Азиядағы (Мәуераннахр) Шыңғыс әулетінің иеліктерінде монғол дэуірінің ыдырау үрдісі жүріп, бірнеше мемлекеттер қүрылды: Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы.