Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет3/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Үйсін мемлекеті. Б.з.д. II — б.з. VI ғасырларда Қазақстан аумағында мекендеп мемлекеттік дәрежеге көтерілген көне тайпалық одақтардың бірі үйсіндер болып табылады. Үйсін — қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі түркі тайпаларының бірі. Ежелгі қытай жазбаларында үйсін атауы б.з.б. II ғасырдан бастап кездеседі. Жетісу үйсіндерінің шығу тегіне келетін болсақ кейбір ғалымдар үйсіндердің сақ заманындағы исседондармен туыс екенін дэлелдеп, оларды Тянь-Шань жэне Шығыс Түркістан тармағы деп бөледі. Белгілі антрополог 0. Смағүлүлының дәлелдеуінше үйсін антропологиялық типінің морфологиялық қүрылыстары нәсілдік жағынан сақ дэуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек, үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей үрпақтары деп түжырымдау орынды.

Белгілі қытайтанушы тарихшы-ғалым H. Мүқаметқанүлы: "Үйсін мемлекеті дегеніміз — үйсін тайпалар одағынан қүрылған Қазақстан аумағында б.з.д. II — б.з. VI ғасырларда өмір сүрген байырғы мемлекеттердің бірі. Байырғы үйсіндер, Үйсін мемлекеті бізге қытай жылнамаларының орысша аудармасы арқылы "Усунь" деген атпен белгілі болған. Үйсін мемлекеті жөнінде жазылған та- рихи деректер мол, қазылған археологиялық мүралар көп, зерттеу еңбектері де аз емес"... Аталмыш "Үйсін" деген этноним ең алғаш қытай тарихшысы Сы Мачянь (Сыма Цянь) жазған "Тарихнама — Ши цзы. Хүндар тарауында" хатталған",— деп көрсетеді.

Үйсін мемлекетінің негізгі аумағы қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі, Шу, Талас өңірі, Ыстықкөл аумағы жэне Қытайдың Іле аймағы болды. Шекаралары батысында Шу мен Талас өзені, шығысында Тянь-Шаньның шығыс атырауларына, солтүстігінде Балқаш көліне, оңтүстігінде Ыстықкөлге дейінгі аумақты алып жатты. Үйсін мемлекеті батысында қаңлылармен, шығысында ғүндармен, ал оңтүстігінде Ферғанамен шектесіп жатты. Қытай жазба деректері бойынша Үйсін мемлекетінің астанасы Чигу-Чэн (Қызыл аңғар) қаласы болған. Ол Ыстық көлдің жағасында орналасқан.

Ғүндардың күшеюінен қорыққан қытай үкіметі өзіне одақтас іздеп, батыс елдеріне елшілік жіберді. Қытай елшісі келген кезде үйсіндер Қытаймен жэне ғүндармен терезесі тең қуатты мемлекет болды.

Үйсіндер мен Үйсін мемлекеті жайлы жазылған қытай дерек- теріндегі мэліметтерге қарағанда — үйсіндердің 120 мың түтіні, 630 мың адамы, 188 мың 800 әскері болған. Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі гуньмо (күнби) деп аталған. Үйсін елі қүрылғаннан бастап, оның бүкіл елді басқаратын үкіметтік үйымы болды. Әлеуметтік қатынастар заңдар арқылы реттелді, күшті, үйымдасқан әскері бо­лып, қытайлар үшін «Батыс өлкедегі ең күшті мемлекет» саналды.

Үйсін қоғамы біртекті болмаған, онда байлары — тайпа мен py дәулеттілері, жасауылдар мен абыздар жэне қатардағы бүқара — малшылар мен егіншілер болған. Үйсіндер қоғамында қүлдар да болған, олар негізінен соғыс түтқындарынан қүралды жэне үй шаруашылығында пайдаланылды.

Үйсін қоғамында мүліктік жэне әлеуметтік теңсіздік, малға жеке меншік болды. Әрбір отбасы өздерінің малын ажырататын өз таңбаларын салды. Жер иеленуге де жеке меншік болғанын жаз- ба деректер мәлімдейді. Үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғанына археологиялық қазбалар дәлел. Жетісудың көптеген қорғандарының көлемі эртүрлі — үлкен, орташа жэне шағын болып келеді.

Үйсіндердің шаруашылығы мен мэдениеті жайындағы деректер археологиялық қазбалардан анықталып отыр. Қытай жазбаларында үйсіндерді көшпелілер ретінде сипаттайды. Б.з.б. 105 жылы үйсін күнбиіне үзатылған Қытай императорының қызы киізбен қаптаған дөңгелек үйде түратынын, ет, сүтпен қоректенетінін айтып, өлеңмен зарлы хат жазған. Үйсіндердің негізгі шаруашылығы — мал шаруашылығы. Әсіресе, жылқы мен қой өсіру жақсы дамыды. Кейбір байлардың 4—5 мың жылқысы болған. Сонымен қатар егіншілік те дамыған, бау-бақша өсірілген, кейбір қожалықтар жартылай отырықшылық тіршілікке көшті. Іле, Шу, Талас өзендері алқабынан суландыру жүйесінің іздері анықталды. Обалардан табылған мәде- ни мүралар қолөнер кәсібінің болғандығын да дәлелдейді.

Қарғалы үңгірінен табылған диадема (бас киім) б.з.д. II—I ғғ. өмір сүрген үйсіндік зергер-үстаның тамаша туындысы. Бүл үзындығы 35 см., ені 5 см. диадемада аңдар, жануарлар, адамдар бейнеленген. Ол суреттер үйсіндердің наным-сенімдерін білдіреді. Мысалы, ондағы пырақты аттар күннің символы болып табылады.

Үйсін шеберлері алтын әшекей бүйымдарды зерлеу тэсілімен жа- сады. Археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған осын- дай жэне басқа да қолөнер заттары мен бүйымдары үйсін өнерінің жоғары даму деңгейін көрсетеді.

Үйсін мемлекетінің Үлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғүн, қаңлы, үйғыр, қыр- ғыз жэне т.б.) саяси, экономикалық жэне мәдени байланыстарды да- мытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғүндар- мен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғүндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мэжбүр етті. Қытайлар ғүндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай им­ператоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық жэне туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен қүдаласып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бүл қүдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғүндар да үйсіндермен қүдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын бе- pin отырған. Үйсін мемлекеті біртүтас ел ретінде б.з. VI ғасыры- ның ортасына дейін өмір сүріп, одан соң Түрік қағанатының қүрамына енеді.

Қаңлылар — қазақ халқының негізін қүраған ежелгі тайпалар- дың бірі. Олар туралы деректерді негізінен қытай жазбаларынан аламыз. Шығыстанушы H. Аристов «қаңлылар — ежелгі түркі руы» деп көрсетеді. В.Востров олардың ежелгі тайпа жэне түркі тілдес екенін нақтылап берді. A.M. Бернштамның пікірінше де қаңлылар түрік тілді халық болған.

Қаңлы мемлекеті (б.з.д. II ғ.— б.з. V ғ.) — Оңтүстік Қазақстанда қүрылған алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің бірі. Қытай де- ректері бойынша астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлының билеушісіне 5 иелік бағынышты болды. Кангюй мемлекеті мен оның иеліктерінің орналасу мэселелерінің тарихы И.Бичуриннен басталады, ол оның орналасқан жерін Сырдария өзенінің солтүстік жағындағы далалар деп белгілеген. «Шицзи» мэтініне «Давань ту­ралы хикаяда» берген түсініктемесінде ол «Кангюй иелігі қазіргі қазақтың Үлы жүзі мен Орта жүзі көшіп жүрген Сырдарияның солтүстік жағындағы далаларды алып жатыр» деп атап өткен. «Шицзиде» кангюйдің орналасуы туралы былай делінген: «Кангюй

Даванның солтүстік-батысында шамамен алғанда 2000 ли жерде жатыр. Бүл — әдетте 20 000 әскері бар юечжиліктерге үқсайтын көшпелі иелік. Кангюй Даваньмен шектес жэне күшінің аз болуы- на қарай оңтүстікте юечжилердің билігін, шығысында ғүндардың билігін таниды».

Б.з.д. II—I ғғ. қаңлылар батыс өңірдегі белді мемлекеттердің бірі болды. Үлкен Хань әулетінің келесі хроникасы «Цянь Ханьшудың» «жерге орналасуды суреттеу» деген тарауында кангюйге арналған бөлім бар, онда сөзбе-сөз келтіргенде былай делінген: «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12 300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Ол наместникке тэуелді емес. Әміршінің жаз- да болатын жеріне Лоюеннен жеті күнде жетуге болады... Халқы 120 000 отбасынан, 600 000 адамнан түрады; әскер саны 120 000 адам. Әдет-ғүрпы үлкен юечжимен бірдей. Кангюй шығыс жағында ғүндарға бағынады...». Осы ғасырдың ортасына қарай олардың орна- ласу мәселелері жөнінде негізінен екі көзқарас: 1. Кангюйлер Таш­кент жазирасынан Хорезмге дейінгі қос өзен арасындағы кең-байтақ жерді алып жатты; 2. Кангюй иелігі Сырдария өзенінің сағасынан Ташкентке дейінгі алқапта шоғырланған, ал байырғы жерлері Ca- рысу өзенінің орта ағысынан сол өзен мен Шу өзенінде, Ұлытауға дейін орналасқан деген көзқарастар қалыптасты.

Алайда кангюйлердің байырғы жерлері Сырдарияның орта ағысы бойындағы жерлер болған. А.Н.Бернштамның пікірі бойын­ша, неғүрлым ертедегі тарихи ескерткіштер — Авестада, Махаб- харатада, Пехлевилердің бундахишні мен эпикалық Шахнамада аңызға айналдырылған Кангха нақ осында орналасқан. Ол ежелгі түріктердің руналық ескерткіштерінің Кенгутарбант елін де осын­да орналасқан деп көрсетуді үсынған еді. Кейіннен бүл көзқарасты Қазақстан зерттеушілері мен ежелгі Орта Азня тарнхының саласындағы басқа да мамандар негізге алды. С.Г. Кляшторный мен Л.М. Левинаның еңбектері кангюйлердің орналасу мәселелерін зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. Біріншісі кангюйлер тура­лы жазбаша деректердегі хабарларды қорытып, кангюй жерлерінің орналасуы жөніндегі негізгі пікірлерге сын көзбен талдау жасады. Л.МЛевина сол кезге қарай жинақталған археологиялық деректерді жүйеге келтіру мен қорытуда көп еңбек етті. Ол кангюйлер заманындағы Сырдария алқабының негізгі үш мәдениетін снпаттап, оларды кезеңдерге бөлуді үсынды. Жан-жақты талдау негізінде ав­тор өзі қарастырған жетіасар, отырар-қаратау, қауыншы мәдениеті кангюй мемлекеті түрғындары мэденнетінің нүсқалары болып та- былады деген қорытындыға келді.

Сонымен, Кангюйлер Сырдария өзенінің орта ағысының сол- түстік жағын мекендеген жэне Кангха мемлекетінің үйтқысы бол- ған тайпалар одағы деп айтуға болады.

Егер б. з. б. II ғасырдың екінші жартысында қытай елшісі Чжан- Цянь Кангюй жерлерінің оңтүстігінде юечжиге, ал солтүстігінде ғүндарға тәуелді екенін айтса, біздің заманымыздағы I ғасырда мүндағы жағдай өзгереді. Егер Чжан-Цянь юечжи эскерін 100—200 мың, ал кангюй әскерін 90 мың деп хабарлаған болса, Цанб-Хань- Шу енді кангюй әскерін 120 мың, юечжи әскерін 100 мың дейді.

Бүл кезеңде Орта Азиядағы қос өзен аралығында юечжилердің негізгі бөлігінің оңтүстікке, сол жағалаудағы Бактрияға ығысуы, жерге отырықшылық орын алып, жеке-жеке бес иелікке бөлінгенін, мүның өзі кангюймен салыстырғанда олардың әлсіреуіне экеп соқпай қоймағанын, ал кангюйлердің алдынан оңтүстік пен батысқа басқыншылық жорық жасау үшін мүмкіндік ашылғанын атап өткен жөн. Сол кезде б. з. б. II ғасырдың аяғы — I ғасырдың басы, сірә, кангюйдің жоғарыда аталған тәуелді бес иелігі пайда болса керек.

Б.з.д. I ғасырдың екінші жартысында Чжичжи шаньюй бастаған ғүндар Оңтүстік-шығыс Қазақстан жеріне алғаш рет көшіп келе бастады. Осындай жағдайда Қаңлы мемлекеті Чжичжимен одақ қүрып, оны үйсіндерге қарсы пайдаланбақ болды. Қаңлы билеушісі Чжичжиді Талас алқабына шақырып, оған өзінің атты әскеріне қолбасшылық ету қүқын берді. Бірақ, қаңлылардың үміті ақталмады. Чжичжи үйсіндерді бағындыра алмады. Енді ғүндар мен қаңлылар арасында қайшылық туды. Чжичжи қаңлы билеушісінің қосынынан қуылып, Таластың жоғарғы жағына кетеді, сол жақтан өзіне қала түрғызады. Шаньюй қүрлысқа қаржыны Ферғана мен Парфия билеушілерінен алым ретінде алып отырды, сірә, ол қүрылысшы- шеберлерді де сол жақтан шақырып алса керек. Екі жыл бойы салынған қала мықты бекітілді, ол екі қорғанмен қоршалды, оның сыртқысы ағаш, ал ішкісі мүнаралары бар қамкесектен түрғызылған дуалдан болатын.

Чжичжидің күшеюі, үйсіндерге шапқыншылығы Қытай импери- ясын мазалады. Көп кешікпей қытай әскері жорыққа шықты. Ол ¥лы Жібек жолын бойлай екі бағытта жүрді. Үш отряд Қашғар, Ферғана арқылы, Шатқал жотасындағы Шанаш жэне Талас жотасындағы Қарабура асулары арқылы оңтүстік жолмен, үш отряд солтүстік жолмен — Шығыс Түркістаннан, сірә, усундердің Чигучэн ордасы орналасқан Ыстықкөл қазан шүңқырындағы Бедел асуы арқылы өткен болар, содан соң Шу аңғарымен Таласқа беттеді. Әскерлер

Чжичжи қаласы қорғанының жанында қосылды. Шаньюйдің өзі қоршауға дайындалған еді, ол өз әскерлерін қабырғаларды бой- лай орналастырды, ал қала қақпаларының екі жағына «балық қабыршағы» сияқты етіп әдеттен тыс сап түзеген жаяу жауын­герлер отрядын қойды. Алайда, қаһармандықпен қорғанғанына қарамастан, қытайлар сыртқа ағаш қорғанды өртеп, топырақ дуал- ды опырып жіберді, қоршаудағылардың қарсылығын басып, қалаға басып кірді де қамалды басып алды. Чжичжи мен оның төңірегіндегі жақындары көптеген туыстарымен, балаларымен, әйелдерімен жэне атақты князьдарымен бірге 1518 адам түтқынға алынды. Олардың бэрінің басы шабылды. Бір мың екі жүздей жауынгері Усун мен Ферғананың вассалдық князьдарына сыйға тартылды.

Қытай-кангюй қатынастарының басқа бір жағы Шығыс Түркістандағы оқиғаларға байланысты. Біздің заманымыздағы 78- жылы Бань Чжао басқарған қытай армиясы Шығыс Түркістан жа- зирасына үстемдігін орнатады. Алғашқыда кангюйлер император наместнигіне одақтас болады да, көп кешікпей өзінің көзқарасын өзгертіп, біздің заманымыздың 85-жылы Бань Чжаоға қарсы көтерілген Суле (Қашғар) билеушісіне көмекке әскер жібереді.

Қаңлы тайпаларының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болған. Олардың бір бөлігі егіншілік жэне бау-бақша өсірумен айналысқан. Қолөнер едәуір дамыды. Олар ¥лы Жібек жолы арқылы көп елдермен сауда жасасқан, халықаралық саудаға қатысқанын археологиялық жүмыстар кезінде өзге елдерде жасалған заттардың табылуы дәлелдейді. Сол заманға сай қалалары да болды. Қаңлылар өрмекпен жүн мата тоқыған, алуан түрлі қыш ыдыстар істеген. Қоладан жэне темірден қүрал-саймандар мен қару-жарақтар жасаған. Зергерлік бүйымдар мен әшекейлерді алтын, күміс жэне қоладан жасады. Ерте замандағы қаңлылардың жазу мәдениеті болған. Қаңлылар негізінен ата-аналарының аруағына, ал бір бөлігі отқа, айға, күнге табынған.

Қаңлы ескерткіштерінің жарқын көріністерін қауыншы, оты- рар-қаратау, жетіасар мэдениеттерінен көруге болады. Олар Сырда­рия сағасынан Ферғанаға дейінгі өңірге тараған. Қауыншы мәдениеті Ташкент аймағын қамтиды. 1958—1963 жж. А.Г.Максимова жетекшілік еткен Шардара археологиялық экспедициясы Оңтү- стік Қазақстаннан қауыншы мәдениетіне жататын бірқатар ескерткіштер ашты. Оның біршама толық зерттелгені Шардараға таяу, Сырдарияның оң жағалауындағы Ақтөбе қонысы. Отырар алқабында Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіштер көп шоғырланған. Арыс өзенінің сол жағалауында аумағы эртүрлі Пүшық-Мардан, Қостөбе, Шаштөбе, Сейітман төбе, Ақайтөбе, Шалтөбе сияқты жиырма шақты қалашықтар бар. Олардың ең үлкені — Көкмардан. Бүлардың көбін 1969—70 ж. КАқышев жетекшілік еткен Отырар археологиялық экспедициясы тапқан. Жетіасар мәде- ниеті Қуаңдария мен Жаңадария аңғарын қамтиды. Бүл кездегі қала орындары біртектес. Қалалар мен обалардан Жетіасар мәдениетіне жататын түрлі бүйымдар табылды. Археологиялық қазбалар бары- сында табылған әшекей бүйымдар, шаруашылық заттар қаңлылар- дың егіншілікпен, мал шаруашылығымен, қолөнер кәсібімен, cay- дамен айналысқанын жэне өз түсындағы Қытай, Парфия, Рим жэне Кушан империясы сияқты ipi мемлекеттермен саяси, экономикалық, мэдени байланыста болғанын дәлелдейді.

III—V ғғ. қытай деректері бойынша кангюйлер өзінің Орта Азиядағы қос өзен аралығындағы, Арал өңіріндегі иеліктеріне үстемдік етуінен айырылып, бірқатар тэуелсіз иеліктерге бөлініп кетеді. V ғасырда ол император сарайына елшілік жіберген елдер тізімінде ғана белгілі. Сірә, бүл кезге қарай кангюйлер орнында пай­да болған үсақ иеліктер эфталиттер мемлекетіне тэуелді болса ке­рек. Біздің заманымыздағы 1 мыңжылдықтың орта шенінен бастап ортаңғы жэне төменгі Сырдария ауданындағы этникалық-саяси жағдай өзгерді. Оған түркі тілдес тайпалар басып кірді.

З-тақырып OPTA ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН (VI—XII гғ.)

тшшшшшшшшшшшттшмшшш'

  • Epme ортагасырлыц мемлекеттер (VI—Хгг.)

  • Дамыган opma гасырлар мемлекеттері (Х—ХІІ гг.)

  • Opma гасырдагы мемлекеттердің экономикасы мен мәденаеті

1. Ерте ортағасырлық мемлекеттер (VI—X ғғ.)

VI ғасырдың басында бүгінгі қазақ жерінде aca күрделі бет- бүрыстар орын алды. Алтай, Сібір, Монғолия жерінде түрік тайпа- ларының үстем тап өкілдері бірігіп, күшті әскер күшіне сүйенген Түрік қағанаты атты феодалдық мемлекет қүрылды.

Түрік қағанатының жері Солтүстік Моңғолиядан бастап Шығыс Еуропаға дейінгі өңірге дейін созылып, қоныс өрісі Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетеді. Қазақстан да осы қағандықтың қүрамына кірді. Бүл мемлекет туралы жазба деректер Түрік империясының өз тілінде VII—VIII ғасырларда жазылған Орхон- Енисей жазбалары арқылы белгілі. Бүл ескерткіштер түркілер ме­кендеген Еннсей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Op- хон өзені маңайынан табылғандықтан "Орхон-Енисей" жазуы деп аталып кеткен. Ескерткіштер — VII—VIII ғасырлардағы түркі py- тайпаларының іргелі елі Түрік қағандығының түсында Білге қаған, Күлтегін (әскер басы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап түрғызылған қүлпытастағы жазулар.

Алғаш рет түрік атауы 542 жылы қытай жазбаларында кездеседі. Түрік атауы моңғолша тау сияқты дулыға дегенді білдіреді, кей- де, түрік атауы ақсүйектер деген мағынада да қолданылады. Ал қытайлар түріктерді сюннулердің (ғүндардың) үрпақтары деп санаған.

Түріктер 546 жылы Алтайды мекендеген теле /тирек/ тайпасын жеңіп, олардың 50 мыңнан астам әскерін түтқынға алып, өз ap- миясына қосып алды. 552 жылы көктемде түріктердің билеушісі Бумын өздерінің билеушісі аварларға (жуань-жуаньдарға) қарсы шығып, оларды ойсырата жеңіп, Түрік қағанатын қүрады. Түрік ордасының алғашқы қағаны Бумын болды. Бумын қаған 553 ж. қаза табады. Оның мүрагері Мүқан-қаған (553—572 жж.) билік қүрған жылдарда Түрік қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие бол­ды. Олар маньчжуриядағы кидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырып, Солтүстік Қытай мемлекетінен алым-салық алып түрды.

Бір тілде сөйлеген түркі халқының қүрамында оғыз, қарлүқ, қырғыз, түргеш, үйғыр, қыпшақ сияқты т.б. 30-дан астамру-тайпалар біріккен. Бүл тайпалар шығыстан батысқа қарай жылжып, қазіргі қазақ жеріндегі үйсін, қаңлы тайпаларымен бірігіп, оларды өздеріне сіңіріп жіберген.

Түріктер әуелгіде Орта Азияны өзіне бағындыруда Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі жер- лерге ие эфталиттерге қарсы Иранмен одақ қүрып, 587 ж. Бүхара түбінде оларды жеңеді. Тохаристан облысы Иран қарауына өтіп, Батыс түрік қағанаты мен Иранның саяси ықпал жасау аймағының шекарасы Амудария бойымен өтеді.

Түріктер Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Жерорта теңізіне баратын Жібек жолына иелік ету жорықтарын бастап Иранға қарсы Византиямен одақтасты. 571 жылы түріктердің әскери қолбасшысы Естеми Солтүстік Кавказды басып алып, Керчь шығанағына (Боспорға) шығып, 576 жылы Қырым жеріне енеді. Бірақ Естеми өлгеннен кейін, қағанат ішінде билік үшін қырқыс басталды. Өзара қырқыс пен әлеуметтік қайшылықтар қағанатты қатты әлсіретіп, 588 жылы Герат түбінде түріктер Ираннан жеңіліс тапса, 590 жылы Ви­зантия Боспорды қайта жаулап алады. 581—618 жылдары Солтүстік Қытайдың қағанат шекараларына шабуыл жасауы қағанатты одан бетер әлсірете түсіп, Түрік қағанатындағы саяси күйзеліс ақырында 603 ж. қағанаттың екіге — Шығыс жэне Батыс қағанаттарына бөлінуімен аяқталады.

Батыс түрік қағанатының астанасы Жетісу жеріндегі Суяб қаласында (қазіргі Тоқмақ қаласына жақын жерде), ал жазғы орталығы Мыңбүлақта (Түркістан төңірегі) болды. Батыс түрік қағанаты ежелгі үйсін жерін жайлап, Қаратаудың шығыс баурайы- нан Жоңғарияға дейінгі жерді өздеріне қаратты. Сонымен қатар ол Шығыс түрік қағанатының Шығыс Түркістан жэне Орта Азияның Самарқанд, Бүқара тағы басқа қалаларын басып алды. Осы қалаларда қағанның орынбасарлары отырды.

Батыс түрік мемлекетінің бірінші басшысы — қаған жоғарғы билеуші, бүкіл жердің иесі болды. Жоғарғы лауазымдар — жабғы, шад жэне елтебер қаған әулетінен шыққандарға берілді. Сот қызметтерін бүйрықтар мен тархандар атқарды. Негізгі еңбекші халық — "қара бүдын" (қара халық) деп аталды. Жегуй қаған (610— 618 жж.) мен оның інісі — Түн-жабғы қаған (618—630 жж.) билеген кезде қағанаттың күш-қуаты арта түсті. Тохарстан мен Ауғанстанға жасаған жаңа жорықтар мемлекет шекарасын Үндістанның солтүстік-батысына дейін кеңейтеді. Батыс түрік қағанаты мал жэне егін шаруашылығымен шүғылданды. Қалаларда сауда-саттық кеңінен өрістеді.

VII ғасырдың ортасына қарай он алты жылға (640—657) созылған қағанат ішіндегі өзара тартыс, тайпалар арасындағы соғыс қағанатты әлсіретеді. Осыны пайдаланған Таң империясы Жетісуды басып алып, онда таққа өз адамын отырғызады. Түріктер мен Таң империясы арасындағы үздіксіз соғыстардың нәтижесінде түргештер күшейіп, VIII ғасырдың басында Жетісудағы билікті өз қолдарына алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет