Түргеш қағанаты 704—756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың аумағы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақ- тарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс ay- дарып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының қүрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық қүрамы негізінен сары жэне қара түргеш тайпаларынан түрды. Жазба деректердің көрсетуі бойынша олар Шу, Талас, Іле бойларында өмір сүрген. Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, ба- сты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының қүрамында болған басқа да түрік тілдес тайпалар да түргештердің қүрамына енген. Саяси экімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 экімшілік аймақтарға бөліп, эр аймақта 7 мыңнан әскер үстады.
706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706—711 жж.) отырды. Сақал қаған түсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшінсары жэне қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сүлу-қаған (715—738 ж.ж.) билікке келеді. Оның түсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сүлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағыарабтарға қарсы жүмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылытүргештер Ферғана қарлүқтарымен жэне Шаш түрғындарыменбірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақ та арабтар 732 жылытүргештерді ығыстырып, Бүхара қаласын басып алады. 737 жылыСүлу қаған арабтарға қарсы жорық үйымдастырып Тохарыстанғадейін жетті, бірақ көп үзамай жеңіліп, қайтар жолында өзініңқолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сүлудың орны-на оның баласы Түқарсан Қүтшар қаған болды. Оның түсындақағанат ішінде сары жэне қара түргештер арасында билік үшін 20жылға созылған үзақ күрес басталып, қағандықтың саяси жэнеэкономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.
Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлүқ тайпаларыкөшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлүқтарға лайықтықарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытайимпериясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суябқаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісінжазаға тартады. Оның баласы көмек сүрап, арабтарға барады. 751 ж.Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастағанараб әскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлүқтарарабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске үшырады.Қытай әскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастапөз иеліктеріне кетуге мэжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Таласөңірінде түрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастаніштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж.қарлүқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола қүлайды. Осы-дан кейін бүрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет:Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты,Сырдың орта жэне төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті,Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақмемлекеті, Жетісу жерінде Қарлүқ мемлекеті пайда болды.
Қарлүк қағанаты (756—940 ж.ж.). Қарлүқтар туралы алғашқыдеректер V ғасырда олардың тирек тайпаларының қүрамындаболғандығын айтады. Қарлүқ туралы алғашқы дерек "суй әуле-тінің тарихында" 581—618 жылдары кездеседі. Онда қарлүқтарөздерінің басты руының атымен бүлақ (було) деп аталған. Қарлүқтайпаларының әуелгі орналасқан аймағы — Батыс Алтай менТарбағатай арасындағы өлке.
VII ғ. орта кезінде қарлүқ бірлестігінің қүрамына ipi-ipi үштайпа — бүлақ, шігіл жэне ташлық кірген. Әмудариядан бастап
Қытайға дейінгі түріктердің барлығын шігіл деп атаған. Олардың біразы Таласқа жақын жерде Шігіл деп аталатын қалада түрған. Шу аңғарында түрған қарлүқ қоныстарының орталығы — Баласағүн қаласы. Қарлүқтардың біраз тобы X ғасырда Іле аңғарында, Ыстықкөл мен Балқаш көлдерінің аралығында көшіп-қонып жүрген. Қарлүқтардың көсемдерін "жабғу" деп атаған. Олардың астанасы Қойлық қаласы болды. ғасырдың аяғында қарлүқтардың жағдайы біршама нашарла- ды. Себебі, Орта Азиядан саманидтер әулеті мен арабтардың ша- буылы жиілейді. Сөйтіп, саманидтер мен қарлүқ қағандығының арасында Оңтүстік Қазақстан жері үшін үзақ жылдарға созылған күрес басталды. 893 жылы Тараз қаласына Саманидтердің тегеурінді шапқыншылығы жасалды. Саманидтер Испиджаб, Тараз қалаларына өз ықпалын күшейтіп, мүсылман дінін енгізе ба- стады. X ғасырдың басында Қарлүқ қағанатының жағдайы ішкі қырқыс, талас-тартыстардың нәтижесінде әлсіреді. Осы жағдайды пайдаланған Қашғар жеріндегі түрік тілдес тайпалар 940 жылы Баласағүн, Испиджаб қалаларын басып алады да, Қарлүқ мемлекеті қүлап, Шу аңғарында Қарахандар әулетінің үстемдігі орнайды.
Оғыз мемлекеті (X—XI ғғ.). Қарлүқ қағанатының солтүстік- батыс жағында, Сырдарияның орта жэне төменгі бойында, оған жалғасып жатқан Батыс Қазақстан далаларында IX—X ғасырларда Оғыз тайпаларының ежелгі феодалдық мемлекеті қалыптасты. Әйгілі М.Қашқаридің сөздігі "Диуани-лүғат-ат-түрік" бойынша Оңтүстік Қазақстанның жерінде, әсіресе Ыстықкөл мен Шудың орта бойында қырғыз, қыпшақ, оғыз, иағма, чігіл, имек сияқты түрік тілдес тайпалардың қатар өмір сүргендігі белгілі. Осыған қарағанда оғыздардың алғашқы отаны Жетісу болғандығына күмэн жоқ. Алай- да VIII ғ. екінші жартысынан бастап қарлүқ тайпаларының күшеюіне байланысты оғыздар Сырдарияның орта жэне төменгі бойына aya бастаған. Сөйтіп IX ғ. аяғында осы аймақта оғыз тайпаларының бірлескен одағының нәтижесінде патриархалды-феодалдық мемлекет қүрылады. M. Қашқари оғыз елінің 22, кейбір деректерде 24 тайпаға бөлінгенін жазады. ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы — Янгикент немесе «Жаңа гузия» деп аталатын қаласы болған. Оғыз мемлекеті өзінің саяси жэне элеуметтік қүрылысы жағынан көне феодалдық мемлекет болды. "Жабғу" атағы бар жоғарғы билеуші Оғыз мемлекетінің басшысы болып саналды. Оғыз жабғыларының орынбасарларын күл-еркін деп атаған. Жабғы мемлекетінде оғыз әскерлерінің бас қолбасшысы "сюбашы" деп аталды. X ғ. аяғы мен XI ғ. бас кезіндеОғыз жабғысының мемлекетінде алым-салықты тиянақты түрдежинап отыру жүйесі қалыптасқан, бүл жағдай мемлекетте түрақтыбасқару аппаратының қүрылғандығын көрсетеді.
X ғ. аяғында орыс деректерінде оғыздардың 965 ж. Киев князіСвятославпен одақтасып хазарларды жэне князь Владимир 985 ж.оғыздарымен келісе отырып, Еділ, Кама бойындағы бүлғарлардыталқандағаны туралы айтылады. Оғыздардың жер үшін жүргізгенүрыстарының көп жағдайда сәтті болуы, олардың саяси беделін декөтере түскен. Алайда, үзақ жылдарға созылған соғыс, халықтан көпмөлшерде алынған алым-салық оғыз тайпаларының эр жерде баскөтерген наразылықтарын туғызады. Осы кезде Жент қаласыныңмаңына келіп қоныстанған селжүқтар көсемі Жент қаласындағыоғыз билеушілеріне қарсы көтерілісті бастап, қаланы басып алады.Деректерге қарағанда селжүқтар көп үзамай қаланы тастап шыққан.Осы кезде ел басына Әлиханның мүрагері Шахмэлік келіп, мемлекетедәуір күшейіп, 1041 жылы Хорезмді жаулап алады. Бірақ Шахмэліккөп үзамай оғыздарға қарсы қайта көтерілген селжүқтардыңқолынан Хорезм түбінде қаза табады. Селжүқтармен жүргізілгенкөп жылғы соғыстар оғыз мемлекетін қатты әлсіретті. Сөйтіп, XIғ. екінші жартысында күшейе бастаған қыпшақтар оғыздардыСырдария, Арал бойынан біржола ығыстырады. Оғыздардың бірбөлігі Европаның Шығысына, Кіші Азияға қарай жылжыса, кейбірбөліктері Қарахан әулетінің қарамағында қалды, біраз бөлігі Хорасан селжүқтарының қол астына кірсе, қалғандары қыпшақтардыңқүрамында қалып, олармен сіңісіп кетті. Оғыз тайпалары қазақ,қырғыз, татар, башқүрт, түрікмен, өзбек, қарақалпақ халықтарынқалыптастырушы түріктердің бірі болды.
2. Дамыған орта ғасырлар мемлекеттері (X—XII ғғ.)
Қарахан мемлекеті. X ғасырдың орта кезінде Оңтүстік ШығысҚазақстан мен Шығыс Түркістан жерінде Қарахан мемлекеті пайда болды. Орталығы — Баласағүн қаласы. Кейіннен мемлекеттіңбатыстағы шекарасы Орта Азияның көптеген жерін қамтиды.
Жазба деректерге қарағанда Қарахан мемлекетінің қүрылуы мендаму тарихында басты рөлді Қарлүқ конфедерациясының тайпалары атқарды, бүл конфедерацияға қарлүқтармен бірге шігіл жэнеягма, оғыз, қаңлы сияқты т.б. түрік тілдес тайпалар кірген. Қараханмемлекетінде шігіл мен ягма тайпалары негізгі рөл атқарған. Өкімет басындағы билеушілер осы тайпалардан алма-кезек ауысып түрған. X ғ. ягманың бір бөлігі қарлүқтармен бірге Жетісуды, Нарынның түскейін мекендейтін. Кейінірек, XI ғ. ягмалар қиян теріскейде, Іле алқабында да түрады. Ыстық көлдің Солтүстік жағынан көшіп келген шігілдер де осы алқапқа тарап кеткен еді. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатүқ Бограхан (915—955 жж.), қарлүқ қағаны Білге Қадыр ханның немересі. Сатүқ Бограхан саманилердің қолдауына сүйеніп, өз ағасы Оғылшаққа қарсы шығады да, Қашғар мен Таразды өзіне қаратады. 942 ж. Сатүқ Баласағүн билеушісін қүлатып, өзін жоғарғы қағанмын деп жариялайды. Осы кезден бастап, Қарахандар мемлекетінің тарихы басталады.
Қарахан сөзі X ғ. аяғынан бастап, олардың Орта Азияны жау- лап ала бастаған кезінен мүсылман деректерінде пайда болған. Ал, Қарахан мемлекеті деген атау X—XI ғасырда тарихшылардың зерттеулерінде шартты түрде қабылданған.
Сатүқ өлгеннен соң билік оның баласы Мүсаға көшті, ол 960 жылы қағанаттың мемлекеттік діні ислам деп жариялады. Қарахан мемлекетінің астанасы — Қашғар қаласы болды. Сатүқтың екінші баласы Сүлеймен — ілек Баласағүнды иеленді. Кейін бүл өңірді оның баласы Хасан Боғра хан мүра етіп алды. Мүса өлгеннен соң жоғары қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. Оның енші жерінің орталығы Қашғар болды, сонымен қатар, ол Тараз бен Баласағүнның да билеушісі болып есептелді.
Қарахан мемлекетінің саяси тарихы ол өмір сүрген алғашқы ондаған жылдың өзінде-ақ ықпалды эрі күшті екі әулеттің — Әли Арсылан хан мен Хасан Боғра ханның үрпақтары арасындағы өзара қырқысқан күреске толы болды. Алғашқы кезде Әли (Әлилер) үрпағының ықпалы күштірек болды, ал кейін бүл ықпал Хасан үрпақтарына (Хасанилерге) көшті.
X ғ. 80- жылдарында Орта Азиядағы күшті мемлекет Самани- лер өз ішіндегі әлеуметтік қайшылықтармен, феодалдық талас- тартыстар мен қырқыстардан әлсіреп қүлдырады. Осыны Қарахан мемлекетінің билеушілері пайдаланып, Хасан Бограхан 990 жылы Исфиджабты, 992 жылы Бүхараны жаулап алады. Осы жылы оның баласы Жүсіп Қадыр хан Қотан қаласын басып алған. Ал Хасанның немере інісі Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилерге қарсы жорыққа шығып, ойсырата соққы берген. Қарахан хандығы қиян-кескі үзақ соғыстардан кейін 1004—1005 жылдары Мәуераннахр жерін түгелдей өзіне қаратты.
Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI ғасырдың 30 жылдары Шығысжэне Батыс Қағанат болып бөлініп, екі иеліктен тұрды: Шығыс хандық: оның жері Оңтүстік Шығыс Қазақстан менШығыс Түркістан, астанасы — Баласағүн, кейде Қашқар қаласы болып түрған.
Батыс хандық: Мәуераннахр жерлері. Оның орталығы Самар-қан қаласы болды.
Шығыс хандық Қарахандықтардың негізгі бөлігі болыпсаналған. Сондықтан оның ханы дәстүр бойынша жоғарғы ¥лықаған болып есептелген. Бірақ екі хандықтың арасында онша бірлікболмай, олар жиі жеке-жеке бөлініп кетіп отырған. 1056 жылыҚадырханның үлы Иинал-тегін өкімет мүралығы жолындағыкүресте інісі Сүлейменнің иелігін басып алады, бірақ ол көп үзамайy беріліп өлтіріледі. Тэж-таққа Иинал-тегінің баласы Ибраһим иеболады, алайда ол да біраздан кейін Барысхан әміршімен болғансоғыста қаза табады. Осыдан кейін Шығыс қағанатты 15 жыл бойы(1059—1074 жж.) Қадырханның балалары Юсуф Тоғрүл мен Богра-хан Харун басқарады. Олардың түсында Ферғана Шығыс қағанатқакүшпен қосылады, ал екі қағанат арасындағы шекара Сырдарияныбойлай өтеді. Тоғрүл қайтыс болғаннан кейін оның еншілігі Богра-хан Харунның (1075—1102 жж.) — Қашғар, Баласағүн мен Хотанқожалығының қол астына көшеді. Қарахан мемлекетінің әлсіреуінпайдаланып 1089 жылы селжүқ сүлтаны Мэлік шах Самарқандыбасып алады, сөйтіп Бограхан Мэлік шахтың кіріптар вассалынаайналады. 1102 ж. Бограхан өлген соң көп үзамай МәуеренахрғаБаласағүн мен Таластың иесі Қадырхан Жабырайыл шабуыл жа-сап, Әмударияға дейінгі жерлердің бэрін басып алды, бірақ Термезқаласының түбінде жеңіліс тауып, өзі түтқынға түсіп жазаланады.Қүдіретті сүлтан Санжардың басқаруы кезінде (1118—1157 жж.)селжүқтар Мәуераннахрға шексіз билігін жүргізеді, бірақ бүл кезде Қарахан әулетінің саяси қүлдырауының белгісі біліне бастағанеді. XII ғасырдың ортасында қаптаған Қарақытай (Қидандар)Жетісу мен Баласағүнды, сосын Шығыс Қарахандықтардың қалғаниеліктерін түгел басып алады. Сөйтіп, қүдіретті Қарахан мемлекетіXII ғасырдың ортасында өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Қарахан мемлекетінің жоғарғы өкімет билігі — хақанныңқолында болды, оған ең жақын кеңесші, көмекші — уэзірі болды.Бүдан басқа күзет бастығы, есік қорғаушылары, қазынашылар жэнеелшілер қызмет істеді.
Қарахан мемлекетіндегі aca маңызды әлеуметтік саяси институт әскери мүралық жүйе болды. Хандар елді өзіне жақын адам-дармен жэне уәзірлермен бірігіп басқарды. Мемлекет бірнеше үлыстарға бөлінді. Хан мемлекеттік немесе эскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рүқсат еткен. Мүндай жерлер икта деп аталады, ал оны берушілерді немесе иесін иктадар деп атаған. Түтас алғанда Қарахандар дэуірі сапалық жағынан жаңа, яғни Қазақстан аумағында феодалдық қүрылыстың нығаюының тарихындағы маңызды кезең болып табылады.