IX—XI ғғ. Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанаты- ның орнына көшпелі жэне жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында қүдіретті үш мемлекет: Жетісуда — Қарлүқ этникалық-әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта жэне төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында — Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс жэне Орталық Қазақстанда — Қимақ қағанатын қүрды.
Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VII ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек (кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады.
Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін ай- тылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мэліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып ca- налатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік- Батысын мекендеген.
VIII ғасырдың екінші жартысы мен IX ғасырдың бас кезінде Кимек тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа — Оңтүстік Орал (негізінен Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа — Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға жэне Оңтүстікке — Жетісудың Солтүстік- Батысына қарай қозғалады.
766 жэне 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық Моңғолиядағы ¥йғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур, Байандүр, Татар) Кимек бірлестігі- нің үйтқысына қосылады. Жеті тайпа қүрамындағы Кимек федера- циясы нақ осы кезде қалыптасады. X ғ. басында Кимек мемлекетінің қүрамында 12 тайпа болған. X ғасырда Кимек тайпаларының бас- шысы "байғу " (яғбу) деген титулды, ал кейін яғбуге қарағанда екі саты жоғары түратын хакан деген жоғары түрік дәрежесін иеленгенбилеушісі бар қуатты мемлекет қүрылады. Орталығы — Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет IX ғасырдың аяғы мен — X ғасырдың басындағы арабтілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, Әл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігітуралы былай дейді: "Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар менмемлекеттерге, соның ішінде: қарлүқтар, тоғыз-оғыздар жэне кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің эр тайпасы жеке мемлекет,олар бір-бірімен соғысып жатады" деп хабарлайды. IX ғасырдыңаяғынан XI ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекетболды, ал XI ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырайбастайды.
Оның қүлауының екі себебі болды: бірінші, өзін-өзі билеу-ге, өз мемлекеттілігін қүруға үмтылған қыпшақ хандарыныңкимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі ce-беп, екінші, XI ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпеліОрталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болғансыртқы оқиғалар. XI ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуыныңнегізгі себебі — 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляомемлекетінің қүрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарайүлғаюы көшпелі тайпалардың одан эрі ығысуына әкеп соқты.
Ал, XI ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенініңбойындағы, Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегіоғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бүрынғықимақ-қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынаналдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы оқиғалар кезінде өзініңсаяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен біргеқыпшақтарға тәуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақмемлекетінің мүрагері болды. Бүдан былай қимақтар қыпшақтайпаларының қүрамына еніп, қыпшақ деп аталды.
Наймандар мен керейлер. Наймандардың, керейлердің ертерек-тегі мемлекеттері Орталық Азияның шығысында — Қазақстанғашектесіп жатқан Монғолия аумағында пайда болса да, олардыңтарихының Қазақстан тарихына тікелей қатынасы бар.
XII ғасырда керейлер мен меркіттер қосылған Наймандар конфе-дерациясы Орталық Азиядағы ipi мемлекеттік қүрылым болды.Ғалымдар "найман" терминінің мэні моңғол тілі түрғысынан алғандаконфедерацияға енген тайпалар санына қарап "сегіз" деген сөздібілдіреді деп болжам жасайды. Сондықтан наймандардың шығу тегімен ертедегі тарихы туралы мэселе әлі күрделі. Зерттеушілердің арасында бүлардың тілі туралы эртүрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар бүл тайпаларды моңғол тілдес десе, екінші ғалымдар оларды түркі тілдес дейді. Олардың этникалық қүрамы аралас болуы да ықтимал, бірақ ғылыми әдебиеттегі жаңа мәліметтер олар түркі тілдес болды дегенді дәйектейді.
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен жэне үйғырлармен көрші ретінде қарым- қатынас жасап түрған. Наймандар, әсіресе, қаңлылармен өте тығыз этникалық-саяси жэне мәдени байланыста болған. Қаңлылар мен қыпшақтардың кейбір жеке топтары наймандардың жеріне келіп қоныстанады. X ғасырда сегіз-оғыздар Қидан мемлекетінің қол астына алынған кезден бастап, олар "найман" деген атпен белгілі болған. Наймандар Бүйрық жэне Беткін деген екі үлкен тайпалардың бірлестігінен қүралған.
Наймандар мен керейлерде ертедегі феодалдық қатынастардың орнығуы, үлыстардың қүрылуымен қатар жүрді. "¥лыс" деген сөз ол кезде "халық" деген үғымды білдірді, эрбір үлыс белгілі бір жерлерді алып жатты. Оны белгілі бір рудың өкілі — хан басқарды. Хан ордасы, үлыстың өздеріне меншікті жазғы жайылымы, қысқы қыстауы болған. Әрбір үлыстар ондық бірліктер бойынша, әскери жүйемен сарбаздар жасағын қүрған.
¥лыстарды басқару жэне оның ішкі жүмыстарын, салық жинауды арнаулы шерби атағы бар адамдар жүргізген. Арнаулы ic жүргізетін адамдар да болған. Ic үйғыр жазуымен жүргізілген. Жарлықтар ханның мөрі басылған жағдайда ғана бекітілген.
Наймандар XI ғасырдың бас кезінде христиан дінінің нестори- ан бағытын үстанған. Бүл наймандардың ерте феодалдық кезеңде басқа мемлекеттермен жэне халықтармен этно-мәдени байланыста болғандығын дәлелдейді. X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда қиданның Ляо мемлекеті қүрылғаннан кейін (907—1125 жж. қүрылып, өмір сүрген), наймандар оның қүрамына кірген, бірақ Елюй-Даши өлімінен кейін тәуелсіздік алып, өздерінің билеушісі етіп Инанч-Білге Буху ханды тағайындады. XII ғасырдыңаяғы — XIII ғасырдың басында Найман хандығы екіге бөлініп, оныИнанчтың екі үлы: Даян хан мен Бүйрық хан басқарды. 1204 жылымоңғолдар Даянханды, 1206 жылы Бүйрық ханды талқандады.Даянның үлы Күшілік хан найманның қалған әскерін жинап, Қиданмемлекетіне барып, бас сауғалады. Қидан билеушілерінің тілінтаба біліп, наймандардың шашырап кеткен әскерінің басын қайтабіріктірген Күшіліктің қуаты тез күшейді. Осы кезде ХорезмшахМүхаммедтің әскерінен жеңілген қидандар өлкеде нақты биліктенайырылды. Осыны пайдаланып, Күшілік хан 1211 жылы қалғанқидандарды тізе бүктіріп, өзінің ордасын Жетісуға көшірді. Күшілік1213 жылы Алмалықтағы мүсылмандар иеліктеріне қарсы әскериқимыл-әрекетін бастады. Күшіліктің әскері Алмалықты алғанымен,моңғолдардың жақындап қалуына байланысты кері шегінді. 1218жылы моңғолдар наймандарды талқандап, қашып кеткен Күшіліктіүстап алып, Бадахшанда өлтірді. Сөйтіп, XIII ғасырдың басында бүкіл Шығыс Түркістан мен Жетісу моңғолдардың қол астынакірді.
Керейлер (Керейттер). Керейлер туралы жазба деректердегі еңерте мәліметтер X ғасырдың бас кезіне жатады. Керейлер конфедера-циясының этникалық қүрамы біртекті болмаған. Олар түрік тілдіжэне моңғол тілді жүрттан қүралады. Керейлердің батысында —наймандар, солтүстігінде — меркіттер, шығысында — татарлар,оңтүстігінде — таңғүттар түрады.
Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхонөзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бүрылысының теріскейінде түрған. 1007 жылы керейттер наймандармен бірге христиан дінінің несториандық тармағынқабылдайды. Керейттер белгілі дәрежеде үйғыр мәдениетініңықпалында болған.
XII ғасырдың 50-жылдарында керейлердің Қытаймен арадағықатынасы шиеленісті. Қытайларға қарсы керейлердің күресінбастаған Маргуз хан түтқынға түсіп, азаптап өлтірілді. Оданкейін елді Худжар Бүйрық хан биледі. 1171 жылы хан тағы оныңбаласы Тоғырылға көшті. Тоғырыл хан түсында Керейлер үлысысолтүстікте — Селенганың жоғарғы бойынан, оңтүстікте — Хуан-хеге дейінгі; Батыста — Хангай тауынан, Шығыста Халкин Голгедейінгі жерлерді жайлаған. Керейлер найман, қаңлы, үйғыр, меркіт,моңғол, қарақытай, таңғүттармен тығыз саяси жэне этникалық-мәдени байланыс жасап түрған.
Тоғырыл ханның бай жиһазды сарайында дала тайпаларының болашақ билеушілері — Темучин (Шыңғыс хан) мен Жамуха — тәрбие алып, саяси жэне елшілік өмірден хабардар болған. Керей билеушісі Тоғырыл хан сарай қызметіне қаңлы ақсүйектерінің өкілдерін кеңінен тартқан. 1180 жылдары Тоғырыл Темучинге қолдау көрсетіп, 1183 жылы керейлер мен моңғолдар Қытаймен одақтаса от- ырып, татар әскерін талқандады, сол үшін Тоғырыл хан Қытайдың Ван титулын иеленді. Бүл егеменді қүқығы ресми мойындалған пат- ша дегенді білдіреді. Сондықтан Тоғырылды тарихта Ван хан деп те атайды. 1203 жылы керейлер мен бүрынғы одақтасы моңғолдар арасында соғыс өрті бүрқ ете түсіп, ол керейлердің жеңілісімен аяқталды. Тоғырыл мен оның үлы Сангум қаза тапты. Керейлердің бір бөлігі қолбасшы Қайранбайдың бастауымен Солтүстік-Батысқа, яғни Ертіс өзенінің орта ағысына қарай қашты. Ал басым бөлігі Моңғол мемлекетінің қүрамына енді.
Жалпы алғанда, моңғол шапқыншылығы Орталық Азияның этникалық процесіне үлкен әсер етті, соның салдарынан көшпелі халық орасан зор аймаққа көшіп-қонды. Моңғолдардан жеңілген наймандар мен керейлер біртіндеп қалыптасып келе жатқан түркі халықтарына, оның ішінде қазақ халқына араласып кетті. Наймандардың қазақтар қүрамындағы үлесі едәуір еді. Моңғол дэуірінде олардың басым бөлігі Сырдарияға, яғни қазақтың кең да- ласына көшті, сөйтіп қазақ этносының қалыптасуында белсенді рөл атқарды. Ал керейлердің бір бөлігі батысқа, Еділ бойына үмтылды, онда олар өздерінің керей этнонимін сақтап қалды, кейін осы атау- мен олар өзбектер мен қырғыздар қүрамына енсе, аз бөлігі қазақтар қүрамына кірді. Олардың (керейлердің) көпшілігі Солтүстік Қазақстанда қалып, Орта жүз қазақтарына Керей (Қара — Керей, Абақ — Керей) атауымен енді, сөйтіп бүрынғы "Кереит" деген этноним атауындағы "т" жалғауы алынып қалды.
Керейлер мен наймандар әлеуметтік-саясидамудың бір деңгейінде түрған. Олар дербес мемлекеттік қүрылым — үлыстар болып үйымдасып, ал үлыстар болса, хандар әулеті бастаған бүкіл этносты біріктіріп, рулық-тайпалық институт атаулының бәрінен де жоғары түрған. Әрбір үлыстың өз аумағы болған. Оның шекарасының ең маңызды жерлері күзетке алынып отырған. ¥лыстарда хан қосының басқару орындары, әскері мен жасауылы бар басқару аппараты жүмыс істеген. Сонымен туысқан тайпалардың әлеуметтік жіктелуі мен бірігуі ерте феодалдық мемлекеттердің, яғни Керейлер мен Наймандар үлысының қүрылуымен аяқталады.
Қыпшақ хандығы (XI—XIII ғ. басы). "Қыпшақ" атауы ең алғашрет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткішінде жазылған.Мүсылман деректерінде қыпшақтар түңғыш рет араб географы ИбнХордабектің 846—847 жылы жазған "Жолдар мен провинцияларкітабында" қарлүқтар мен қыпшақтарды VIII ғасырларға жататынтүрік тайпаларының тізімінде келтіреді.
656 жылы Батыс түрік қағанаты қүлағаннан кейін Алтай тауыныңсолтүстік жағы мен Ертіс өңірін жайлаған қыпшақтар Кимекқағанатының қүрамына кірген еді, ал XI ғасырда Кимек қағанатықүлағаннан кейін, кимек, қыпшақ жэне куман тайпаларының бүрынжайлаған жерлерінде әскери саяси жетекшілік қыпшақ хандарыныңқолына көшеді.
Қыпшақтың өкімет басына келген ақсүйектер әулеті Оңтүстікжэне Батыс бағыттарында белсенді қимыл-эрекеттерге кірісіп, ОртаАзия жэне Оңтүстік Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тікелей байла-ныс жасауға кіріседі.
XI ғ. екінші ширегінде қыпшақ тайпалары оғыз тайпаларын Сыр-дарияның орта жэне төменгі бойларынан, Арал мен Каспий өңірідалаларынан тықсырып қуып шығады. Қыпшақтар билігінің Аралөңірі мен Сырдария бойындағы аймақтарға таралуына байланыстыэтникалық-саяси жағдайдың өзгеруіне орай, X ғ. екінші ширегінде"Оғыздар даласы" (Мафазат эл-гуз) деген атаудың орнына "ДештіҚыпшақ" (Қыпшақтар даласы) деген атау пайда болады. Маңғыстаумен оған жақын жатқан аймақтарды қаратып алған қыпшақтарХорезмнің теріскей шебіне дейін жетеді.
XI ғ. орта кезінде қыпшақ тайпалары Еділден көктей өтіп, батысжаққа жылжып, Орыс жэне Қара теңіз өңірі далалары мен Византия, Венгрия шекараларына дейін қоныс аударады. Еділден Днеп-рге дейінгі қыпшақтар қоныстанған аумақ орыс жылнамаларындаполовцылар, "Половецтер өлкесі" деп атала бастайды. 1071 жылықыпшақтар Кіші Азияға жетіп Анатоли қаласын жаулап алады,сөйтіп, османдық түріктердің негізін қалады, осы жылдары Транс-илвания арқылы Молдавияға өтеді. Қазіргі Венгриядағы мадиярлар,Молдавиядағы гагауыздар қыпшақтарға жатады. Осылайша БатысЕуропа деректерінде қыпшақтар «коман» деген атпен мэлім бола-ды.
XI ғ. басында қыпшақ бірлестігі мейлінше күшейеді. Өріс-қонысышығыстаЕртістен, батысындаОралтауына,ДоннанжәнеҚаратеңізгедейінгі үлан-ғайыр алқапты алып жатқан шығысындағы бөлігі Ел-бөрілі руынан шыққан хан әулеті билеген Шығыс қыпшақ қағанаты,
Кавказ, Қырым өңірін жэне одан эрі батысқа қарай созылып жатқан басында Тоқсоба рулық әулеті түрған Батыс қыпшақ бірлестігі болып екіге бөлінеді. Қазіргі Қазақстан аумағының көп бөлігі Шығыс қыпшақ үлысының билігінде болды. Қазақстан жеріндегі қыпшақ этникалық қоғамдасуын үш кезеңге бөліп қарауға болады.
Бірінші кезең: қыпшақтардың қимақ тайпалық одағында болуы — VII ғ. екінші жартысынан VIII ғ. соңына дейін.
Екінші кезең: VIII ғ. аяғынан — XI ғ. басына дейін. Бүл кезде қыпшақтар Алтай жэне Ертістен Орал таулары жэне Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының қүрамына Мүғалжар жеріндегі кумандар жэне қимақ тайпалары кіреді.
XI ғасырдан XIII ғ. басына дейін қыпшақтардың дамуының үшінші кезеңі жүрді. Бүл кезде қыпшақ хандарының мәртебесі, күш-қуаты өсіп, олардың этникалық қүрамы өзгеріп, қимақ, куман, ежелгі башқүрт, оғыз т.б. тайпалар кірді. Сондай-ақ қыпшақтардың этнос болып қалыптасуына түрік тілді қаңлылар, үрандар, шығыс Түркістаннан келген баяттар, түргештер, қарлүқтар, шігілдер әсерін тигізді.
Бүл кезде қыпшақ хандары өз жерлерін оңтүстікте Тараз қаласына дейін жеткізіп, қарахандықтармен шектесті. Олардың арасындағы шекара — Балқаш көлі жэне Алакөл ойпаты болды. XII ғ. қыпшақ тайпалары Алтайда, Ертістің жоғарғы жағында наймандармен, қаңлылармен, керейттермен шектесіп, солтүстікте қырғыздар жэне хакастармен көрші болды.