Лекциялардың тезістері шымкент 2022 ж. Ф 08-19 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Білу – өтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау. Түсіну



бет13/43
Дата15.11.2022
өлшемі5,45 Mb.
#158208
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43
Білуөтілген материалды дәйек, жағдай, негізгі тұжырымдамалар мен жауаптарды көрсету арқылы есте сақтауды растау.
Түсіну – материалды бір формадан екінші формаға ауыстыру, материалды интерпретациялау, оқиғаның барысын болжау.
Қолдану – жаңа білімді, әдістерді және ережелерді басқа түрде (нұсқада) қолдану.
Талдаубіртұтас нысанды, оның болмысын жақсы түсіну және меңгеру үшін ұсақ бөліктерге ажырату.
Жинақтау (синтез) – жекеленген түсініктерді тұтас түсінік ретінде біріктіру үдерісі. Жаңа үлгіде элементтерді түрлі әдістермен қиыстыру немесе баламалы шешімдер ұсыну арқылы ақпаратты жүйелеу.
Бағалау – анықталған стандарттар мен критерийлердің негізінде нысанның жетістіктері, кемшіліктері, құндылықтары, маңыздылығы мен басқа да сипаттарын анықтайтын үдеріс.
Таксономиялық тәсіл бағалау критерийлерін оқу мақсаттары ойлау дағдыларының таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрастыруға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйесінде бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша үш топқа бөлінген: білу және түсіну; қолдану; жоғары деңгей дағдылары (талдау, жинақтау және бағалау).
Скаффолдинг теориясы
Скаффолдинг теориясы Л.С.Выготскийдің жақын арадағы даму аймағы түсінігімен тығыз байланысты, оқыту ең әуелі, когнитивтік емес, әлеуметтік, тұлғааралық деңгейлерде болады деп есептеледі. Аталған дәйектерге қарамастан, Л.С. Выготский «скаффолдинг» терминін ешқашан қолданбағанымен, ол адамның когнитивтік дамуындағы әлеуметтік өзара әрекеттің маңызды рөлін атап көрсеткен.
Скаффолдингтің заманауи теориясы – бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың арасындағы өзара сеніміне негізделген серіктестік. Қалыптастырушы бағалау тәжірибесінде мұғалім орындайтын маңызды функцияларының бірі оқушыларды оқу үдерісінің барысында қолдау және қойылған мақсаттарға жету үшін қажетті көмек көрсету болып табылады.
«Скаффолдингтің» негізгі сипаттамалары:
1. Ортақ мақсаттардың болуы. «Скаффолдинг» үшін аса маңызды жағдай «интерсубъективтіліктің» болуы [Rogoff, 1990], яғни, ол екі субъектінің ортақ түсініктерінің болу жағдайы. Интерсубъективтілік оқудағы нәтижелер үшін мұғалім мен оқушының ортақ жауапкершілігі ретінде қарастырылады.
2. Ағымдық диагностика және бейімделген қолдау. Скаффолдингтің маңызды ерекшеліктерінің бірі мұғалім оқушыларға қажетті «бірте-бірте» қолдау көрсету үшін олардың ілгерілеуін үздіксіз бағалап отыруы. Сондықтан мұндай өзара әрекет «оқушыға қажетті дағдыларды меңгеруге және тапсырмаларды жоғары деңгейде орындауына көмектесуі керек» [Wood, Bruner, Ross, 1976].
3. Диалог және өзара әрекет. Мұғалім мен оқушылардың өзара әрекеттері скаффолдингте диагностикалық болып табылады. Бұл оқушыларды селқос (пассивті) білім мен тәжірибе алушы емес, сұрақтар/тапсырмаларды шешуде белсенді қатысушы, серіктес ретінде көруге мүмкіндік береді. Өзара әрекет диалогтің арқасында мүмкін болады [Palincsar, Brown, 1984], яғни мұғалім мен оқушы немесе оқушы мен оқушы арасындағы әңгімелесулері.
4. Қолдауды азайту және жауапкершілікті тапсыру. Скаффолдинг жағдайларының бірі оқушыларға мұғалім тарапынан көрсетілетін қолдау көлемін біртіндеп азайту [Wood, Bruner, Ross, 1976]. Біртіндеп бұл оқушыға өз оқуына деген жауапкершілікті толық тапсыруға әкелуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет