Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет10/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Көру түйсігі

Дүние тануда көру түйсігі үлкен орын алады. Зерттеулерге қарағанда, адам 180 түрлі түсті және олардың арасындағы 10 000-нан астам реңін айыра алады. Бұдан көру түйсігінің диапозонының орасан кеңдігін байқаймыз және көру түйсігі түйсініп отырған заттың сипаттарын бұлжытпастан дәлме-дәл бейнелеуге мүмкіншілік туғызады. “Мың рет естігеннен бір рет көрген артық” деген пікір тәжірибеден алынған. Көз арқылы заттың жарықтылығын, оның түсін, түрін, үлкендігін, алыс-жақын тұрғандығын, оның қозғалысын білеміз. Зат пен құбылыстардың жеке сипаттарын толық, дұрыс айнытпай бейнелеу ең алдымен көру түйсігі арқылы орындалады. Міне сондықтан таным процесі үшін, оның өмірлік тәжірибесі үшін көру мүшесінің ролі ерекше күшті.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет