Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет12/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Тері түйсіктері

Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Теріде тию мен басу түйсігі (тактильдік түйсіктер); суықтық түйсігі; жылылық түйсігі; ауру түйсігі болады. Терідегі афференттік нерв талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын әр түрлі арнайы аппараттар бар. Тию мен басу түйсігін теріде тудыратын рецепторларды паччини денешігі және мейснер денешігі деп атайды. Адамның тұла бойында, шамамен айтқанда, тию мен басуды түйсінетін 500 000 рецепторлар бар. Терінің 1см2-іне 25 рецепторға жуық орналасатындығы анықталды.


Тактильдік анализатордың бірінші нейроны омыртқа арасындағы ганглийлерде, екінші нейроны жұлында, үшінші нейроны көру дөңесінде, төртінші нейроны артқы ми орталық қатпарларында орналасқан. Адам заттың қатты-жұмсақтығы, кедір-бұдырлығы сияқты сипаттарын сипап біледі. Сипау арқылы затты түйсіну терінің ғана қызметі емес, бұл-күрделі процесс. Оның қызметіне қимыл рецепторлары да (кинестетикалық сезімдер) қатынасып отырады. Сипап сезу түйсігі қолдың қатынасы арқылы іске асады. Қол еңбек ету мүшесі ғана болып қоймай, дүние тану үшін де күшті роль атқарады. Көзбен көрмей-ақ, қолмен сипау арқылы заттардың формасын, үлкендігін, майдалығын, бұжырлығын ажырата аламыз.
Психологияда циркульдік эстезиометрдің екі өткір ұшымен теріге тигенде, адам оның екі жерге тиюін жеке-жеке түйсінген кездегі екі арасындағы қашықтықтың тактильдік түйсіктерінің кеңістік табалдырығы деп атайды. Кеңістік табалдырығы адам денесінде әр түрлі болады. Мәселен, циркуль сирақтарының екі жерге тигенін жауырын терісі сезу үшін 67 мм-ге дейін бір-бірінен айыру керек, қол терісінің үстіңгі жағы үшін кеңістік табалдырығы 33 мм, алақан терісі үшін 9 мм, ал саусақ ұшының табалдырығы үшін 2,2-ақ мм болады. Ең төменгі кеңістік табалдырығы тілдің ұшында болады (1,1 мм).
Адамның терісінде температуралық нүктелер сан жағынан бірдей орналаспайды. Орта есеппен алғанда, терінің 1см2 кеңістігінде 6-23 суықтық рецепторлары, 3 жылылық рецепторлары болады. Адам денесінің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері-қарын терісі, сезгіштігі ең нашар жері-аяқ терісі. Бет терісінен аяқ терісінің суықты сезгіштігі екі есе нашар, жылылықты сезгіштігі төрт есе кем боп шыққан. Температуралық анализатордың ми жарты шарларының қабығында тұрақталған жері - артқы қатпардың бойы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет