Лекциялық кешен 1- тақырып. Психология туралы түсінік



бет13/48
Дата07.02.2022
өлшемі114,12 Kb.
#83855
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
Дәрістер

Иіскеу түйсігі

Иіс түйсігі иіс рецепторлары арқылы іске асады. Ол рецепторлар-мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың ішінде болатын иіскеу клеткалары. Мұрынның кілегей қабығында иіскеу клеткаларының орналасқан аймағы 5 см2-ден аспайды. Сыртқы ортадағы тітіркендіргіштердің әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді. Сол кезде анализдеу басталады да адам иістің түрлерін айырып байқайды.


Ғылымда иісті түр-түрге бөлу аяқталған жоқ. Сондықтан иіс аттары иіс тұрған заттың атымен (жусан иісі, сасыр иісі, лимон иісі, алмұрт иісі, бензин иісі т.б.) аталады. Иіскеу клеткаларына тітіркендіргіш ретінде әсер ететін-ауада газ немесе бу түрінде ұшып жүрген химиялық заттар. Адам ауаны ішіне тартып тыныс алған кезде, ауамен бірге кеңсірікке кірген химиялық элементтер иіскеу клеткаларына қонып ери бастайды. Иіскеу нервтік клеткаларында қозу процесін тудыратын – ауадағы иісті элементтер. Жануарлар өмірінде иіскеу түйсігінің биологиялық ролі өте күшті. Көп жануарлар жейтін тамағын иісі арқылы тауып алады. Олар өздерінің жауын да иісі арқылы алыстан біле қояды. Адамның өмірінде иіскелеу рецепторының ролі ондай күшті болмағанмен, адам өзінің иіскеу рецепторларын, айналадағы ортаның қойған талабына сай, өмірлік тәжірибесіне байланысты күшейте, жетілдіре алады. Соқыр, саңырау адамдар өзін қоршаған заттармен танысқанда иіскеу анализаторына сүйенеді. Ольга Скороходова өзінің кітабында: “Жақын жолдасым бірнеше күнге жолаушы жүріп кетті. Мен оның дәл қай күні келетінін білмеуші едім. Оның қайтып келгенін, ол менен екі бөлме алыстықта тұрса да, иісінен білдім”,- дейді.
Иіскеу анализаторының жетілуіне өзінің айналысқан кәсібі де әсер етеді. Мысалы, дегустаторлар (тамақтың дәмін анықтаушы адамдар) шараптардың дәмін татып қана емес, иісіне қарап та маркасын, қандай жүзімнен жасалғанын айтып береді. Химиктер бензиннің қандай әдіспен алынғанын иіскеу рецепторы арқылы оп-оңай айыра қояды. Адамның жеке басының даму саласында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады. Адамның жейтін тамағының организмге пайдалы, зиянды екенін айыру үшін де иіскеу анализаторының үлкен маңызы бар.


Дәм түйсіктері

Сілекейде еріген заттардың дәм бүршіктерін тітіркендіруден дәм түйсінуі туады. Дәм бүршіктері деп ауыздың кілегей қабығында көп қабатты эпителиймен арналған сопақ денелерді айтады.


Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері-тіл аймағы. Тілдің әсіресе ұшында, жиегінде, түбінде көп кездеседі, ал тілдің дәл ортасында бүршіктер жоқ. Егерде дәмі бар затты тілдің ортасына салып қойса, адам ол заттың дәмін бірден сезе аламайды. Тілдің әр жері дәмді әр түрлі түйісінетіндігі байқалады. Тілдің ұшы тәті дәмді, түпкі жағы ащы дәмді, жиектері қышқыл және тұзды дәмді түйсінуге бейім екені тәжірибеден белгілі.
Тамақтың дәмін қозу процесі дәм клеткаларында туа салысымен емес, сопақша мидан өтіп, ми жарты шарының қабығындағы алапқа қозу жеткенде ғана адам дәмді түйсіне бастайды. Адамға еткен сапалық әсеріне қарай дәм түйсіктерін бірнеше топқа бөлуге болады: қышқыл, тәтті, тұзды ащы. Ал күрделі дәмдер негізгі осы төрт дәмнің әр түрлі мөлшерінде араласуынан барып туады. Желінетін тағамның дәмі тек дәм түйсігінің әрекеті емес, иіскеу түйсігімен де байланысты болады.
Адамның онтогенез дамуында дәм түйсігі ерте оянады. Бала туғаннан соң бірнеше уақыттан кейін оның аузына хинин я қант салса, ол кәдімгідей реакция жасайды. Сол бала бірнеше күннен кейін сүтті судан, тәтті суды қант салмағын судан айыра алатын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет