Мақсаты: Алтын Орда тарихына тоқталып, оның құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтарына сипаттама беру.
Жоспары
1. Алтын Орда құрамындағы Солтүстік Кавказ халықтары монғол-татар хандарының қол астында. Салықтың түрлері. Дағыстан халықтары. Аварлар, құмықтар т.б. Кабардиндіктер мен осетиндердің тарихы.Түркі тілдес халықтар қарашайлар мен балқарлар.
2. Әзірбайжан ұлтының қалыптасуы және мемлекетінің құрылуы. Әзірбайжанның Ұлы Салжұқтар мемлекетінің құрамына енуі. Әзербайжандағы Шируаншаһ, Кесрани, Ильдегиздер династиялары билеген мемлекет. Этникалық процестер, әзербайжан этносының қалыптасуындағы түркілік компоненттердің шешуші рөлі.Сефевид әулеті.Түрік-сефевилер соғысы. Аббас шахтың реформалары. Әзербайжанның ұсақ иеліктері. ХІХ ғ бас Гүлстан, Түркменчай шарттарына сай Әзербайжанның Ресей құрамына кіруі.
3.Әзербайжан халқының ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ мәдениеті. Қалалардың зардап шегіуі.Мәдениеттің дамуы. Низами дәстүрі. Ақын Фазул-лах Нейми исламға бет бұруы.Әдеби шығармалары. Сәулет өнерінің дамуы. Эпостардың қалыптасуы.Әзербайжан халқының ескерткіштері.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29,31.
Қ.Ә-44.
Тақырып № 16-17.Сібірдегі түркі халықтары ( 2 сағ)
Мақсаты: Сібірдегі түркі халықтарына сипаттама беру. Көшім тұсындағы Сібір хандығына талдау жасау.
Жоспары :
1. Сібірді мекендеген халықтардың қалыптасуы мен мемлекеттерінің құрылуы. Сібір хандығының құрылды. Орталығы Шыңғы-Тура (Тюмень). Әлеуметтік құрылымы. Ұлыс бектері мен мырзалар .Жошы ұлысының азиялық бөлігінің әлеуметтік дамуы .Жер аумағы.
2. Көшім тұсындағы Сібір хандығы.Жер аумағы. «Сыпыр» этникалық тобы. Сібір хандығының астанасы – Искер қаласы.Шежірелер, деректер. XIV ғасырдың аяғында Шайбаниліктер . «Сібір татарлары».Көшім ханның жүргізген саясаты. Сібір хандығының саяси құрылысы. Көшім ханның Орта Азия, Қазақстанмен саяси және сауда байланысы.
Әдебиет: Н.Ә-27,29, 31.
Тақырып № 18.Ноғайлы елі. (1сағ)
Мақсаты : Ноғай атауы, ұлты және жұртының шығу тарихына тоқталу.
Жоспары
1.Ноғай атауы, ұлты және жұрты.Маңғыттардың Едіге ордасының құрылуы. Маңғыттар және көшпелі өзбектер. «Маңғыт», «ноғай » терминдерінің ара қатынасы.Ноғай ордасы тәуелсіз саяси құрылым ретінде. Ноғайлардың орналасқан аймағы.
2.Қазақ-ноғай қарым-қатынастары.Ноғай-қырым татарлары және астрахань қарым-қатынастары. Ших-Мамай би және қырым ханы Мұхаммед Гирей. «Астрахань катастрофасы». Алты Ұлыс ордасының құрылуы. Кіші Ноғай ордасы. Ормамбет би аңыздарда біртұтас халықтың қазақ және ноғай деп бөлінуі нағыз қасіретті оқиға ретінде.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 31.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 19.Башқұрттар. (1сағ)
Мақсаты: : Башқұрт атауы және ұлтының қалыптасуын көрсету, мәдениетіне сипаттама бру.
Жоспары: Башқұрт атауы және ұлтының қалыптасуы. Башқұр сөзінің этимологиялық түсіндірмесі. Башқұрттардың шығу тегі жөніндегі аңыздар. Жергілікті фин-угор тұрғындары.Араб және парсы саяхатшыларының зерттеулері.Башқұрттар құрамындағы қыпшақтар, табындар, тамалар, жалайырлар. Башқұрт Республикасының жариялануы. Діні. Мәдениеті.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 20.Татарлар. (1сағ)
Мақсаты : Татар этнонимін талдау және шығу тарихын анықтау.
Жоспары:
Татар этнонимі.Шығу тарихы. Түркі тілдес ұлт. Нәсілі. Территориясы. Татар тарихы.Халқы.Ағартушылық бағыттағы іс-шаралар. Қазан губерниясының құрылуы.Татарлар-Ресейдің ең сауатты халқы.Ескі шоқыну дәстүрі. Иван Грозныйдың жорықтары.Татар-Башқұрт мәдениет орталықтары қауымдастығы.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 21.Қырғыздар мен ұйғырлар. (1сағ)
Мақсаты: Қырғыз ұлтының қалыптасуын көрсету.
Жоспары:
1. Қырғыз ұлтының қалыптасуы.Моғолстан мен Моғолия қырғыздар мен ұйғырлардың саяси тарихының бастау алар нүктесі. Қырғыз этносының қалыптасуындағы моғол компонентінің рөлі. Моғол-қазақ, моғол-қырғыз ара қатынастары. ІІ Абдаллах және Моғолстан. 1680 жылы жоңғарлардың Жаркендті жаулап алуы. Накшбандардың сопылық ордені, моғолиядағы оның белогорлық және черногорлық секталары. Моғолияның ішкі саяси өміріндегі қырғыздардың ролі.
2. Ұйғыр мемлекетінің құрылуы.1702 ж Қонтайшы Цеван-Рабтанның (1697-1727) Шығыс Түркістанды жаулап алуы. Циндардың Жоңғар хандығын жойғаннан кейін, қазіргі Қытайдың Синьцзян провинциясы болып отырған- Шығыс Түркістанды жаулап алуы. 1762-1821 жж қырғыздарды зорлықпен Қоқан хандығына қосу. 1925 жРСФСР құрамында Қара-Қырғыз АО-ның құрылуы.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29,30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 22.Өзбектер. (1сағ)
Мақсаты: Өзбек ұлтының қалыптасуын көрсету.
Жоспары:
1. Өзбек ұлтының қалыптасуы.Орта Азияға көшпелі өзбектердің шабуыл жасауы қарсаңындағы Темір мемлекеті. Өзбек хандығының құрылуы. Өзбектердің моғолдармен, қазақтар мен қызылбастармен соғысы. Мұхамед Шайбанидің өлімі. ХҮІ-ХҮІІ ғ бас Өзбек мемлекеті. Бұқар және Хиуа хандықтары. ІІ Абдаллах ханның билеуі.1753 жылы Өзбек хандығында маңғыттар династиясының орнауы.Парсыдағы Нәдір шахпен соғыс.
2. Өзбек мемлекетінің құрылуы.Қоқан хандығының нығаюы. Ресейдің Қоқанмен соғысы, оның оның жеңілуі. Қоқан хандығының Ресейге қосылуы. Бұқара және Хорезм халық республикаларының құрылуы. Қоқан автономиясының Түркістан АКСР-нің құрылуы.
Әдебиет: Н.Ә-25, 27, 29.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 23.Түрікмендер. (1сағ)
Мақсаты: Түрікмен ұлтының қалыптасуын көрсету және тарихына тоқатлу.
Жоспары:
1. Түрікмен ұлтының қалыптасуы.Түркімендер энеолит дәуірінде.Түрікмен халқының тарихы ерте кездегі Орта азияны мекендеген халықтар тарихымен тығыз байланысты. Территориясы.Эфталиттер мемлекетінің Түркі қағандығын жаулап алуы.Арабтардың басып кіруі.ҮІІІ ғ ислам дінін қабылдауы.Түрікмения жер аумағы Хорезм шахтарының қол астында. Түркмен халқының қалыптасуы.Түркмен-орыс байланысынң дамуы. Тілі.
2. Мәдениеті.егіншілікпен шұғылданған тұрғындар. Тау-кен ісі., металлургия, керамика өндірісі.Деректерге шолу. Әдеби шығармалар. Архитектура мен бейнелеу өнерінің дамуы.Әдебиеті.Музыка өнері.Музыка аспаптары.
Әдебиет: Н.Ә-22, 25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49.
Тақырып № 24.Осман түріктері. (1сағ)
Мақсаты: Түркілердің Кіші Азияға келіп қоныстануын талдау, Осман түріктеріне сипаттама беру.
Жоспары:
1. Түркілердің Кіші Азияға келіп қоныстануы. Кіші Азияның көне және ежелгі тарихы.
2. Осман империясының тарихы.Ұлы салжұқтар мемлекеті. Тоғырыл бек. Сұлтан Мәлік шах. Кіші азиядағы Салжұқтар мемлекеті.Оның тарихындағы дамуыдың үш кезеңі. Түрік тайпаларының конфедерациясы. Мехмед-Фатих-анадолыны біріктіруші. Мехмед ІІІ фатих. Константинопольдің құлауы. Осман империясы. Территориясы.
Әдебиет: Н.Ә-22, 25, 27, 29, 30.
Қ.Ә-49
Тақырып № 25.Қырым татарлары. (1сағ)
Мақсаты: Қырым хандығының құрылу тарихына тоқталу, Татар этнонимін талдау және шығу тарихын анықтау.
Жоспары:
1. Қырым хандығы Татар этнонимі.Шығу тарихы. Түркі тілдес ұлт. Нәсілі. Территориясы. Татар тарихы.Халқы.Ағартушылық бағыттағы іс-шаралар. Қазан губерниясының құрылуы.Татарлар-Ресейдің ең сауатты халқы.Ескі шоқыну дәстүрі. Иван Грозныйдың жорықтары.Татар-Башқұрт мәдениет орталықтары қауымдастығы.
Ислам дінінің сүннит тармағы.1921 жылы Ресей Федерациясы құрамында Қырым автономия республикасы құрылды. 1944 жылы 12 мамырда Қырым татарлары Орта Азияға, Қазақстан мен Оралға күштеп жер аударылуы. 1957 жылға дейін Қырым татарларын жеке халық ретінде атауға тыйым салынуы. 1991 – 1992 жылдары 200 мыңдай Қырым татарлары атамекені Қырымға қайта оралды. Түркияға тәуелді болуы. Қырым хандығы Ресей, Украина жерлеріне бірнеше жорықтар жасады. Қырым хандығы Ресей империясының құрамына кіруі.
Әдебиет: Н.Ә-22, 25, 30.
Қ.Ә-49
Тақырып № 26.Қарақалпақтар. (1сағ)
Мақсаты: Қарақалпақ тарихының шығуына тоқталу және мәдениетін сипаттау.
Жоспары :
1.Қарақалпақ тарихы
2.Мәдениеті
1.Қарақалпақтар – түркі тілдес халық. Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақ Автаномды Республикасы. Жартылай көшпелі халық. Мал шарушылығы, балық аулау, суармалы егіншілік .Қол өнері дамуы. Ислам дінінің сүннит тармағы.Ұлттық мейрамдары мен ойындары. 18 ғ-да қазақтардың Кіші жүзі құрамында . Тайпааралық қақтығыстар. 1742 ж. Ресей бодандығына қабылдануы .1916 ж. Орта Азияны қамтыған ұлт-азаттық көтерілістер. 2.1920 ж. желтоқсанда оң жағалаулық қарақалпақ жері Түркістан АКСР-на қарайтын Әмудария облысы болып құрылуы. 1990 ж. 14 желтоқсанда Қарақалпақ. Өзбекстан Республикасының құрамындағы егемен мемлекет болып жарияланды. 1992 ж. қаңтар айынан бастап ел Қарақалпақстан Республикасы деп аталды.
3.Фольклорлық шығармалары – «Қырық қыз», «Ашық Ғарип», «Шадияр», т.б. батырлық, лиро-эпостық дастандары. Жазба әдебиеті.Жыраулар шығармашылығы. Ұлтық әдебиет. Ұлттық қолөнер мен зергерлік өнер шеберлері.
Әдебиет: Н.Ә-25
Қ.Ә-49
Тақырып № 27-28.Алтай түріктері. (1сағ)
Мақсаты: Алтайдағы қазақ және түркі халықтарына сипаттама беру.
Жоспары
1. Алтайдағы қазақ және түркі халықтары.Таулы Алтай аймағы.Саяси тарихы.Жер аумағы. Түркі тілдері тобы.Этнография жағынан алтайлықтар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Аңшылық, малшылық кәсібі. Қазан төңкерісінің сәл алдында жойылғай тұрған ойраттар тарихына үлкен бетбұрыс . Моңғол Халық Республикасы құрылды. 1922 жылы 2.Ойрат автономиялық облысын құрылуы. Ұлы Отан соғысы кезіндегі кейбір сатқындық әрекеттен барып көптеген автономиялы облыс пен аймақтар таратылып, кейіннен қайта құрылғаны сияқты 1948 жылы таулы Алтай автономиялық облысы құрылды. Алтай тауы туралы .
Әдебиет: Н.Ә-25, 30
Қ.Ә-49
Тақырып № 29-30. Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттері. (2сағ)
Мақсаты: Жаңа тәуелсіз түркі мемлекеттеріне сипаттама беру.
Жоспары:
1. 1991 жылы кеңестер Одағының ыдырауы. 1918ж Актінің негізінде Әзербайжан Жоғары Кеңесінің мемлекеттің тәуелсіздігін қалпына келтіру туралы Декларацияны қабылдауы. «Әзербайжан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық актінің қабылдануы. (18 қазан. 1991ж)
2.1990ж 25 қазанда Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің мемлекеттік суверенитет туралы Декларацияны қабылдауы. 1991 ж 16 желтоқсанда Жоғары Кеңестің «Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңды қабылдауы.
3.Қырғыстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Республика кеңесінің республика суверенитеті туралы Декларацияны (15 желтоқсан 1990 ж), Қырғызстанның тәуелсіздігі туралы Декларацияны (31 тамыз 1991ж) қабылдауы. 1993 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясында Қырғызстан Республикасының атын Қырғыз Республикасы деп өзгерту туралы шешімінің қабылдауы.
Түркия жаңа және қазіргі заманда. Қазіргі түркі әлемі.
Әдебиет: Н.Ә-22, 25, 30.
Қ.Ә-49
Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер.
№ 1 -2 тақырып. Хунну тарихы (сюнну, ғұндар).
Мақсаты:
Жоспары:1. Ғұндар туралы алғашқы тарихи мәліметтер.
2. Ғұн державасының құрылуы, территориясы..
3. Ғұндардың қоғамдық-саяси құрылысы, шаруашылығы және мәдениеті, діні, әскери iсі және өнepi.
4. Мемлекеттік құрылысы.
5. Ғұндар Қазақстан территориясында.
6. Қазақ халқының этногенезіндегі ғұндардың ролі.
Тапсырмалар:
1. ҚМПИ кітапханасының катологімен танысыңдар.
2. оқыған материал бойынша терминологиялық сөздік пен хронологиялық кесте құрыңдар.
Әдістемелік нұсқау:
Ұсынылған әдебиеттердегі материалдарды конспектілей отырып, терминдерге назар аударыңдар, олардың мағынасын түсіндіріңдер. Сабаққа дайындалу барысында өзіндік жұмысқа арналған әдістемелік жалпы нұсқауды жақсылап оқыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 9, 15, 17, 42, 43, 71.
Қосымша әдебиеттер: 4, 5, 6, 8, 17.
№ 3-4 тақырып. Түpкі қағанаты.
Мақсаты:
Жоспары 1. Түркілер туралы алғашқы мәліметтер, мекендеген территориясы.
2. Tүpiк тайпалық одағының нығаюы.
3. Түркі қағанатының құрылуы.
4. Түркі қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.
5. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.
Тапсырмалар:
1. Бумын қаған. Муған-қағанның билігіне кезеңіне сипаттама беру.
2. оқыған материал бойынша терминологиялық сөздік пен хронологиялық кесте құрыңдар.
Әдістемелік нұсқау:
Шаруашылық, салық, мемлекеттік құрылым, мәдениет принцип бойынша материалдарды жинақтандар. Деректердегі материалдың сенімділігіне назар аударыңдар.
Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.
Қосымша әдебиеттер: 35, 58, 62, 63, 69.
№ 5-6 тақырып. Батыс түpiк қағанаты.
Мақсаты:
Жоспары 1. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы.
2. Мем лекеттік құрылысы.
3. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні.
4. Түрік жазба ескерткіштері.
5. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк ескерткіштері.
Тапсырмалар:
1. Көрсетілген әдебиеттер бойынша тақ мұрагерлігі және мемлекеттік биліктің тұжырымдарын қарастырыңдар.
2. Деректердегі тақырыпқа қатысты материалдың салыстыру.
Әдістемелік нұсқау:
Берілген сұрақтарды қарастыру барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша берілген материалды конспектілеңдер. Іскерлік ойындар үшін бірнеше тақырыптарды жазбаша дайындау және негіздеу.
Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.
Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
№ 7 тақырып. Eкiншi Шығыс түpiк қағанаты.
Мақсаты:
Жоспары 1. Саяси тарихы.
2. Жаулап алушылық жорықтары.
3. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.
4. Түркілердің тілі, жазуы, жазба ерекшеліктері.
5. Түріктердің қол астындағы басмылдар, ұйғырлар және қарлұқтардың көтерілуі.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша тақ мұрагерлігі және мемлекеттік биліктің тұжырымдарының негізгі тұстарын қарастырыңдар:
2. қарастырылған құжаттардың ерекшеліктерін салыстырыңдар.
Әдістемелік нұсқау:
Тақырып бойынша ұсынылған материалдар мен деректерді оқу барысында олардың ақпараттылығын, объективтілігін айқындаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 10, 17, 38, 39, 40, 44, 45.
Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
№ 8 тақырып. Түргеш қағанаты.
Мақсаты:
Жоспары 1. Түргеш қағанатының құрылуы.
2. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.
3. «Қара» және «сары» түргештердің күpeci.
4. Қағанаттың әлсіреуі.
5. түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекеттінің құрамында
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған әдебиеттер бойынша материалды конспектілеу.
2. Терминдерді түсіндіру, оның пайда болған тарихын анықтау.
Әдістемелік нұсқау:
СӨЖ-ге арналған ұсыныстар бойынша барлық материалдарды конспектілеу.
Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 38, 39, 40, 44, 45, 51, 80.
Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
№ 9 тақырып. Ұйғыр қағанаты.
Мақсаты:
Жоспары 1. Ұйғырлар үстемдігінің орнауы.
2. Сыртқы саясаты.
3. Манихейлік - қағанаттың мемлекеттік діні.
4. Шаруашылығы, тұрмысы және мәдениеті.
5. Ұйғыр қағанаты қырғыздар шабуылдары нәтижесінде құлауы.
Тапсырмалар:
1. оқытылған деректердің сипатын анықтау.
2. деректердегі ақпараттардың сипаты туралы кесте жасау (шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениет).
Әдістемелік нұсқау:
Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалды баяндаған тілге назар аударыңдар, деректердің жазылу мақсатын айқындау және бұл мақсат мазмұнына әсері бар екендігін анықтау.
Негізгі әдебиеттер: 10, 12, 17, 39, 40, 44, 45, 51, 57, 80, 104.
Қосымша әдебиеттер: 9, 35, 58, 62, 63, 69, 87.
№ 10тақырып. Орта Азия мен Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуы.
Мақсаты:
Жоспары 1. Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы қарсаңында.
2. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы.
3. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Дешті-Қыпшақ жері Шыңғысхан ұлдары ұлысының құрамында.
4. Жошы ұлысының нығаюы және Алтын Орданың құрылуы.
5. Алтын Орданың территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.
6. Экономикасы және мәдениеті.
Тапсырмалар:
1. Ұсынылған деректердің сипатын анықтау.
2. Деректердегі ақпараттардың сипаты туралы кесте жасау (шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениет).
Әдістемелік нұсқау:
Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалдарды пайдалана отырып реферат дайындау және моңғол шапқыншылығы үрдісіне аударыңдар, тақырыпқа қатысты деректердің жазылу мақсатын айқындау.
Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 18, 29, 37, 47, 58, 66, 93.
Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16, 18.
№ 11 тақырып. Алтын Орда мен Моғолстанның ыдырауы.
Мақсаты:
Жоспары 1. «Өзбек», «ноғайлы» және «моғол» суперэтностары.
2. Алтын Орда және Моғолстан территориясындағы этникалық процестер.
3. Алтын Орданың ыдырауы.
4. Моғолстанның ыдырауы.
Тапсырмалар:
1. Этностық атаулардың деректердегі көрінісін салыстыру.
2. Алтын Орда мен Моғолстанның шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениетін салыстыра талдау.
Әдістемелік нұсқау:
Тақырып материалдарын қарастыру барысында, материалды баяндаған тілге назар аударыңдар, деректердің жазылу мақсатын айқындау және бұл мақсат мазмұнына әсері бар екендігін анықтау.
Негізгі әдебиеттер: 8, 16, 17, 18, 25, 29, 47, 51, 57.
Қосымша әдебиеттер: 4, 7, 9, 13, 16.
№ 12-13 тақырып. Қырым, Қазан және Астрахань хандықтары
Мақсаты:
Жоспары 1. Қырым хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.
2. Қазан хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.
3. Астрахань хандығы және оның ішкі сыртқы саясаты.
Тапсырмалар:
1. Аталған хандықтардың саяси құрылымын салыстыру арқылы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді айұқындаңыздар.
2. шаруашылығы, мемлекеттік басқару, тұрмыс, мәдениетін қарастырыңыз.
3. Тақырып бойынша терминологиялық сөздік құрау және хронологиялық кесте жасау.
Әдістемелік нұсқау:
Ұсынылған сұрақтарды қарастыру барысында материалдардан билік мәселесі, этникалық құрамы және территориялық аумағына назар аудару.
Негізгі әдебиеттер: 6, 18, 45, 47, 48, 66, 72.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4.
№ 14-15 тақырып. XV-XVIII ғғ. Қазақ хандығы.
Мақсаты:
Жоспары 1. Қазақ хандығының құрылуы.
2. Қазақ хандығы туралы жазба деректер.
2. Қазақ жерлерінің этникалық шекарасының бeкiтiлyi.
3. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясаты.
4. ХҮІІІ-ХІХ ғғ. Қазақ хандығы.
5. Қазақстанның Ресейге қосылуы.
Тапсырмалар:
1. Қазақ хандары династиясының шығуы туралы материалдарды топтастыру.
2. Бұрындық, Қасым, Хақ-Назар, Шығай, Тәуекел хандардың билігін салыстыру.
3. Қазақ хандығының Өзбек хандығымен, Моғолстанмен, қырғыздармен, жоңғарлармен ара қатынасын қарастыру.
Әдістемелік нұсқау:
Қазақтар мен қазақ хандары туралы Фазлаллах ибн Рузбихан, Мирза Махмуд Хайдар, Қадырғали бидің еңбектерінің маңызына баға беріңіздер. XVII-XVIІI ғғ. басындағы қазақ хандығы және Eciм хан, Жәңгір хан, Тәуке ханның билігін міндетті түрде оқыңып талдау жасаңыздар.
Негізгі әдебиеттер: 10, 11, 13, 16, 17, 18, 22, 25, 27, 39, 40.
Қосымша әдебиеттер: 1, 2, 4, 5, 9.
Глоссарий.
Әкімдер - Қарахан мемлекетіндегі отырықшы егіншілікпен айналысатын аудандарды басқаратын адамдар лауазымы.
Беклербек - Алтын Ордада мемлекеттік, әскери қызметті ханның атынан басқаратын адам.
Гуньмо - үйсін басшыларының лауазымы.
Жабғу - оғыз тайпасының ерте ортағасырлық феодалдық мемлекетінің билеушісінің лауазымы.
Құрылтай - түркі халықтарында хандар саулауын өткізу немесе басқа да ірі мәселелерді шешу үшін өткізілетін жиналыс.
Манап - қырғыздардың ру шонжарлары.
Печенегтер - Хазарларға, кейінірек келген қыпшақтарға туыс, көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан халық.
Үлес - Қарахан мемлекетінде ірілі-ұсақты өңірлерге бөлінген феодалдық жер иеліктері.
Руналық жазу - Соғды жазуының негізінде, арамейліктен бастау алған азиялық түріктердің жазуы (V-XI ғ.ғ).
Горхан - Қарақытайлар билеушісінің титулы (хандардың ханы).
Талас жазуы – VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Тоныкөк тас жахуы - VIII ғасырдағы түрік тайпаларының көне жазба мұрасы.
Ұлы Жібек жолы – сауда – керуен жолдарының жалпы атауы; б.з.д. ІІ ғасырдан XVI ғасырға дейін Орта Азия арқылы Қытайды Алдыңғы Азиямен байланыстырыды.
«Шығыснама» - Шыңғысхан және оның ұрпақтары туралы жазылған шежіре.
Эпитафия – қабір ескерткішіне жазылған жазу
Этникалық қауымдасық – адамдардың әлеуметтік тұрықты топтары. Ол тайпа, халық, ұлт, т.б. түрінде ерекше тарихи жағдайларда қалыптасады.
Айша – бибі кесенесі – ХІ –ХІІ ғасырларда ірге көтерген сәулет өнері ескерткіші. Ескерткіштен қазақ халқының ою-өрнек, әшекей бұйымдарының көп екендігін көруге болады.
Алаша хан кесенесі – Қарахан немесе оғыз – қыпшақ заманында XIV-XV ғасырларда сахаралық сәулет өнерінің үлгісінде салынған ескерткіш. Қарағанда облысы, Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан.
Арыстан-баб кесенесі – ортағасырлық сәулет өнері ескерткіші. Кесене Отырар қаласының гүлденіп тұрған кезінде ІХ-Х ғасырларда тұрғызылған.
Ахмет Йассауи кесенесі – қарахан дәуірінде(ХІІғ), кейін оның қираған іргесіне Әмір Темір бұйрығымен XIV ғасырдың аяғы – XV ғасырдың басында тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Баба-Ата – қыпшақ-қарахандар дәуіріндегі (ІХ-ХІІғ.)қала.Қаратаудың шығыс етегіне таман, Шолаққорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 15 км жерде орналасқан.
Бабаджа-қатын кесенесі – Х-ХІ ғасырлардағы сәулет өнері ескерткіші.Тараз қаласынан 18 км жердегі Айша-бибі кесенесінің жанында орналасқан.
Жошы хан кесенесі - қарахан дәуіріндегі (Х-ХІІғ) сәулет өнерінің айқын бір үлгісін сипаттайтын ескерткіш.Жезқазған қаласынан 45 км жерде, Кеңгір өзенінің сол жақ жағасында орналасқан.
Көккесене – оғыз-қыпшақ заманында (ХІғ.)биік мұнаралы етіп салынған сәулет өнері.Қызылорда облысы, Төменарық стансасының солтстік-батыснан 8 км жерде Сырдария жағасында орналасқан.
Күлтөбе – жазба деректерде «Жылан-Қарауыл» атанатын ХІІІ-XVІІІғасырлардағы бекініс. Шымкент облысы, Созақ ауданында рналысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |