Лекциялық материалдың мазмұны



бет6/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,53 Mb.
#5254
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Аудиториялық сабақтар төмендегідей анықталады:

лекция – 15 сағат;

семинар – 15 сағат;

барлығы – 30 сағат.
ІІ. Кезекті және аралық бақылау балдарын (30) анықтау:

Семестр бойынша 2 аралық бақылау өткізіліп, олардың әрқайсысына 30 балдан бөлінеді.


Аралық бақылаудың өткізілу кестесі:

Бақылау түрі

Формасы

Мерзімі

Жоғары балл

Тақырыптар

Аралық бақылау

Тест тапсырма-лары, тақырып-қа сәйкес тап-сырма

7 апта

5

1-7 оқу аптасы

Аралық бақылау

Кешенді тап-сырма, бақылау жұмысы

15 апта

5

8-15 оқу аптасы


ІІІ. Орындалған тапсырмаларға балл қою:

Тапсырма түрі:

- семинар (ОБСӨЖ) сабағында жауап берген кезде

- өте жақсы – 1 балл;

- жақсы – 0,7 балл;

- қанағ. – 0,5 балл;

- қанағатсыз. – минус 0,5 балл

- лекцияға қатысып, конспект болса – 0,2 балл;

- қосымша – 0,3-0,5 балл;

- баяндама – 1,0 балл;

- реферат – 1,5 балл;

- бақылау жұмысы – 0,3 балл;

- глоссарий – 0,2 балл;

- кроссворд құрастыру – 0,3 балл;

- студентік конференцияға дайындық – 1 балл;

- мерзімдік баспасөзге талдау жасау – 0,2 балл;

- лекция, семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса – 0,5 балл.

Семинар (ОБСӨЖ) сабақтарын қалдырса, студент кесте бойынша сол сабақтарды қатаң түрде өтейді.

Сабақ қалдырған студентке кезекті бақылау жұмысы тапсырған кезде, төменгі жағдайларға назар аудару керек:


  • егер студент себеппен сабақ қалдырған болса, оның өтелген сабағының бағалауы төмендемейді, мысалы студент «5» ке жауап берсе, баға сақталады.

  • егер студент себепсіз сабақ қалдырған болса, оның бағалау коэффициенті төмендейді: берілген тапсырма бір аптаның ішінде орындалса – 0,8 балл, келесі аптада орындалса - 0,6 балл, екі аптадан кейін орындалса – 0,4 балл, одан кейінгі орындалған тапсырмалар қабылданбайды.


Қорытынды бақылау тапсырмалары:

1. Бақылау жұмысына дайындық.

2. Бақылау тестісіне дайындық.

3. Глоссарийдың түсініктерімен жұмыс істеу.


ІV. Аралық бақылау тест, бақылау жұмысы, тақырыпқа сәйкес тапсырмалар ретінде оқытушының талабы бойынша өткізіледі.
Аттестация қорытындысы бойынша рейтинг балдарды анықтау:


Дұрыс жауап бергендегі %-тік көрсеткіш

Бағалау

55-60

5 (өте жақсы)

45-54

4 (жақсы)

30-44

3 (қанағат.)

0-29

2 (қанағатсыз.)


Бағалау жүйесінде әріптік таңбаларды қолдану:


Балдар(%)

Бағаның әріптік жүйесі

Балдың

цифырлық


баламасы

Баға

95-100

90-94


А

А-


4.0 3.67

Өте жақсы

85-89

80-84


75-79

В+

В

В-



3.33

3.0


2.67

Жақсы

70-74

65-69


60-64

55-59


50-54

С+

С

С-



2.33

2.0


1.67

1.33


1.0

Қанағаттанарлық

0-49

Ғ

0

Қанагаттанарлықсыз



Аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары
1. Қазақстан, Орта Азия, Шығыс Еуропа халықтарының тарихына өзгеріс әкелген ұлы қоныс аудару оқиғасының хронологиясы.

2.V ғ. өмір сүрген теле тайпасының оңтүстігіндегі көшіп-қону жайылымдары қай жерге дейін жетті?

3. Түріктердің Орта Азияны алудағы басты мақсаты Каспий теңізінен Солтүстік Үндістан мен Шығыс Түркістанға дейінгі созылып жатқан күшті мемлекетті жаулау болды. Бұл кімдердің территориясы?

4. Қай жылы Иран мен Византия өзара келісімге келіп, Византия өзінің

Кавказдағы вассалдарын түріктерге қарсы қойды?

5. Батыс Түрік қағанатын түріктің қай тайпасынан шыққан ақсүйектер биледі?

6. Жеғүй мен Тон-жабғу қағандар Батыс Түрік қағанатының территориясын

кеңейту үшін қай жерлерге жорық жасады?

7. 723 ж. түркештер кандай тайпамен бірігіп арабтарға қарсы соққы берді?

8. V ғасырда жазылған деректерде қарлұқтарды қалай атаған?

9. Қарлұқтарда бірлестіктің билеушісін қалай атады?

10. Қарлұқтар құрамында 9 тайпа болғандығын дәлелдеген географ кім?

11. Оғыз мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?

12. Жент, Сауран, Сүткент, Фараб қалаларының халқы қандай шаруашылықпен айналысты?

13. Оғыз одағында 24 тайпа болғандығы, олардың бұзұқтар мен ұшұқтарға
бөлінгендігі туралы кімнің деректерінде кездеседі?

14. X ғасырдың екінші жартысында оғыздарда халық көтерілістері жиілеп,


оны селжұқтар пайдаланады. Бұл жағдай қай жабғу тұсында болған?

15. Қимақ қағанатының құрамына қанша тайпа кірді?

16. Қимақтар қай ғасырда Алтайдың солтүстігінен Ертіс бойына қоныс

аударды?


17. Қимақтардың туыстас тайпасы кімдер болған?

18. Әл-Идриси еңбегі бойынша қимақтардың Ертіс өзені бойында қанша қаласы болған?

19. Қарахан мемлекеті қашан екіге бөлінді?

20. 1089 ж. Қарахандар кімдердің вассалдық тәуелділігіне түсті?

21. Шығыс және Батыс Қыпшақ бірлестіктері аралығын не бөліп тұрды?

22. Қыпшақтардың Хорезм шахымен ұзаққа созылған соғысын тоқтатқан басты себеп не болды?

23. Батыс Түрік қағанатының халқының көпшілігін кімдер құрады?

24. Қарақытайлар тарихында қай тайпаның орны ерекше болды

25. Қарахан хандығында 960 ж. қандай басты оқиға болды?

26. Қарақытай мемлекетінің орталығы:

27. Найман хандығы қашан құлады?

28. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?

29. Найман одағында қанша тайпа болған?
30. Керейттер туралы мәліметті қай деректен білеміз?

2 аралық бақылау жұмыстарының тапсырмалары

1. Ғұндар мемлекетінің құрылуы, көршілерімен қатынастары.

2. Ғұндар дунху және юечжилермен соғыстары.

3. Көшпелі Ғұн империясының дамуы және құлдырауы.

4. Орта Азия және Қазақстандағы ғұндар.

5. Еуропаға ғұндардың басып кіруі.

6. Еуропаның орта ғасырлық тарихындағы ғұндардың рөлі мен орны.

7. Батыс Түрік қағанаты.

8. Шығыс Түрік қағанаты.

9. II Шығыс Түрік қағанаты.

10. Түркі халықтарының дүниетанымы, әскери ісі, діні, әлеуметтік құрылымы.

11. Қарахандардың мәдениеті.

12. Хазарлардың шығуы және этникалық тегі.

13. Хазар мемлекетінің құрылуы.

14. Хазарлардың мемлекеттік құрылымы.

15. Хазарлардың шаруашылығы, мәдениеті.

16. Қимақтардың шығу тeгi мен opнaлaсy аймағы.

17. Деректер бойынша ІХ-ХІ ғғ. қимақтар мемлекеті.

18. Қимақтардың шаруашылығы, әлеуметтік - саяси жағдайы.

19. Қыпшақтардың шығу тегі мен орналасу аймағы.

20. XI-ХІІ ғғ. шамасындағы қыпшақ тайпалар конфедрациясының құрылуы.

21. Қыпшақ мемлекеттілігі.

22. Қыпшақтардың оңтүстікке экспансиясы.

23. Қыпшақтардың шаруашылығы, әлеуметтік және ру-тайпалық құрылысы.

24. Қыпшақтар қазақ халқының этногенезінде.

25. Өзбек хандығаның құрылуы.

26. Өзбек хандығаның ішкі және сыртқы саясаты. 31. Наймандардың салық жинаушысы қалай аталды?

27. Қыпшақтардың Мысырға құл ретінде сатылып, әскери жасақ құрғандары қалай аталды?

28. Керей мемлекеті қашан құлады?

29. Қыпшақтардың оң қанатының орталығы қалай аталды?

30. Қыпшақ мемлекеті араб деректерінде қалай аталған?


Реферат тақырыбы

Рефератты жазу әдістемесі: Рефераттар даярлау. Реферат деген белгіленген тақырып бойынша ғылыми әдебиеттердегі концепцияларды қысқаша баяндау. Негізгі мәнісі деректерден маңыздыны белгілеп алып,оны қысқаша түрде баяндау.

Рефераттың көлемі 2 интервал арқылы жазылған 8 баспа беттен кем емес және 20 баспа беттен аз емес болуы керек. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді: кіріспеге, негізгі бөлімге және қорытындыға. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, негізгі мәселенің қысқаша сипаттамасының түйіні, жұмыстың мақсаттары мен міндеттері, пайдаланған түп нұсқа деректердің мәнісін айқындау қажет. Негізгі бөлім бір-бірімен байланысты,тізбектелген.


Тақырыбы:

1. «Алаш» қозғалысы және азамат соғысы жылдарындағы түркі саяси ұйымдары

2. ХХ ғ. түркі мерзімдік баспасөзі

3. Мұстафа Кемаль Ататүрік: саяси портреті

4.Қазіргі кезеңдегі түркі халықтарының экономикалық және саяси өзара байланысы

5.Орталық Азия түркілерінің этногенезі

6.Кавказ аймағында түркі диаспорасының қалыптасу процесі

7.Ресей мемлекетінің дамуындағы түркілер

8.М.Аджи және оның түркі тарихына байланысты көзқарастары

9.«Түрік» этнонимінің этимологиясы

10. В.В.Бартольдтың ежелгі түркілер тарихын зерттеуге қосқан үлесі

11. Ғұндардың мемлекеттік құрылысы.

12. Ғұндар Қазақстан территориясында.

13. Қазақ халқының этногенезіндегі ғұндардың рөлі.

14. Түркілер туралы алғашқы мәліметтер, мекендеген территориясы.

15. Tүpiк тайпалық одағының нығаюы.

16. Түркі қағанатының құрылуы.

17. Түркі қағанатының Батыс және Шығыс түрік қағанатына бөлену.

18. Батыс түрік қағанатының қалыптасуы, мемлекеттік құрылысы.

19. Түріктердің шаруашылығы, тұрмысы, діні.

20. Түрік жазба ескерткіштері.

21. Күлтегін, Білге-қаған, Тоныкөк ескерткіштері.

22. Шығыс түрік қағанатының әлсіреуі.

23. Түргеш қағанатының ішкі және сыртқы саясаты.

24. «Қара» және «сары» түргештердің күpeci.

25. Түргештер «тухси» деген атаумен қарлұқ мемлекеттінің құрамында

26. Ұйғырлар үстемдігінің орнауы.

27. Ұйғырлар сыртқы саясаты.

28. Шыңғыс ханның моңғол империясын құруы.

29. Жошы ұлысының нығаюы және Алтын Орданың құрылуы.

30. Алтын Орданың территориясы мен этникалық құрамы. Саяси құрылысы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер.

1. Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 1999. -296 б.

2. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы: Оқулық-хрестоматия. – Астана: «Фолиант». 2000–

3. Әбілғазы. Түрік шежіресі. Алматы, Ана-тілі, 1991.208 б.

4. Бабыр Захир ад дин Мұқамед. Бабырнама. Алматы, 1993.

5. Бичурин Н.Я. (Иакинф) Собрание сведений о народах обитающих в Средней Азии в

древние времена. А. 1998

6. Геродот. История в девяти книгах. Москва, 1972.

7.Диваев А. Тарту. Алматы, 1992.

8.Дулати М.Х: Тарих-и Рашиди. Алматы, Мұхамед Хайдар Дулати қоғамдық қоры, 2003

9.Жүсіп Баласағұн. Құтты білік. Алматы, 1986.

10.Иүгенеки А. Ақиқат сыйы. Алматы, 1985.

11.Қ.Жалайыр. Шежірелер жинағы. Алматы.19 97,-128б.

12.Қорқыт ата кітабы. Алматы, 1986.

13.Махмуд Қашғари. Диуан-лұғат ат-түрік. Алматы, 1993.

14.Моңғолдың құпия шежіресі. Баян-өлгий, 1979.

15.Өтеміс Қажы. Шыңғыс наме. Алматы, 1992.
Оқулықтар.

1.АбильЕ. История государство иправа Республики Казахстан.( с древнейших времен до до 1992 года), второе издания, Астана,Фолиянт, 2001.

2.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.( көне дәуірден біздің заманымыздың XIV ғасырына дейінгі кезең). 1-кітап, Алматы, Білім, 2002. 292 б.

3.Аманжолов К.Р. Түркі халықтарының тарихы.( XV- XVІІІ ғасырына дейінгі кезең). 2-кітап, Алматы, Білім, 2002. 272 б.

4.Кузембайулы А., Абиль Е., История Казахстана, Учебник для ВУЗов. 7-е издание. Перераб. и доп.- СПБ, Соларт, Санкт-Петербург, 2004.

5.Қазақстан тарихы. Ежелгі уақыттан қазіргі кезеңге дейін. Очерк. Бас.Ред. М.Қ.Қозыбаев. Алматы, Дәуір, 1993.

6.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Төрт томдық, 1-том, Алматы, Атамұра, 1996.

7.Қазақстан тарихы.(көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық, II-том. Алматы, Атамұра,



Қосымша әдебиеттер.

Анықтама үшін пайдалынатын әдебиеттер.

8.Артыкбаев Ж.О. Атлас по истори Казахстана с древнейших времен до XVIII века. I-част. Санкт-Петербур, 2005.

9.Ералина А.Е. Қазақстан тарихы курсы бойынша тақырыптық-проблемалық терминалогиялық түсініктер жанағы. Қостанай, 2002.

10.Қазақтар: Көпшілікке арналған 9-томдық анықтамалық Алматы, Қазақстанның даму институты, Т.1. Тарихи оқиғалар.1998. 432 б.



Арнаулы зертеулер:

11.Абдиров М. Хан Кучум: известный и неизвесный. Алматы, 1996.

12.Абиль Е. Этногенез казахов. Опыт системного подхода.- Костанай, 1997.

13.Абусеитова М. Х. Казахское ханство во второй половине XIV века. - Алма-Ата, 1985.

14.Агаджанов С.Г. Государство Селдьжукидов и Средняя Азия в ХІ-ХІІ вв. М-1991-302 с.

15.Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории Средневекового Казахстана. - Алма-Ата, 1989.

16.Байбатша Ә. Қазақ даласының ежелгі тарихы. (көмекші оқу құралы) А, Санат, 2001. 192 б.

16.Байпақов К. Нүржанов А. Ұла жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. Алматы, Қазақстан, 1992, 208 б.

17.Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье М-1988.450 с.

18.Гумилев Л.Н. Қиял иатшалығын іздеу. Алматы, Балауса, 1992, 428 б.

19.Гумилев Л.Н. Көне түріктер. Алматы, Білім, 1994.

20.Гумелев Л.Н. Хұндар. Алматы, 1998.

21.Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. Алматы, Арыс, 1995.

22.Жұртбаев Т. Дулыға: Көне түркі батырлары туралы әфсаналар. А, Жалын, 1994. 2-кітап.

23.Кузембайулы А., Абиль Е. Казахская Сибирь. – Костанай, 1997.

24.Күзембайұлы А, Әбіл Е. Тарихшы және оның заманы: (историк и его эпоха). Петроваловск, 2001, 200 б.

25.Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: пойски размышления. В двух книгах. Алматы, Ғылым, 2000. 420 с.

26.Қозыбаев М. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, 1994.

27.Қозыбаев М.Қ Өркениет және ұлт. Алматы, Арыс, 2001.

28.Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты: Алматы, Қазақ университет., 1992-272 б.

29.Қозыбаев М. Тарих зердесі. Алматы, Ғылым, 2 том, 1998.

30.Марков Г.Е. Кочевники Азии. Структура хозяйства и общественной организации. – М., 1976.

31.Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. – М., 1995.

32.Орманов Қ.Т Тұран өркениетінің ізімен. ( тарихи-этнографиялық очерктер жинағы) Қостанай,2005.

33.Султанов Т.И. Россия и Казахстан: история и пролемы взкаимодействия (XVI - начало XX веков)// Россия, Запад и мусульманский Восток в колониальную эпоху. – Спб.., 1996

Курстың саясаты
Студент ЖОО оқып жүрген кезінде төмендегідей талаптарды орындауға міндетті:

-Сабаққа кешікпей қатысу.

-Сабақ үстінде сағыз шайнауға болмайды.

-Сабақ үстінде газет-журнал оқымау.

-Сабақ үстінде айнаға қарамау. (қыз балалар)

-Сабақ үстінде артық сөйлемеу.

-Сабақ үстінде ұялы телефонды сөндіру.

-Сабаққа тиісті киіммен келу.

-Қалдырған сабақ тапсырмаларының қарызын өтеу.(сабақтан тыс уақытта)

-Берілген тапсырма орындалмаса, қорытынды балыңыз кемиді.

-Оқу процесіне белсенді қатысу.

-Бағалау саясаты обьективтік принциптерді икемді жоғары саралауда негізделеді.

-Әрбір сабаққа міндетті дайындық:

-Берілген тапсырмаларды оқып меңгеру.

-Барлық тапсырмалар уақытылы қойылған мерзімінде орындалуға тиіс.
Бақылау түрі мен формасына қарай балл қою:

1 ескерту. Семестр қорытындысы бойынша тиісті баға алып, 30 балл жинаған студент емтиханға жіберіледі. Емтихандағы тиісті баға 20 балл.

2 ескерту. Қалдырылған практикалық сабақтар орындалған жұмысты қорғау арқылы өтеледі.
2.1. Пәнді оқу технологиясы
Пән бойынша барлық материал төрт бөлікке бөлінген:


  • Лекция сабақтары

  • Семинар сабақтары.

  • Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы.

  • Студенттің өзіндік жұмысы.

Қажет оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиет бар, пәннің көптеген бөлімдері бойынша семинар сабақтары өткізіледі. Студент семинар сабақтарына дайындалуға міндетті, дайындалмаған студент орнын толтырады.

Кредиттік технология жоғары деңгейлі өзіндік білімге және білімді шығармашылық игеруге негізделгендіктен, кафедра студентке толықтай өзіндік жұмысты «жүктейді». Студенттердің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді. Студенттің оқытушының жетекшілігімен жасайтын өзіндік жұмысы (СОӨЖ) кесте бойынша аудиторлық сағатта өткізіледі. Алайда ол барлық студенттер үшін міндетті емес. Әр СОӨЖ-ге лекцияға кірмеген және қандай да бір сұрақтарды бөлшектеп қарауға немесе кеңірек және тереңірек қарауға, оларды талдау дағдыларын жетілдіруге көмектесетін материалдар дайындалады. Өз бетінше жақсы жұмыс істей алатын студент аудиторлық сағаттан босатылады. Студенттің дайындық деңгейін анықтау үшін тұрақты түрде әр студенттің оқу жетістіктерінің мониторингі жүргізіледі. СОӨЖ уақытында студенттің жеткен жетістіктерін бағалау жүргізіледі, олар арнайы журналға жазылады.

Пәнді оқытуға арналған уақыттың төрттен бір бөлігінде студент оқытушының көмегінсіз өз бетінше жұмыс істейді. Бұл үшін ол оны орындауға арналған қажет тапсырмалармен және ұсыныстармен қамтамасыз етіледі.

Барлық тапсырмалар тексеру уақыты ескеріліп беріледі, оларды оқу жылының аяғында тапсыруға жол берілмейді. Бұл үшін тапсырмаларды беру және оларды тексеру графигі құрастырылады, оны қатаң түрде орындау студенттің академиялық табысқа жетуіне кепілдік береді.


Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Лекция материалдары

Қостанай , 2009 .

1 . Тақырыбы: Түркі халықтарының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны.

Мақсаты: Курс туралы жалпы түсінік беру.

Жоспар:

І.Түркі халықтары тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері.



Түркі халықтарының тарихы пәні:

Қазақ халқы — этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихка VI ғасырда "түркі" деген атпен енсек те, алтайлыктар, сақтар, хундар (бұл атау ғұндар, һундар деп те жазылады) мәдениетінің төл мұрагеріміз. Ежелгі түркі елі, түркі жұрты ұлы тарихи оқиғалардың діңгегі әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төнкерісіне дейін қазақ та. түрікмен де, қырғыз да, өзбек те, әзірбайжан да өз тарихыңда толыққаңды мемлекет болмаған, ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз деп, ку тақырда жаралған, яғни тексіз етіп көрсетуге тырысты.

Түркі елінің ежелгі тарихы біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан, ертедегі хундар империясының құрылу кезеңінен басталады да, біздің заманымыздың IX ғасырын қамтиды. Бұл ерте дәуір тарихының өзі — бірыңғай археологиялық деректер тарихы ғана емес, көбіне деректер негізіндегі тарих. Демек, біздің заманымыздан бүрынғы III ғасыр мен бергі XI ғасыр арасындағы хундар, түркілер дэуірі — біздің рухани қазыналарымыз, түркі жүртының мөдениет тарихының деректі коздері.

Ал орта ғасырдағы түркілер елі, түркі жүрты XXIV ғасырларда өзінің бай жазба тарихын жасады. Түркілердің этникалық негізі болган тайпалар мен халықтардың жэне хун, түркі империяларының қүрамына кіріп аралас-күралас күн кешкен 20-дан астам түркі жүртының ру-тайпаларының аты бізге жетті, олар: печенег, қимақ, қыпшақ, оғыз, иемек, башқүрт, басмыл, қай, ябақу, татар, қырғыз, шігіл, тухси, яғма, үграқ, шарух, жүмылы, үйғыр, таңғүт, қидан т. б. Бірақ кеңес заманындағы "пантюркис" деген сойкан сез "халық жауы" деген мағынада қолданылып, Отан сүйер, үлт сүйер есіл ерлердің басын жүтқандыктан, ежелгі ел екенімізді үмытып, Ресейдің кол астындағы "тегі жок тексіздер", "жазуы жоқ, сызуы жоқ жабайылар" болып шыға келдік. Өз негізімізден, өз дөулетімізден озіміз жерідік, өз байлығымыздан өзіміз бездік, ертеректегі елдігімізден, ата-баба мүрасынан ат-тонымызды ала қаштық.

Бүгінгі күні еліміз тәуелсіздігін алып, ертеңіне сеніммен қол созган шақта, тегін тануға талпынған халқымыздың талабын қанағаттандыру, оның өткенін білуіне комектесу — тек тарихшы ғалымдардың ғана міндеті емес, елін, жерін, халқын сүйген эрбір зерделі азаматтың борышы. Сондықтан түркі халқының тарихын егжей-тегжейлі талдау, ел шежіресіне, бабалар мүрасына жаңаша көзқарас орнықтыру үшін, біз барымыз бен жоғымызды уакыт безбеніне салып, тарихымыздың ақтаңдақтарын ашуымыз кажет.



Түркі елі өзі омір сүрген 1500 жыл ішінде төрт рет гүлдену-ерлеу, төрт рет дағдарыс-қүлдырауды бастан кешірді. Бірінші ерлеу — біздің заманымыздьщ VI ғасырында Еуразияны жайлаған ежелгі түркі тегінен шыққан тайпалардың, халықтардың бірігіп, бірінші Түркі қағандығын (империясын, 551—630 жылдар) қүрған кезі. Бүл империя кең байтақ аумақты — Монғолияны, Енисейдің шығыс жағын, Байкал жағалауын, ал батысында Қырымға дейін, Оңтүстікте Амударияның бастауына дейін қамтыды. Солтүстік Қытай мемлекеті — Ци жэне Батыс қытай мемлекеті— Чжоу түркі қағандарына алым-салық толеді. Олармен VII ғасырдың 60-жылдары сол кездегі ірі мемлекеттер — Иран, Византия саяси-экономикалық қарым-қатынас жасады. Түркі елінің тарихындағы бірінші ауыр дағдарыс, экономикалық-мәдени қүлдырау кезеңі — VII ғасырдың ортасы. Бүл кезде түркі бектерінің дербестікке үмтылуы озара қырқыстарға өкеп соқты. Қытайдың Ци империясы оған белсене араласты. Соның салдарынан түркі қағандығы Орталық Азияда Шығыс жене Батыс қағандықтар болып екіге бөлінді, империя дағдарысқа килікті, әлсіреді. Шығыс Түркі мемлекеті қытайлардан жеңіліп, түркі халқы 50 жыл бойына (630— 679 жылдар) бостандығынан айырылды.

Бүгінгі күні Орта Азиядағы Түркі тектес елдер Қазақстан, Озбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан жэне Әзірбайжан төуелсіздігін алып ертеңіне сеніммен қол созған шақта Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев түркі халықтарының одағын қүруды үсынды, ол өз созінде Орта Азия елдерінің одағын қүру туралы "Біз ... үлы державалардың осы өңірде экономикалық басымдылыққа ие болу жолындағы бэсекелестігін де байқап отырмыз.

Біздің алдымызда таңдау түр: бірі — өлемдік экономиканың мәңгілік шикізаттық шылауы болып қалу, екіншісі тағы бір империяның келуін күту немесе Орталық Азияның барынша интеграциялауына қарай қадам жасау.

Мен осының соңғысын үсынамын.



Бүдан былайғы интеграциялауымыз — біздің оңіріміздін түрақтылығына, прогреске, экономикалық және өскери-саяси тәуелсіздікке апаратын жол. Тек осындай жағдайда ғана біздің еңірді өлем қүрметтейтін болады. Тек сонда ғана біз кауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестік пен экстремизмге қарсы пэрменді күрес жүргізетін боламыз. Мүндай бірлестік, сайып келгенде, біздің өңірде өмір сүріп жатқан қарапайым адамдардың мүдделеріне толық сай келеді.

Түркі халыхтарының тарихы - элеуметтік-гуманитарлық пэндер циклындағы дербес пэн. Пэнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан ортағасыр аралығын қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мэн беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи үлттық санасын қалыптастырып жэне тарихи үлттық қүндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тэуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды қүбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жүртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бүл орайда Түркі халықтарының тарихы пэніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тэрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Түркі халықтарының тарихы институтың тарих мамандықтары бойынша екінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жері түркі халықтарының қара шаңырағы екендігіне тоқталу.

Осыған байланысты пэн өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:


  1. Түркі халқының этногенезі мен этникалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы жэне оның өркендеуі, жаруашылығы жэне мэдениеті жөнінде білім беру

  2. Түркі халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі жэне қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мэселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мүраты- студент жастарға тек қана осы пэн бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пэнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жогарғы мэдениетті, патриот азаматы болуы керек. Курстың түйіні:

Түркі халықтарының түп - тамыры. Азия мен Еуропадағы хундар империясы жэне үйсін, қаңлы мемлекеттері. Түркі тайпалары мен халықтарының шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық шығу тегі, мекендеген аймағы жэне этникалық қүрамы. Түрікі империясы мен мемлекеттері. Түркілердің бірнеше дербес мемлекет болып қалыптасуы ( VIII - ХІІІғ). Шыңғыс хан империясы жэне түркі халықтары (XII - ХІІІғ). IX - XIII ғ. Русь жэне түркі халыктары. Алтын Орданың қоғамдық - саяси қүрылысы жэне ыдырауы мен қүлауы (XIII - ХУғ.). Кіші Азияда түрік үлтының қалыптасуы жэне Осман империясынын қүрылуы мен нығайюы (XIV - XVIII ғ. 1 ж.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет