Лекциялық материалдың мазмұны


Әдебиет Н -3,5,8,11, Қ-10,11,12 Тақырып № 6-7



бет3/13
Дата05.11.2016
өлшемі2,24 Mb.
#776
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Әдебиет Н -3,5,8,11, Қ-10,11,12
Тақырып № 6-7. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардағы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Мақсаты: Түрік қағанатының құрылу тарихын еске түсіріп, олардың және алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуын сипаттап, мәдениетіне тоқталу.

Жоспары:

1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары. Ү-Х ғғ. Түркі қағанаттары. Алғашқы феодалдық мемлекеттер. Көне ескерткіштер. Сәулет өнерінің мұралары. Суяб, Тараз қалаларының құрылысы. «Мүсін-тастар».

2.Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы). Ескерткіштердің зерттелуі және сақталуы. Мазмұны.

3.Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері. Шамандық. «Қорқыт-ата» дастаны. Салт-сана, ырым, жол-жоралғы, дәстүрлер. Мал пірлері. Бақсы, балгерлер ырымы.

4.Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері. Тұрмыста қолданылатын заттар. Киім. Баспана. Қоныс мекендеріндегі құрылыс.
Әдебиет Н-3,5,8,11, Қ-10,11,13,14
Тақырып № 8-9. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті. (2 сағ)

Мақсаты: Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениетін талдап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал. Арабтардың шапқыншылығы. Ислам дінінің таралуы. Х-ХІІ ғғ. қалалар. Ұлы Жібек жолы. Шаруашылық түрлері.

2.Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар. Әбу-Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, Ахмет Яссауи ғылым салаларына қосқан үлесі.

Ад-Дин Әбу-л Мадж Мұхаммед – көрнекті ақын, оқымысты. Иағқуб әл-Женди әдебиетші. Хусан ад-Дин әл-Баршынлығи.

3.Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар. Ноғай ұлысы. Дастандар. Батырлар жыры. «Қобыланды», «Шора», «Едіге», «Алпамыс», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Ер Көкше» т.б. Ғашықтық жырлар. «Мұңлық-Зарлық » қиссасы.

Әдебиет Н-3,5,8,9,11, Қ-1,4,6,8
Тақырып № 10-11. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.

Мақсаты: ХІІІ-ХV ғ.ғ. ежелгі қазақ жеріндегі ұлыстардың құрылу тарихын еске түсіре отырып, тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті. Шыңғыс хан империясы. Тілі және діні. Қалалар – сауда және мәдениет орталығы. Тұрмыс тіршілігі. Ортағасырлық архитектуралық мұралар. Жыраулар шығармашылығы.

2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары. Тілі. Әдеби мұралар. Хорезми «Махаббат наме». «Хұсырау-шырын». Саиф Сарайдың «Түрік тіліндегі Гүлстан». Дүрбек ақын «Жүсіп-Зылиха». Әбілғазы «Түріктер шежіресі». Бабыр «Бабырнама». Жыраулар шығармашылығы.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері. Музыкалық мәдениет. Фольклорлық аспаптар. Күй. Кетбұға «Ақсақ құлан» т.б. күйлердің шығу тарихы.



Әдебиет Н-5,10, Қ-17,18
Тақырып № 12-13. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті.

Мақсаты: XV-XVII ғғ. Қазақ хандығын құрылу тарихын еске түсіріп, қазақ халқының мәдениетіне талдау жасап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Қазақ хандығының құрылуы-ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі. Қазақ хандығының құрылуы. Қалалар – сауда және мәдени орталығы. Ұлттық мәдениетінің қалыптасуы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы». «Тарихи Рашиди». «Шыңғыснаме». Ауыз әдебиеті.

2.Қазақ тілі мен жазба және ауыз әдебиеті. Батырлар жыры. Ғашықтық дастандар. Жыраулар шығармашылығы. Шешендер мен билер шығармашылығы. «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр» жырлары.Лирикалық-эпостық жырлар.

Жыраулар мен шешендік өнері.Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Ақтамберді т.б. Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар.

3.Ғылым мен білімнің дамуы. Қазақ халқының ғылыми даналығы. Аспан әлемі. Ғылыми даналығы. Қазақтың күнтізбесі.

Әдебиет Н-3,5,8, Қ-5,6,7,8,

.


Тақырып № 14-15.ХVІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ мәдениеті.

Мақсаты:Жыраулар шығармашылығын талдау, қазақтың музыкалық мәдениетіне талдау жасау , қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуіне тоқталу.

Жоспары:

1.ХVІІІ ғ мен ХІХ ғ 1-ші жарт тарихи оқиғалардың ауыз әдебиетінде бейнеленуі.Жоңғар шапқыншылығы.Қазақ-жоңғарсоғысы.«Елім-ай»әні.Батырлар.Жыраулар шығармашылығы.

2.Қазақтың музыкалық мәдениеті және оның өкілдері.Күйшілердің шығармашылығы. «Қалмақ биі», «Беласар», «Абылайдың қара жорғасы» т.б.күйлер. Домбырашылардың шығармашылығы.

3.ХІХ ғ 2-ші жарт мен ХХғ бас қазақтың ақын–жыраулары.Ақын-жыраулардың шығармашылығы, тақырыбы. «Кенесары-Наурызбай», «Жанқожа батырдың» толғауы. Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы.

4.Қазақ халқы және оның мәдениет тарихының зерттелуі. Қазақ өлкесінің, қазақ халқының ғасырлар бойы дамып келе жатқан тарихи, мәдени мұраларының зерттелуі. П.К.Кириллов , Н.Ф.Рычков «Қырғыз-қайсақ жеріне сапары кезіндегі күнделігі». П.М.Рычков. «Орынбор қаласының сипаттамасы», «Орынбор тарихы». А.П.Левшин «қырғыз-қайсақ немесе қырғыз-қазақ далаларының сипаттамасы». В.В.Радлов. Жер аударылған демократияшыл көзқарастағы зиялылыар. А.С.Пушкин. «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу».

Әдебиет Н-3,4,6,8, Қ-1,6,9,12,19
Тақырып № 16. Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастар.

Мақсаты: Қазақ қоғамындағы отбасылық, некелік қатынастарды сипаттау,бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлін көрсету.

Жоспар:

1.Мұралық құқығы.Әке мұрасы және мұрагерлік құқы.Әке мұрасы мен мұрагерлік ғұрпы.

2.Туысқандық қатынастар. Туыстық қарым-қатынастар. Туыстық жүйе. Ат тергеу әдеті.

3. Бала туу және тәрбиелеу.Бала тәрбиелеудегі ата-ананың рөлі. Шілдехана. Отын беру. Қырқынан шығару.Бесік той.Тұсау кесу. Атқа мінгізу. Он бесінде отау иесі. Тәрбие басы-тал бесік. Қазақ бесігінің сыртқы құрылысы, жасалу тәсілі және басқа жабдықтары. Бесік жыры



Әдебиет: Н-3,5,8; Қ-3,9,12,14,16
Тақырып № 17-18. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.

Мақсаты: Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру.

Жоспары:

1.Ислам дінінің пайда болуы.

3.Ислам дінінің Қазақстан мен Орта Азияға таралуы. Ислам дінінің қазақ жеріне таралуы. Діни оқу орындары.

4.Қазақтың ұлы зиялылары-Шоқан, Ыбырай, Абай.Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы. Пікірлері мен көзқарастары. Имандылық жөніндегі көзқарастары.



Әдебиет: Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15



Тақырып № 19-20.ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: ХІХғ. ІІ жартысындағы Қазақстан мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін көрсету, халық ағарту ісінің жағдайын сипаттау.

Жоспары:

1. Қоғамдық ой мен әдебиеттегі «Зар заман» мектебі. Қазақ ауыз әдебиеті. Махамбет Өтемісұлының және басқалардың творчествосы. Ақындардың творчествосындағы азаттық және әлеуметтік тақырыптары. “Зар заман” әдеби ағымы. Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874) Жамбыл шығармашылдығының басталуы.

2. Халық ағарту ісінің жағдайы. Қазақ жастары Ресей оқу орындарында. Ы. Алтынсарин-педагог, ағартушы, жазушы, ғалым, этнограф, оның өмірі мен қызметі. Абай Құнанбайұлы ұлы ақын, ағартушы. Абай қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы.




Әдебиет : Н- 3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
Тақырып № 21-22. ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ бас Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: Алғашқы мерзімдік басылымдармен таныстыру, этномәдени экспансияның мәнін ашып көрсету, тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясатын ашып көрсету.

Жоспары:

1.Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылымдар. «Түркістан уалаяты» газеті, «Дала уалаяты». Жарияланған материалдардың мазмұны.

2.Демографиялық геноцид.Демографиялық кескін. М.Тәтімов.

3.Этномәдени экспансия.Мәдени туындының мазмұны.Мәдени архитиптер.Тоталитарлық жүйенің мәдениет саласында жүргізген саясаты.



Әдебиет: Н-5,8; Қ-20
Тақырып № 23-24. ХХ ғ 20-30 ж Қазақстан мәдениеті.

Мақсаты: ХХ ғ 20-30 ж .жҚазақстан мәдениетіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Тоталитарлық жүйенің творчестволық шығармашылыққа қатал идеялық қысымы.Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау және жазалау шаралары.Өнер қайраткерлерінің тағдыры.

2.Жаппай сауатсыздықты жою және халыққа білім беру ісінің дамуы. Республика жоғары мектебінің қалыптасуы.Мәдени-ағарту жұмысының ошақтары.Еңбекшілерді саяси жәнемәдени жағынан ағарту ісі. Республикада мерзімді баспасөз және кітап шығару ісі.Мектеп, жоғары оқу орындарының жағдайы.

3.Қазақстанда ғылымның және ғылыми орталықтардың құрылуы. Әдебиет пен өнер саласындағы жетістіктер.Ғылым академиясының құрылуы.Қоғамдық ғылымдардың дамуы.Кеңес әдебиетінің дамуы.Қазақстан әдебиеті мен өнеріндегі өзгерістер.Кәсіби бейнелеу өнері.Кино өнерінің дамуы.



Әдебиет : Н-3,4,6; Қ-12
Тақырып № 25-26. ХХғ 50-60 жж Қазақстан мәдениетінің дамуы.

Мақсаты: 50-60 жж Қазақстан мәдениетінің дамуын сипаттау.

Жоспары:

1.Қазақстанның мәдени дамуындағы өзгерістер.Білім беру ісі.Мектептер мен жоғары оқу орындарының жағдайы. Қоғамдық ғылымдардың дамуы.Мәдени-ағарту мекемелерінң қызметі.

2.Кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуы. «Тартыссыздық теориясы».Әдеби шығармалар.

Әдебиет Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15
Тақырып № 27-28. жж. Егемен Қазақстанның мәдениеті.

Мақсаты:Саяси жағдайға сипаттама беру, мәдениеттің дамуындағы өзгерістерді талдау.

Жоспары:

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Республика президентін сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. . Материалдық өндірістің күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу шаралары. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелер. Инфляцияның салдарлары. Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың тіршілік мәдениеті деңгейінің төмендеуінің салдары.

3.1991-2007 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай.

4.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXI ғ. басы.) Сыртқы саясаттағы Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық мәдени байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және мәдени қатынастар жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.

Әдебиет Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15.
Тақырып № 29-30. Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметі

Мақсаты: Ақпарат және мәдени-ағарту орындарының қызметіне сипаттама беру.

Жоспары:

1.Бұқаралық ақпарат құралдары.Ақпарат құралдырының қызметі.Мәдениет саласын дамыту бағдарламасы.Полиграфиялық баспалардың тарихи-мәдени мұралары.Кітапханалар қоры.

2. Мәдени-ағарту орындарының қызметі. «Мәдени мұра» бағдарламасы.Тарихи мәні бар қолжазбалар.Мұрағаттардағы тарихи дерек қорларының сақталуы.Әлемдік әдебиеттің ең үздік үлгілері.Кітапханалардың қызметі.Халық өнерінің дамуы.

Әдебиет Н-3,5,8,9; Қ-9,10,12,14,15.

Семинар сабақтарының мазмұны және әдістемелік кеңестер.
Тақырып № 1. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы қауымдық құрылыс және тайпалық одақтар мәдениеті.

Жоспары:

1.Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

2.Сақ, ғұн тайпалық одақтар мәдениеті.

Семинардың мақсаты: Андронов, Беғазы-Дәндібай, мәдениеттеріне сипаттама беру, сақ тайпаларының тарихына тоқтала отырып, мәдениет ерекшеліктерін сипаттау.

Әдістемелік нұсқау.

Жоспардың бірінші сұрағында алғашқы қауымдық құрылысқа сипаттама беріп, Андронов, Беғазы-Дәндібай мәдениетінің қай дәуірге жататынын анықтау қажет. Осы мәдениеттердің ерекшеліктеріне тоқталып, сипаттама беру. Екінші сұрақта сақ,ғұн тайпаларына тарихи сипаттама беріп, мәдениеттеріндегі ұқсастық, айырмашылықтарын анықтау.



Әдебиеттер:

1.Х. Маданов. Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері. Алматы: 1995.

2.Марғұлан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. Алма-Ата: 1966.

4.Медаев А. Гравюры на скалах. Алма-Ата: 1979.


Тақырып № 2-3. Ежелгі қазақ жеріндегі V-Х ғасырлардығы түркі қағанаттары мен алғашқы феодалдық мемлекеттердің мәдениеті.

Жоспар:

1.Көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұралары

2.Әдеби жазба ескерткіштер (Орхон, Енисей жазбалары, Оғыз-Наме, «Қорқыт-ата» кітабы)

3.Түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері

4.Түркі тектес тайпалардың материалдық мәдени игіліктері

Семинардың мақсаты:

Түрік қағанатының құрылу тарихын еске түсіріп, олардың және алғашқы феодалдық мемлекеттердің пайда болуын сипаттап, мәдениетіне тоқталу.



Әдістемелік нұсқау.

Бірінші сұрақта көне ескерткіштер мен сәулет өнерінің мұраларына тоқталу, оларға сипаттама беру. Екінші сұрақта әдеби жазба ескерткіштердің шығу тарихын анықтау, оларға жеке-жеке сипаттама беру (Орхон-Енисей жазулары, Оғызнама, «Қорқыт-Ата кітабын). Осы сұрақта деректерді пайдалана отырып, сабақты талдау қажет.

Келесі сұрақ түркі тілдес халықтардың наным-сенімдері мен материалдық мәдени игіліктерге арналған. Қосымша әдебеттерді пайдалана отырып талдау.

Әдебиеттер:

1.Гумилев Л.Н. Древние тюрки. Москва: 1967.

2.Байпақов М.М. По следам древних городов Казахстана. Алма-Ата: 1990.

3.Қазақтың көне тарихы. Алматы: 1992.


Тақырып №4. Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениеті

Жоспар:

1.Көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуал.

2.Түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалар.

3.Ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалар.



Семинардың мақсаты: Х-ХІІ ғғ ежелгі қазақ жерін жайлаған түркі тілдес тайпалардың мәдениетін талдап, сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау.Бірінші сұрақта көне түрік тайпаларының мәдени өміріндегі ахуалға тоқталып, сипаттама беру. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Жазу және әдебиет. Қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны мекендеген халықтардың көне тарихи негізінде ортағасырларда пайда болған түркі мәдениетінің ерекшеліктеріне, әлемдік мәдениеттегі орнына нақтылы назар аударсаңыз, осы сұрақтың мәнін ашасыз. Түркі қоғамының тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, өнері мен білімі, діни-философиялық нанымдары, соның ішінде аруаққа табыну және тәңірін мойындау сияқты рухани құндылықтарды туралы сөз болды. Көне түркі жазулары, әдеби мұралар, тарихи ескерткіштер назардан тыс қалмауы керек.

Екінші сұрақта түркі тілдес тайпалардан шыққан ғұламалардың өмірбаянын анықтап, шығармалармен танысып, оларды талдау. Келесі сұрақта студенттер ноғайлы дәуіріндегі жыр-қиссалардың мәтінін оқи отырып, олардың қандай тақырыпқа арналғанын, жырларда қандай мәселелерді көтеріп, жазылғандығына көңіл аудару қажет. Бұл сұрақта әсіресе, жырларды пайдаланып («Қабанбай», «Шора», «Едіге», «Алпамыс», «Қамбар», т.б.) талдауға болады.


Әдебиеттер:

  1. Ежелгі дәуір әдебиеті, А-1991 ж. (2 кітап)

  2. Кумяков Б. «Государство кимаков в ІХ-ХІ веков» Алматы , 1942 ж.

  3. Адамбаев Б. «Сөз маржанын тере білсек» //Жұлдыз, 1984 ж. №6

  4. «Ақсауыт батырлық дастандар» 2 том. Алматы, 1977 ж.

  5. Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» Алматы, 1962 ж.

  6. «Қисса дастандар» Алматы, 1986 ж.



Тақырып № 5. ХІІІ-ХҮғғ ежелгі қазақ жеріндегі ұлыс, тайпалардың мәдениеті.

Жоспар:

1.Қалалар мен көшпелі тайпалардың мәдениеті.

2.Алтын Орда дәуірінің әдеби мұралары.

3.Ежелгі қазақ жеріндегі музыкалық мәдениет пен күй өрнектері.



Семинардың мақсаты: ХІІІ-ХV ғ.ғ. ежелгі қазақ жеріндегі ұлыстардың құрылу тарихын еске түсіре отырып, тайпалардың мәдениетіне сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақта қалаларға сипаттама беріп, мәдениет ерекшеліктеріне тоқталу. Әсіресе түрік тайпаларының діни ерекшелігін анықтап, ежелгі қазақ жеріндегі қалалардың көшіп жүрген тайпалардың рухани, мәдени дамуына тигізетін әсерін анықтап, көрсету. Екінші сұрақта Алтын Орданың құрылу тарихын еске түсіре отырып, мәдени мұраларына сипаттама беру. Мәдени мұралардың қай тілде жазылғанын анықтау қажет. ХІІІ - ХV ғ.ғ. Алтын Орда дәуірінің әдеби мұраларына жататын көптеген туындыларды талдап, сипаттау, олардың мазмұнын ашу. Үшінші сұрақта ХІІІ- ХV ғ.ғ. өмірге келген түрік тектес тайпалардың он сан ноғайлы кезеңінің музыкалық мәдениетіне арналған. Сол кезеңде пайдаланған фольклорлық аспаптарға сипаттама беру. Күйлердің тақырыбы мен мазмұнына тоқталу, шығу тарихын анықтау қажет. Студенттер бұл сұрақта музыкалық мұралардың халқымыздың мәдени-рухани қазынасының мүдделі бөлшегі, қайнары екенін айтулары қажет.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ совет энциклопедиясы, 12 том. Алматы, 1972 ж.

  2. Байпақов К. Нұржанов А. «Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» А-1992 ж.

  3. Егоров В.Л. «Историческая география Золотой Орды в ХІІІ-ХІV вв» Москва, 1985 г.

  4. //Ел аузынан, Алматы, 1985 ж.

  5. Ерзакович. «Песенная культура казахского народа» Алматы, 1966 г.

  6. Сарыбаев Б. «Қазақтың музыкалық аспаптары» Алматы, 1992 ж.

  7. Сейдімбеков А. «Күй шежіре» Алматы, 1994 ж.



Тақырып № 6. ХV-ХVІІ ғғ қазақ халқының мәдениеті.

Жоспар:

1.Қазақ хандығының құрылуы - ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі.

2.Қазақ тілі мен жазба әдебиеті.

Семинардың мақсаты: XV-XVII ғғ. Қазақ хандығын құрылу тарихын еске түсіріп, қазақ халқының мәдениетіне талдау жасап, сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау: Бірінші сұрақта Қазақ хандығының құрылуы – ұлттық мәдениеттің қалыптасуының негізі екендігін дәлелдеу. XV-XVII ғғ. хандардың тұсындағы қазақтың шаруашылығы, экономикасы, өмір сүру дағдылары, рухани кескін келбеті, мәдениетіне көңіл бөлу. Екінші сұрақ қазақ тілі мен жазба әдебиетіне арналған. Батырлар жырының мазмұнын, мәтінін талдау. Ғашықтық, тұрмыс-салт жырларды сипаттау, мәтіндермен танысу. Жыршылардың өмір баянына, шығармашылығына тоқталу.

Әдебиеттер:


  1. А. Сейдімбеков «Мың бір Маржан» (Қара өлең табиғаты) Алматы, 1988 ж.

  2. Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» Алматы, 1962 ж.

  3. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. Алматы, 1993 ж.

  4. «Қисса дастандар» Алматы, 1986 ж.

  5. Салғораұлы Қ. «Қазақтың қилы тарихы» Алматы, 1992 ж.



Тақырып № 7. ХV-ХVІІ ғғ ауыз әдебиетінің дамуы.

Жоспар:

1.Қазақтың ауыз әдебиеті

2.Жыраулар мен шешендік өнері.

Семинардың мақсаты: XV-XVII ғғ. ауыз әдебиетінің дамуына тоқталып, сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау: бірінші сұрақта қазақ ауыз әдебиетінің түрлерін анықтап, оларда қазақ халқының өміріндегі белгілі бір кезеңнің суреттері, оқиғалары, халықтың басынан өткен жағдайлары айтылатындығын дәлелдеу. Қазақ ауыз әдебиетінің жоғары дәрежеде дамуын не себептен деп ойлайсыз?

Қазақ ауыз әдебиетінің саласының бірі – ғашықтық дастандарға тоқталу. Екінші сұрақта жыраулар мен шешендердің шығармашылығын сипаттау. Жалпы бұл семинар №6 семинар сұрақтарының жалғасы болып табылады.



Әдебиеттер:

  1. Қазақ ССР тарихы, 3т. – А., 1982.

  2. «Шаңырақ» энциклопедиясы. – А., 1989.

  3. Хасенов Ә. Қазақстанның ХІҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы мәдениеті, 1987.

  4. М.Ғабдуллин Қазақ халқының ауыз әдебиеті, - А., 1974.

  5. Бердібаев Р. Наурыз. Қазақ әдебиеті, 1985. 22 наурыз.


Тақырып № 8-9. Ғылым мен білімнің дамуы.

Жоспар:

1.Қазақ халқының әдет-ғұрыптары.

2.Қазақ халқының ғылыми даналығы.

3.Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

4.Ұрпақ - тіршілік жалғасының түп қазығы.

Семинардың мақсаты: XV-XVII ғғ. ғылым мен білімнің дамуына сипаттама беру.

Әдістемелік нұсқау: бірінші сұрақта қазақ қауымы аспан әлемін, оны жайлаған жұлдыздардың сыр-сипатын жақсы білген. Сондықтан студенттер осы мәселеге байланысты жұлдыз атын атау қажет. Қазақтың күнтізбесіне сипаттама беру. Ғасырлар бойы қалыптасқан емшілік тәрбиесінің мәнін ашу. ХҮ-ХҮІІ ғғ. Ғылым мен білімнің даму ерекшеліктерін астрономия, геология, медицина, ветеринария деген ғылымдармен салыстыра отырып, талдай алу. Екінші сұрақта қазақтың материалдық мәдениетін сипаттау. Оның ерекшеліктеріне тоқталу. Келесі сұрақ – ұрпақ-тіршілік жалғасының түп қазығы деп аталады. Бұл сұрақта қазақ бала тәрбиесіне ұрпақтың өсуіне айрықша мән берген халық. Сондықтан студенттер осындай тәрбиенің мәнін аша білу қажет.
Әдебиеттер:


  1. Әуезов М. «Уақыт және әдебиет» - Алматы, 1962ж.

  2. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет. Хрестоматия. – Алматы,1993ж.

  3. М.С. Көжев «Ел аузынан жинаған әдебиет үлгілері» - Алматы,1992ж.

  4. Маданов Х., Мусин Ч. «Ұлы дала тарихы» - Алматы,1994ж.

  5. Сыздықов Қ. «Ақын-жыраулар», - Алматы,1974ж.

  6. Тойған қазды топтанған қарға жейді. – шешендік сөздер, халық мақал-мәтелдері. – Алматы,1991ж.


Тақырып № 10-11. Ислам дінінің шығуы және Қазақстанға тарауы.

Жоспар:

1.Ислам діні қалай пайда болды?

2.Мекке-мұсылмандардың қасиетті қаласы

3.Ислам діні Қазақстан мен Орта Азияға қалай тарады

4.Қазақтың ұлы зиялылары-Шоқан, ыбырай, Абай.Мұхамбет Салық Бабажанов дін туралы.

Семинардың мақсаты: : Ислам дінінің шығу тарихына және Қазақстанға таралу себептерін анықтап, сипаттама беру.

Әдістеме. Бірінші сұрақта ислам діні қалай пайда болғанын анықтау қажет. Ж.Көбеевтің «Қазақ шежіресі» уітабын пайдалана отырып, «қазақ» деген аттың қайдан шыққанын талдау. Жалпы қосымша әдебиетті пайдалана отырып, ислам діні қайда, қашан, қалай пайда болды деген сұрақтарға не білетіндерін айту.

Екінші сұрақ – Меке мұсылмандардың қасиетті қаласы деп аталады. Мұндамұсылман дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы кітаптарды пайдалану. Мұхаммед пайғамбардың өмірбаяны мен қызметіне тоқталу. Мекке қаласына сипаттама беру. Құран кітабымен танысып, оның мазмұнын анықтап, сипаттау.

Келесі сұрақта қазақтың ұлттық ұлт зиялылары – Шоқан, Абай, Бөкей ордасынан шыққан Мұхамбет Салық Бабажанов сияқты ұлағатты ұстаздарымыздың ислам діні деген жөнінде айтылған пікірлерді, көзқарастарына назар аударып, талдау. Студенттер осы мәселеге байланысты өз ой-пікірлерін білдіру.

Әдебиеттер:


  1. Ы.Алтынсарин «Мұсылманшылық тұтқасы» - Алматы,1991ж.

  2. Б.Аханов «Дін және еркін ойшылдық» - Алматы, 1993ж.

  3. Беляев Е.А. «Арабы, ислам и Арабский халифат в ранее средневековья» - М.,1966г.

  4. Ғабдуллин Б. «Шоқан, Ыбырай, Абай дін туралы» - Алматы,1988ж.

  5. Құдайбердіұлы Ш. «Мұсылманшылық шарты» - Алматы,1993ж.

  6. Мұхаммед пайғамбардың өмірі. – Алматы, Ақиқат журн. №1,1992ж.

  7. Мұстафина Р. «Мұсылман және қазақтардың әдет-ғұрпы» - Алматы,1993ж.

  8. Шәкәрім. Мұсылмандық шарты. – А., 1993.


Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет