Лекцияның жоспары : Тазалау әдістері мен жуу құралдары Кептіру


Сілтілердің ерітінділерін әзірлеу



бет16/20
Дата26.12.2021
өлшемі132,88 Kb.
#105754
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
МХЭЖА лек 1-4

Сілтілердің ерітінділерін әзірлеу


ΝаОН-ты немесе КОН-ты еріткенде резеңке қолғаптарды және қорғаушы көзілдіріктерді қолдану керек. Сілтілер теріні, киімдерді химиялық күйдіреді. Қатты сілтілерді жалаң қолмен ұстауға тиым салынады.

ΝаОН-тың және КОН-тың сулы ерітінділері. Қатты түрдегі ΝаОН-ты және КОН-ты суда еріткенде қатты қызу жүреді, сондықтан да сілтілердің қаныққан ертінділерін әзірлегенде жұмысты қабырғасы қалың термиялық тұрақты, ал ең дұрысы фарфордан жасалған ыдыстарды қолданады. Және де ыдыстың қабырғасы қызып жарылып кетпес үшін ерітіндіге сілтілерді аздан қосып үнемі араластырып тұрады.

Ауада ΝаОН және КОН ылғал мен СО2-ні сіңіреді. Түзілген карбонаттар сілтілердің концентрлік ерітінділерінде аз ериді және тұнбаға түседі.

Сақтау барысында сілтілердің концентрлік ерітінділері шыны ыдыстың қабырғасын жеміріп оның құрамындағы кремний қышқылын ерітеді. Сондықтан да сілтілерді сақтағанда полиэтилен ыдыстарын қолданады.

Сілтілердің концентрлік ерітінділерінен олардың сұйылтылған ерітінділерін әзірлейді. Олардың концентрацияларын тығыздық бойынша бақылайды. Сұйылтылатын сілтілік ерітіндінің және судың көлемдерін айқастыру ережесі бойынша да есептеуге болады.

Мысал: құрамы карбонаттардан тазартылған 50 %-дық ΝаОН-тың ерітіндісін ГОСТ 4517-75 бойынша әзірлеу. Фарфор стаканда 250 мл дистилденген суда 250 г ΝаОН-тың ұнтағын аздап қосып араластырады. Ерітіндіні толық суыған соң полиэтиленді ыдысқа құйып, тығындап, Νа2СО3-толық тұнғанша 2-3 аптаға қалдырады. Соңынан мөлдір ерітіндіні шыны түтікпен сифондап, құрамы СО2-ден тазартылған сумен сұйылтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет