Лекцияның оқыту нәтижелері



бет8/10
Дата29.04.2024
өлшемі50,85 Kb.
#201547
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
11 лекция
Пахир Гулназ ЖФИ111 САясаттану
Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениет адам өмірінің материалдық аяда қол жеткізген жетістіктерінің жиынтығынан тұрады. Оған адамның биологиялық өмірін қамтамасыз етуге қажетті игіліктер — азық, киім, баспана, еңбек және қатынас құралдары т.б. жатады.
Рухани мәдениет. Рухани мәдениет белгілі бір қоғамда өмір сүріп жатқан адамның айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау үрдісіндегі білімінен, білігінен, кәсіпқойлығынан, қадірінен, адамшылығынан, тәрбиелілігінен, зиялылығынан, қарапайымдылығынан көрініс береді. Сонымен бірге адамдардың сезім дүниесі, демократиялылығы, жүздесу мәдениеті рухани мәдениеттің элементтері болып табылады.
Мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүние жүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Мәдениет қоғамның белгілі бір қасиеті, көрінісі, сипаты мазмұнында қолданылады. Қоғамдағы мәдениеттің төмендегі қызметері:
1. Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын және оның негізгі мазмұнымен тікелей баланысты.
2. Жалғастық, мәдениет, мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Қоғамда ұрпақтар жалғастығы мәдени мұраларды игеру, қабылдау және оны шығармашылық пен дамыту арқылы жүзеге асырады. Мәдени ақпараттар салт – дәстүр, әдет-ғұрып, рәсім- рәміз, дін мен тіл, дін және өнер, білім т.б.
3. Танымдық қызметі. Мәдениеттің қоғамдағы бұл қызмет – міндетінің сан алуан қыры бар. Ертедегі гректің «пайдейя», ислам өркендеуіндегі «мариф», қазіргі өркениеттегі «интеллигенттілік» ұғымдары мәдениет пен білімділіктің іштей туыстығын, үндестігін білдіреді. Әсіресе зиялылар ( интеллигенция) мәдениетті сақтау дамыту ісінде үлкен қызмет атқарады.
4. Реттеу қызметі. Мәдениеттегі реттеушілік әрекеттерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдени ұғымдарда нормативтік, ережелік талаптар басым «мәдениетті адам» ол білімі ғылым деңгейіне киімі сол кезде көп тараған сәнге, мінез- құлқы осы қоғамның адамгершілік талаптарына сай адам.
5. Коммуникативтік, қарым – қатынастық қызмет. Бұл мәдениеттің қоғамдағы негізгі қызметтерінің бірі. Адамдардың қарым – қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы. Адам ерекше бір өрісте қарым – қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі, қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысады. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезімге шомылып, адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды. Мәдени болмыстың тірегі деп қарым- қатынасты айтамыз.
Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді.
1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И.Гердер, Э.Б.Тайлор).
2. Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы (Ж.Ж.Руссо, О. Шпенглер).
3. Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф.Вольтер, Д.Белл) .
4. Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихы- мәдени саты (Л.Морган).
5. Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі. (А.Тоинби, Н.Я.Дамилевский)
6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму дейңгейі, оның материалдық жағы.
Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бұлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді.
Оқытудың техникалық құралдары: кестелер, бейнефильмдер, интерактивті тақта, схемалар, проектор


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет