Лексикология Лексика (сөздік қор мен сөздік құрам) · белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы · белгілі бір тілдегі сөз байлығы Лексика-көне гректіктің Lexiros (сөздік) деген сөзі


Дұрыс жауабы – оқы. Көп оқушы «оқу» жауабын белгілейді. Мұндағы –у – тұйық етістік



бет13/14
Дата15.12.2023
өлшемі117,59 Kb.
#197238
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Қазақ тілі - Лексикология

Дұрыс жауабы – оқы. Көп оқушы «оқу» жауабын белгілейді. Мұндағы –у – тұйық етістік.
9.Салдар мәнді сөйлемі бірінші орналасқан себеп-салдар салаласты табыңыз.
А) Кемені жүргізуге көп күш қолданылатын, сондықтан уақыт талап етілді.
В) Рамазан қаздар өмірін жақсы біледі, сол себепті де оларды ұзақ бақылайтын
С) Ыстықкөлге аттанатын едім, сол себепті жол қамына кірісуім керек.
Д) Жолаушы көбіне осы шыңның желкесінен асатын, өйткені ең төте жол – осы.
Е) Жұмысқа ертерек баруым керек, сондықтан ерте шығатын шығармын.
Бұл жауапты логикалық ойлау арқылы да табуға болады. Мәселен 2 жауапта –сол себепті, 2 жауапта сондықтан шылауы берілген. Олай болса, дұрыс жауабы – Д. Мұндай сөйлемдер себебі, өйткені, неге десеңіз шылаулары арқылы жасалады.
10. Әр түрлі өлшем атауы болып табылатын белгілерге қосымшаның қалай жалғанатындығын анықтаңыз.
А) Дәнекер арқылы жалғанады.
В) Дефис арқылы жалғанады.
С) Кірігіп жалғанады.
Д) Жіктік жалғауының алдынан жалғанады.
Е) Бірігіп жалғанады.
Дұрыс жауабы - В) Дефис арқылы жалғанады.
11.Көп мағыналы сөздің антонимін көрсетіңіз.
Ашық әңгіме.
А) Қызық әңгіме
В) Тартымды әңгіме
С) Құпия әңгіме
Д) Үзақ әңгіме
Е) Қысқа әңгіме
Дұрыс жауабы - С) Құпия әңгіме
12. Жіктік жалғауы болмайды.
... жіктік жалғауы болмайды.
А) ІІІ жақта жіктелген көсемшеде
В) ІІ жақ сыпайы түрде жіктелген зат есімде
С) ІІ жақта көпше түрде жіктелген зат есімде
Д) І жақта жіктелген сын есімде
Е) ІІІ жақта жіктелген зат есімде
Дұрыс жауабы – Е. ІІІ жақта жіктелген зат есімде жіктік жалғауы болмайды. Мыс: Ол – оқушы.
13. Емле бойынша дұрыс жазылған қысқарған сөзді көрсетіңіз.
А) ТУ, 154-пен ұшып келдім.
В) ТУ 154-пен ұшып келдім.
С) ТУ-154-пен ұшып келдім.
Д) ТУ; 154-пен ұшып келдім.
Е) ТУ: 154-пен ұшып келдім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет