«Ленин атындағы орта мектебі» кмм жанындағы интернат Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік таңы атты"



Дата07.07.2018
өлшемі20,42 Kb.
#48270
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Ленин атындағы орта мектебі» КММ жанындағы интернат

Тәрбие сағаты

"Тәуелсіздік таңы атты"

Өткізген: Алиханова Гулнар Нұрахметқызы

2011ж.

Мақсаты:

Жерлесіміз қазақтың атын бүкіл әлемге паш еткен жазушы Оралхан Бөкейдің шығармаларын оқып, тәлім алуға, ол адамның ұлылығын қадірлеуге, еліне деген сүйіспеншілігін, туған елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушыларды өз ойларын ашық, толық айта білуге дағдыландыру.



Көрнекілік: буклет, газет қиындылары, О.Бөкейдің шығармалары, кітаптар, жерлес ақын жазушылардың естеліктері.

Сабақтың барысы:

І жүргізуші:

Қымбатты оқушылар!Қыркүйек айының соңында жалпы қазақ елі аяулы да ардақты ұлы Оралхан Бөкейдің туған күнін атап өтеді. Оралхан Бөкей жалпы қазақ елінің атын, ұлтын дүние жүзіне паш еткен ұлы адам. шығармаларының барлығы туған жерге, елге деген сүйіспеншілікке толы.



Лозунг: "Жерлесіміз Оралхан Бөкей мәңгі тірі"

1 оқушы:

Оралхан Бөкей 28 қыркүйекте 1943 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында туған. Өзінің шығармашылық өмірінде ұлттық әдебиетте мәңгілік белес болып қалды. Жазушы драма саласында да көптеген еңбектер жазды. Көптеген пьесалары еліміздің театрларында қойылып келеді.



2 оқушы:

Жазушы қаламынан туған "Өліара", "Мұзтау", "Біздің жақта қыс ұзақ", "Қамшыгер", "Үркер", "Қайдасың қасқа құлыным?", "Құлыным менің" шығармалары бар. Шығармаларының көбі көптеген шетел тілдеріне аударылып шығарылған.



3 оқушы:

Оралхан Бөкейдің "Кісі киік", "Сайтан көпір" шығармаларына көркем фильмдер түсіріліп, "Кербұғы" әңгімесінің желісі бойынша балет-спектакль қойылды. Жазушы халқына сіңірген еңбегі үшін "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған. Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығының, Қазақстан Ленин комсомол сыйлығының Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың иегері. Жазушы творчестволық шағында, толысқан шағында дүниеден қайтты. Қазақ елін зар жылатып, аз жылда көп тындырып, арамыздан мәңгілікке кете барды.



1 оқушы:

Өр едің, өр Алтайдай тірегім ең.

Айырылды қазақ сендей түлегінен.

Өзіңді қастерлеген туған елдің,

Жатырсың орын алп жүрегінен.

2 оқушы:

Жататын араласып үміт-қайғы,

Қапыда тағдыр жолды тұйықтайды.

Оралхан деген аттың орны бөлек

Ал-Ана! Сені ешқашан ұмытпайды.

Жасыл кілем жамылған кәрі Алтай!

Қойны қоншы толтырған метамға бай.

Төбеңде ақ-қара бұлт үйіріліп,

Мамық-мақта төсеніп қыз жатқандай.

Естеліктер, газет қиындылары.

3 оқушы:

Жерлес жазушыға базына

Бір туар азаматы Қаратайдың

Оралхан Бөкейұлы өр Алтайдан.

Паш етті өлкемізді бар әлемге,

Жыршысы туған жердің сайрап тұрған.

Құйрықты жұлдыздай боп ағып өткен,

Артына мал мұрасын жазып кеткен.

Бұқтырма, Мұзтау, Катонқарағайы,

Өр Алтай, туған жері-жыры шерткен.



Жүргізуші:

Шыңғыстайың-туған жерің.

Ұмытпайды сені елің.

Мәңгі сақтап жүректе,

Ән жырына арқау еткен.

Оралхан Бөкейдің шығармаларынан үзінділер оқылады.



1 оқушы:

Толықсып толған шақта кемеліне,

Дәм тұзы таусылды ғой бөтен елде.

Қашанда қапы кеткен есіл ерлер,

Тар кезең, күн туғанда өз еліне.

2 оқушы:

Оралхан Бөкей балалық шағында "Жазушы боламын, Шолохов сынды ауылда жатып-ақ әлемді аузыма қаратамын"- деген екен. Өзі айтқандай Орекең қара сөздің, терең ойдың. алашты аузына қаратқан хас шебері болды. Жалпақ Қаратай елі. ел жұрты асыл азаматиын қастерлей біледі.



1 оқушы:

Қорытынды.

Алтайың сол қалпында жайнап жатыр.

Мың бұлақ күйін шерткен далаң жатыр.

Өмірден ерте озып кетсең дағы,

Өр тұлғаң заңғарланып бара жатыр.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Тәрбие сағаты

"Алтын сақа" ойыны

Өткізген:"Ленин атындағы орта мектебі" КММ жанындағы интернат тәрбиешісі Алиханова Гулнар Нұрахметқызы

Шығыс Қазақстан облысы. Катонқарағай ауданы. Катонқарағай ауылы

"Алтын сақа" ойыны.

Мақсаты:

Оқушыларды ұлттық салт-дәстүр, мәдени мұраларымызды оқушылар бойына дарыту. Ұлттық патриоттық рухта тәрбиелеу, Рәміздеріміз туралы білімдерін жаңғырта отырып, Жеңістің 70 жылдығына орай еліміздің тарихын білу білімдерін одан әрі жетілдіру.



Көрнекілік:

Көк түспен қабырғаны түгел жабу, соның үстіне сары түспен қиылған "Алтын сақа" жазуы ілінеді.

Арнайы даярланған қақпаға "Қола", "Күміс", "Алтын" деген жазуларды, сұрақтардың шешілуіне байланысты ауыстырып отыру.

Шарт бойынша жоғарғы сынып оқушыларынан құралған екі топ ортаға шығады, екіге жарылып тұрады. Ортада қақпа тұрады. Қызметкерлер мен қалған оқушылар екі топтың жанкүйерлері екіге бөлініп отырады.



І топ: "Жас қайрат"

ІІ топ "Қыран" тобы

Жүргізуші:

Құрметті қызметкерлер, оқушылар! Бүгін біз жоғарға сынып оқушыларымен "Алтын сақа" ойынын өткізгелі отырмыз. Қазақстан тарихын,егеменді ел болғандағы еліміздің болмысын бейнелейтін Қазақстан Республикасының рәміздерін, ұлттық салт-дәстүр туралы алған білімдерін тереңдетіп, Отанға деген құштарлық, сүйіспеншілік, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, бойларына дарыту.

Қазір барлығымыз бірге, халқымызды елдікке, тірлікке, бірлікке шақыратын Қазақстан Республикасының ән ұранын орындаймыз. Ендігі сөз кезегі болашаққа тілек ретінде Ерназға беріледі:

Басшыларымыз алысты көрсін,

Жекешелеріміз табысты болсын.

Қыздарымыз саналы сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Қорада мейлі қырда болсын,

Келген кеткен ырза болсын.

Теңгеміз теңдік сақтайтын болсын,

Баға қалта қақпайтын болсын.

Халқымыз ғасыр табалдырығын,

Қазақша сөйлеп аттайтын болсын.

Ассалаумағалейкум халқым менің,

Ардақта дәстүріңді, салтыңды елім.

Мереке басы болсын берекенің,

Игі еңбектің бәрін жегің.

Абай туған, Сәкен туған,

Құрметте достым қазақтың жерін.

Қамбаға жылда мол астық құйған,

Қазақстан-Республикам менің.

Жүргізуші:

Асыл-тастан,

Ақыл-жастан.

Шығады леп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі,

Әрқашан да нанымды.

Ал келіңдер-келіңдер,

Біріңе бірің еріңдер.

Білімдеріңді тексеріп,

Қақпаларды ашып көріңдер дей келе екі топтың жетекшілерін ортаға шақырып, кім бірінші бастайтынын анықтап аламыз.

Жүргізуші:

Екі топтың өздерін таныстырулары. таныстырғаннан кейін "Қола" қақпасының сұрақтары бар конверттерді топ басшылары таңдап алады. Әр конвертте үш сұрақтан.



І топ

1. Бес дұшпанды ата.

2. Наурыз көжеге қандай тағамдар салады?

3. Қазақтың ырымдарын ата.



ІІ. топ

1. Бес асыл істі ата.

2. Жеті атаны атаңыздар.

3. Тыйым сөздерді ата.



Жүргізуші:

Бәрекелді, сендердің дұрыс берген жауаптардың арқасында "Қола" қақпа ашылды, сендерге көп рахмет.



Ән: "Сенім шырағы"

Жүргізуші:

Келесі "Күміс" қақпа ашылуы үшін рәміздеріміз мемлекеттік басқармаларға байланысты тағы үш сұрақтан 2 конвертті топ басшылары таңдап алады:



І.топ

1. Мемлекеттік туымызда не бейнеленген, және тудың авторы кім?

2. Маңызды мемлекеттік мәселелерді шешуші немесе заң қабылдаушы, жалпы бүкіл халықтық дауыс беру арқылы шешуді қалай атаймыз?

3. Мемлекеттің негізгі заңы.



ІІ. топ

1. Мемлекеттік елтаңбада не бейнеленген, және авторы кімдер?

2. Мемлекеттік биліктің бірлігін, жоғарылығын және дербестігін айқындайтын ұғымды атау.

3. Қоғамды басқаратын және сақтайтын негізгі институт.



Жүргізуші:

Ой бәрекелді, сендердің жауаптарыңның дұрыстығына байланысты "Күміс" қақпа ашылды. Оның ашылуына байланысты көрініс: "Оқушылар мен мұғалім"

"Күміс" қақпаның ашылуына кішкентайлар тобының орындауында "Киіз үй құру" ойынын ойнату.

Жүргізуші:

Енді балалар "Алтын" қақпаны ашуға барлық күшімізді жұмсайық. Ол үшін тағы да топ басшыларын ортаға шақырамыз.



І. топ

1. Рейхстаг қабырғасына қолтаңба қалдырған жауынгер кім? Ол не деп жазды?

2. Ұлы Отан соғысы қашан басталды? Және кімдер шабуыл жасады?

3. Отан туралы мақалдарды аяқтау.



ІІ. топ

1. Рейхстаг төбесіне қай айда, қай сағатта ту тігілді? Оны тіккен кім?

2. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан қанша адам қатысты?

3. Мақалдарды аяқтау.



Жүргізуші:

Міне сендердің білімдеріңнің арқасында "Алтын" қақпада да ашылды. Мінеки "Білімді мыңды жығар, білекті мыңды жығар" деген мақалымыздың айтылуы тегін емес екен. "Алтын" қақпаның ашылуына "Елім менің " - әні орындалады.



Жүргізуші:

Енді осы "Алтын" қақпаның ішінен үлкен сақа көрінеді. Ол сақаның ішіндегі сыйлықтарды алу үшін топ басшылары бір-біріне сұрақ қойып жауап беру керек.



Жүргізуші:

Мінеки сендердің берген дұрыс жауаптарыңнан, ақыл ойларыңның ұшқырлығымен ізденімпаздығы арқасында "Қола", "Күміс", "Алтын" қақпалар ашылып ішінен нұр шашылды.

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.

Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,

Ақ қараны тіліп тұрса сөзіміз дегендей ХХІ ғасырдан Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді еліміз ұзағынан сүйіндірсін, интернатымыз гүлдене берсін дей келе барлықтарыңызға көп рахметімізді айтып, қорытынды сөз кезегін интернат меңгерушісіне береміз.



Сөз сөйлеп өткен шара бойыншп қорытынды жасалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет