пікір жазады. 9 (10) сыныпта жұмыстар балл қою схемасына сәйкес тексеріледі.
11(12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім курсы үшін математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.
9(10) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.
9(10) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30% - 70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу ең жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.
Емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі – 400-450 сөз).
Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде 170-200 сөзден тұратын жазба жұмысын (эссе) орындайды.
Гуманитарлық циклдағы пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептің білім алушылары үшін емтихан жұмысы өтілген тақырыптарға сәйкес келетін екі мәтін үзінділерімен жұмысқа негізделеді (мәтіндердің жалпы көлемі –450-500 сөз). Білім алушылар мәтін үзінділері негізінде 200-250 сөзден тұратын жазба жұмысын (мақала, эссе, әңгіме) орындайды.
Тапсырмада білім алушылардың мәтін ақпаратын тиімді пайдаланып, стильдік және жанрлық ерекшелікті сақтап, аргументтер келтіре отырып, жүйелі және сенімді жаза алуы, өз ойларын дәлелді жеткізуі, сонымен бірге сөздік қор мен орфографиялық, грамматикалық норманы сауатты қолдану қабілеттері бағаланады.