ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурулардың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы –эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес, бөлмені, жиһазды және күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолдану.
Дайындаңыз: аспадағы құрғақ ұнтағын хлорамин, таңбаланған эмальды ыдысты қақпағымен, жылы суды, ағаш қалақшаны, резеңке қолғапты, масканы, алжапқышты.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Өзіңізге масканы, алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.
2. Ыдысқа азырақ мөлшерде суды құйыңыз.
3. Ыдысқа аспадағы құрғақ хлорамин ұнтағын салыңыз (ерітіндідегі белсенді хлор қоюлық дәрежесіне сәйкес).
4. Суды үстінен құйыңыз (жұмысшы ерітіндіні даярлауға қажетті).
5. Ағаш қалақшамен ерітіндіні толық ерігенге дейін араластырыңыз.
6. Даярланаған хлорамин ерітіндісі бар ыдысты қақпақпен жабыңыз.
7. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты таңбалаңыз және биркаға (таңба салатын клеенкаға) ерітіндінің қоюлық дәрежесін, атын, ерітіндіні даярлаған адамның аты-жөнін, даярлаған уақытын көрсетіңіз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа бирканы бекітіңіз.
8. Дем масканы, алжапқышты, қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып кептіріңіз.
Ескерту:
- Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.
- Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңылаусыз жабық ыдыста сақталуы керек.
- Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.
5 % ГИПОХЛОРИД КАЛЬЦИЙ НЕГІЗГІ (маточный)
ЕРІТІНДІСІН ДАЯРЛАУ
Мақсаты: аурухана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.
Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.
Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорид кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
Достарыңызбен бөлісу: |