Мақсаты: транзиторлық микрофлораны кетіру немесе жою. Науқас пен медициналық қызметкерлерге жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Қолдану көрсетілімдері:иньекция, катетерлеу алдында, операция жасар алдында, инвазивті емшараларды орындау алдында және орындағаннан кейін организмнің биологиялық сұйықтықтармен жанасқаннан соң және мүмкін болатын микробтық ластанудан кейін.
Қарсы көрсетілімдері:қолда және денеде іріңдердің, теріде сызаттан және жарақаттың, тері ауруларының болуы.
Іс-әрекет алгоритмі 1. Қолыңызға гигиеналық деңгейде тазарту жүргізіңіз (стандартты қара).
2. Қолыңызды қағаз сүлгімен құрғатыңыз.
3. 3-5 мл антисептикалық затты алақаныңызға жағыңыз және оны 30 секунд бойы теріге келесі ізбе-ізділікпен ысқылаңыз:
- алақанды алақанмен,
- сол қолдың сыртқы жақ бетін оң алақанмен және керісінше,
- алақанды алақанмен, бір қолдың саусақтары екінші қолдың саусақтары арасында,
- оң қолдың саусақтарының сыртқы беті сол қолдың алақаны бойынша және керісінше,
- үлкен саусақтарды айналмалы қозғалыспен,
- сол қолдың саусақтарының ұшын бірге жинастырып, оң алақанға айналмалы қозғалыспен және керісінше,
Қол терісінде антисептиктің толық кебуін қамтамасыз етіңіз.
Ескерту: антисептикті қолданар алдында әдістемелік нұсқауын оқып білу қажет. Қолды зарарсыздандыру әсерлігі ұсынылған тазарту уақыты ішінде оларды ылғалды жағдайға ұстау орындауға тиісті шарт болып табылады
ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРЫЛҒАН ҚОЛҒАПТЫ КИЮ Мақсаты: науқастың және медициналық қызметкердің жұқпалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
- Науқастармен немесе олардың бөліністерімен жанасқанда қолғап кәсіптік жұқтырудың қауіп-қатерін төмендетеді.
- Қолғап транзиторлы қоздырғыштармен қызметкерлердің қолының ластану қауіп-қатерін және кейіннен олардың науқастарға таралуын төмендетеді.
- Қолғап медицина қызметкерлерінің қолының резиденттік флорасының бір бөлігі болып табылатын микробтарды науқастарға жұқтыру қауіп-қатерін төмендетеді.