Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет7/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Залалсыздандыру - бұл әдіс залалсыздандырған материалдағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдарға, диагностикалық аппаратуралардың жекелеген түрлеріне, медициналық құралдарға, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.
Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:
1 кезең – зарарсыздандыру,
2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,
3 кезең – залалсыздандыру.

І КЕЗЕҢ. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру
Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:
- зарарсыздандыру ерітіндісін;
- қақпақты 2 ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді), белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес;
- құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтықтардан жууға тағайындалған №1 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
- медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыруға арналған №2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісімен;
- бирканы (таңбаны);
- арнайы киімді (халат, маска, қолғап);
- пайдаланылған медицинада тағайындалған заттар;
- лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі:
- арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
- 2 ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
- ыдыстар мен қақпақта белгіленеді; заттың аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;
1-ші ыдыста:
- пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;
2-ші ыдыста:
- медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;
- оларды бөлшектенген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;
- ыдысты қақпақпен жабыңыз;
- зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;
- зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;
- № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойын жуыңыз;
- медицинада тағайындалған құралдарды латокқа (ыдысқа) салыңыз;
- қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;
- медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет