Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет4/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Қолдану көрсетілімдері: инвазивтік емшараларды орындағанда, кез-келген биологиялық сұйықтықтармен жанасқанда, науқастың және медицина қызметкерлерінің терісінің бүтіндігі бұзылғанда, эндоскопиялық зерттеулерді және манипуляцияларды жасау кезінде, клинико-диагностикалық, бактериологиялық лабораторияларда науқастардан алынған материалдармен жұмыс істегенде, иньекциялар жасағанда, науқасты күту кезінде.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған ораудағы қолғапты, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, тері антисептикпен қолыңызды өңдеңіз.
2. Залалсыздандырылған қаптамадағы қолғапты алып, бүктеуін жазыңыз.
3. Оң қолға арналған қолғаптың қайырмасын сол қолмен алыңыз. Саусақтарыңыз қолғаптың қайырмасының ішкі бетіне тимеуі керек.
4. Оң қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
5. Оң қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
6. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарын сол қолғаптың қайырмасы астына кіргізіңіз, киілген қолғапта оң қолдың 1-ші саусағы, сол жақ қолғаптың 1-ші саусағы жағына бағытталған болуы керек.
7. Оң қолдың 2-ші, 3-ші, 4-ші саусақтарымен сол жақ қолғапты тік ұстаңыз.
8. Сол қолдың саусақтарын сығылыстырып, қолғапқа енгізіңіз.
9. Сол қолдың саусақтарын ажыратып, қолғаптың қайырмасын бұзбай қолға қолғапты киіңіз.
10. Сол қолғаптың қайырмасын жазыңыз, оны жеңге қарай тартып, сосын оң жаққа 2-ші және 3-ші саусақтар көмегімен қолғаптың бүгілген шетінің астына қарай тартыңыз.
Ескерту: егер бір қолғаптың бүтіндігі бұзылса, онда екі қолғапты да ауыстыру қажет, өйткені бір қолғапты екінші қолғапты ластамай шешу мүмкін емес


ҚОЛҒАПТЫ ШЕШУ


Іс-әрекет алгоритмі:
1. Оң қолдың саусақтарымен сол қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.
2. Сол қолдың саусақтарымен оң қолғапқа, оның тек сыртқы жағына ғана жанаса отырып қайырма жасаңыз.
3. Сол қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
4. Сол қолдан шешкен қолғапты оң қолмен қайырмасынан ұстаңыз.
5. Сол қолмен оң қолдың қолғабын қайырмасының ішкі жағынан ұстаңыз.
6. Оң қолдағы қолғапты теріс айналдыра отырып, шешіңіз.
7. Екі қолғапты да (сол қолғап оң қолғаптың ішінде болуы керек) қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
Ескерту: бір рет қолданылатын қолғап зарарсыздандырудан кейін жойылады, ал көп рет қолданылатын қолғаптар медицинада қолданылатын бұйымдардан өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет