Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет


АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ



бет78/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ЕРІТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистилденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісімен ерітеді.
Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.
Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын шприцке сорыпалып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.
Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1 мл – 100.000 ЕД және 1 мл – 200.000 ЕД.
1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:
- 500.000 ЕД: 100.000 ЕД =5 мл (классикалық еріту кезінде);
- 500.000 ЕД: 200.000 ЕД =2,5 мл (1 мл – 200.000 еріту кезінде).
2. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлінуі қажет.
- 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антибиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД:100.000 ЕД= 5 мл сәйкес келеді;
- 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде науқасқа 500.000 ЕД антибиотик енгізуге тағайындалған, ол 500.000 ЕД :200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.


ТЕРІ ІШІНЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: диагностикалық.
Қолдану көрсетілімдері: диагностикалық туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.
Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты май клеткаларының ісінуі және инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.
Асқынулар: инфильтрат.
Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.
Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл бір рет қолданылатын шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, тері антисептигін, қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет