Іс-әрекет алгоритмі: 1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.
2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз, оларды тері антисептигімен өңдеңіз.
3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
4. Қажетті дозадағы дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті және тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.
5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, қолды яғни, білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.
6. Қолғапты тері антисептигімен өңдеңіз.
7. Инъекция жасайтын жерді тері антисептигімен суландырған екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей инъекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз).Тері антисептигін толық кебуін күтіңіз.
8. Оң қолға шприцті алыңыз: циллиндрдегі бөліну көріну керек, оң қолдың ІІ саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенінен, ІІІ, ІV, І саусақтармен – циллиндрден ұстаңыз.
9. Сол қолдың саусақтарымен иньекция жасайтын жердің терісін жиырып ұстап , иньекцияға қарама-қарсы жағына тастаңыз .
10. Иненің қиығын кескен жер қимасын жоғары қаратып , тері бетіне 5 градус бұрышпен қатарластыра ине қиығы тереңдігінде ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп терінің
қалыңдығынан көрінеді. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп , сәл иненің канюлясынан басыңыз.
11. Шприцті бір қолдан екінші қолға ауыстырмай , сол қолдың II , III саусақтарымен цилиндрдің жиегінен ұстап .1 саусақпен поршенді басып , 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
12. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде , иньекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады . (лимон қабығындай)
13. Инені канюласынан ұстап отырып , жылдам қозғалыспен шығарыңыз . (тері антисептигімен суландырған мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).
14. Иненің қалпағын кигізбей шприцпен бірге қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз.
15. Қолғапты шешіп контейнерге салыңыз.
16. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
17. Белгілі бір уақытта иньекция жасаған жерге су тимеу керек екенін науқасқа түсіндіріңіз.