БҰЛШЫҚ ЕТКЕ ИНЪЕКЦИЯНЫ ОРЫНДАУ
Мақсаты: емдік бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.
Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы .
Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы , иньекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.
Енгізілетін жерлері: бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі , санның алдыңғы қыр беті ортаңғы бөлігі , иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігі .
Асқынулар: иненің сынуы , жүйке бағанасының зақымдануы , сепсис май эмболиясы тамырдың бітелуі ,абцесс іріңді ісік, инфильтрат қатайған тін бөлігі, вирустік гепатит , АИТВ , аллергиялық реакциялар , анафилактикалық шок.
Дайындаңыз : залалсыздандырылған көлемі 5-10 мл бір рет қолданылатын
шприцті , ұзындығы 40-60мм иньекцияға арналған инені , мақта шариктерін қолғаптарды , дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні , тері антисептигін , қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.
Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп , оған енгізілетін дәрілік
ерітінді туралы мәліметті беріңіз.
Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз.
Бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз.
Санға енгізгенде - арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз.
иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.
Иньекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.
Иньекция жасайтын жерді анықтаңыз , бөксенің жоғарғы – сыртқы бөлігі.
Иньекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және қатаюы болмау
керек.
Гигиеналық деңгейде қолды жуып , қолыңызды тері антисептигімен өңдеңіз ,
қолғапты киіңіз.
Шприцті құрастырыңыз
Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз шприцті бір рет
қолданылатын ораудың ішіне салыңыз.
Қолғапты тері антисептигімен тазартыңыз.
Тері антисептигіне суландырылған екі мақта шариктерімен иньекция жасайтын
жерді тізбектілікпен тазартыңыз , алдымен үлкен аймақты , сосын тұп – тура
иньекция жасайтын жерді. Тері антисептигіне суландырылған үшіші мақта шаригін сол қолдың 4 және 5 саусақ арасына салыңыз.
Оң қолға шприцті алыңыз 5 саусақты иненің канюласын , 2 саусақпен шприцтің
поршенінен ұстаңыз, 1,3,4 саусақтарды цилиндрге қойыңыз ( поршеннің сабы бос
болуы керек).
Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен иньекция жасайтын жердің терісін керіп бекітіңіз.
Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз,шприцті теріге тік 90 бұрышпен ұстап, тері үстінен иненің ұзындығын 0,5 см ден кем қалдырмаңыз.
Сол қолды поршенге көшіріп , 2 және 3 саусақтармен шприцтің цилиндрінің жиегінен ұстап , 1 саусақпен поршенді басып , дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.
Тері антисептигіне суландырған мақта шаригін иньекция жасаған жерге қойыныз.
Оң қолмен инені жылдам қимыл қозғалыспен шығартып алыңыз.
Теріден мақтаны алмай тұрып , иньекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.
Қолданылған шприцтерді , мақта шариктерін , қолғапты қауіпсіз жинауға және жоюға арналған контейнерге салыңыз. 20. Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |