Үлгілі ауылындағы орта мектеп Ақдала бастауыш мектебімен кмм бастауыш сынып мұғалімдерінің ӘБ отырысы



бет5/16
Дата11.12.2021
өлшемі206 Kb.
#99156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін белсендендірудің педагогикалық жағдайлары
көрнекі қралдарды пайдалану, көрнекі қралдарды пайдалану, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Туынды. Натурал көрсеткішті дәрежелік функцияның туындысы, Сабақтың конспектісін құруда әдіс – тәсілдерін пайдалану., Қозғалысқа берілген есептер шығаруды пысықтау, Қозғалысқа берілген есептер шығаруды пысықтау, Рунге кутта схемасы
2. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫ

2.1. Ойын - оқушы білімін меңгерту кұралы
Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

Ойындарды мақсатты пайдалану мәселесі қандай да бір деңгейде бастауыш оқушыларына тәрбие беру теориясы мен оқыту тәжірибесінде шешімін тапқан. Педагогикалық ғылымның аталған саласына Л.А.Венгер, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Н.Н.Подьяков, А.П.Усова, Д.Б.Эльконин және тағы да басқа ғалымдар өздерінің елеулі үлестерін қосты.

Бастауыш мектеп тәжірибесінде ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін барынша біржақты түсіну және мұғалімдер мен оқушылар тарапынан оған деген әралуан қарым-қатынасты байқауға болады. Көптеген мұғалімдер мен әдіскерлер, мұндай ойынмен «қызықты» сипатта берілген тапсырмалар мен жаттығуларды ғана байланыстырады. Олар рольдік және басқа да ойындарды сабақтарда қолданудың орынсыздығы мен мақсатқа сай келмейтіндігі туралы айтады. Сондай-ақ қазіргі кезде көбінесе, ойынды екінші қатарға шығару байқалады. Ойын игерілген білімдер мен дағдыларды бекітуге арналған құрал ретінде ғана мойындалды. 1 және 2 сынып арифметика курсына арналған ойындар жүйесін жасап шығарған әдіскер Н.В. Огаркова да осындай ой-тұжырымға келген. Кейбір зерттеулер мен әдістемелік әдебиеттерде оқыту үрдісіндегі ойындарды пайдалану ерекшеліктерін айқындайтын ойын мен оқу іс-әрекеттерінің өзара байланысы жеткілікті айқындалмағаны еместігі байқалады.

Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, aнатомиялық, физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады».

Ойынды адамзат іс-әрекетінің арнайы формасы ретінде дамытудағы тарихи аспектті Е.А.Покровский, Р.И.Жуковская, Р.И.Меджерицкая, В.Г.Яковлева ғалымдардың зерттеулерінде сипатталды.

1980-1985 жылдардан бастап, ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерінің мазмұны мен қызметін айқындау, нақтылау бағытында бірқатар іс-әрекеттер жасала бастады. Кіші мектеп жасындағы балаларды оқытуда ойынды пайдалануға байланысты М.И.Моро, А.М.Пышкало, В.Н.Рудницкая, Л.И.Смагина, Н.А.Янковская тарапынан жекелеген әдістемелік ұсынылымдар жасалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет