Ұлы баба есімі дәріптелді  Жаңа кітап баспадан шықты  Кітап тұсаукесеріне әзірлік



бет3/13
Дата14.11.2016
өлшемі2,23 Mb.
#1713
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

1-жүргізуші: – Кетбұқа баба тарихына қырғыз ағайындардың да бей-жай қарамайтынына көз жетті. Әйгілі абыз өмірін, қайраткерлігін, ақындығын дәріптеуде біраз насихат жұмысын жүргізген екен.
2-жүргізуші: – Құттықтау сөз Қырғызстан Республикасынан келген қонағымыз Қырғыз Республикасының Халық әртісі, профессор Фархутдин Баянов мырзаға беріледі.
Қырғыз Республикасының Халық әртісі,
профессор, Фархутдин БАЯНОВ:

– Мен Қырғызстанның Ош қаласынан келіп отырмын. Бізде Кетбұқа бабамыздың сөздері, ұлағатты өсиеттері әрбір мектептерде, институттарда, көшелерде жазылып тұр. Кетбұқа – қазақ елінің де, қырғыз елінің де бабасы. Кетбұқа туралы университеттерімізде фольклорлық әдебиет жанры бойынша дәріс өткізіледі. 15 жылдай болды өзіміздің Кетбұқа деп жүрміз.

Кетбұқа бабаның атындағы қоғамдық бірлестікке шоң рахметімді айтамын. Халық болып ескерткіш тұрғызамыз деп жатырсыздар. Мынау тұсаукесері болып жатқан кітапты шығарғандарыңызға да шоң ризамын. Алғыс айтамын. Өркендеріңіз өссін. Кетбұқа бабамыздың даңқы сіздерде де, Қырғызстанда да және басқа да түркі тілді елдерде тарап, кең жайыла берсе деген тілегім бар.

Иә, Шыңғыс хан дәуірі аса қатал дәуір болған, оны тарихтан жақсы білеміз. Шыңғыс ханның бетіне қарап ешкім сөз айта алған емес. Оның кеңесшісі болғандықтан да Кетбұқа онымен еркін сөйлесе алған. Одан қаймықпай нені болсын бетіне айта алған. Шыңғыс ханның қарамағына кіруі одан қорыққандықтан емес. Ол тек елін сақтап қалуды ғана көздеген. Бір сөзбен айтқанда, Кетбұқа баба – бүкіл түркі халқы пір тұтар ұлы тұлға.



Жезқазған төрінде өтіп жатқан алқалы жиынға қатысып отырған қадірлі қауым, енді сіздердің құрметіңізге қомызбен «А, ханым» күйін орындап берейін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет