Абзал жанды аяулы аға
«Ақырын жүріп, аңдап бас!
еңбегің кетпес далаға»
Абай
1933 жылы ҚазПИ-дің стационарына оқуға түстім. Дәл сол кезде оқу
ісін басқарып отырған осы күнгі профессор Серғали Толыбеков екен. Менің
сырттан оқуға қабылданғаным туралы анықтамамды көрген соң, арыз және
өмірбаян жаздырып көріп, менің сауатымды ұнатты: мен 2-курсқа
қабылдауды өтіндім. Бірақ қазақ тілі мен орыс тілінен емтихан тапсыратын
болдым. Дес бергенде, жолдаманы профессор Жұбановқа жазып берді.
Құдайберген орта бойлы, кең маңдайлы, бойы түзу, көз жанары нұрлы,
қара торының көріктісі екен. Ал бұндай түгел біткен қою шашты менің
бірінші рет көруім, бірақ жап-жас жігіт бола тұра, шашының ағының
басымдығы мені таңдандырды.
Мені ертіп алып, жай іздеді. Екеуміз ҚазПИ-дің клубына жайластық:
онда үлкен тақта бар екен. Тақта толғанша жаздырды. «Біз елден шыққанда
екеу едік» деп басталатын жолдан айта бастады. Жазып тұрып білдірмеген
болып, қарап қалып едім: профессордың не алдында кітап жоқ, не қолында
қағаз жоқ, айтымдық шығарманың ұзақ жолдарын жатқа оқып отыр екен! Бұл
ересен әсер етті маған. Сөйлемді толық талдатты. Бірнеше жерде түзеп,
түсіндіріп отырды.
Енді жай әңгімеге көштік.
364
Профессор менің қайдан келгенімді, нендей қызмет еткенімді сұрады.
Әсіресе, мұғалім болып жүріп келгеніме риза болды. Ақыры қазақ
филологиясын (филология деген сөзді ұқпадым, оны Құдайберген аға тез
аңғарып қалған екен: дереу түсіндіріп жіберді) шынайы ұнатып келдің бе? —
деген сұраққа тірелгенде, мен құптап жауап қайтардым. Өстіп, ҚазПИ-дің 2-
курсына оқуға түстім-ау!
2-курста 30-ға жуық оқушы болдық. Ақыры, 1936 жылы, 8 адам қазақ
тілі мен әдебиет факультетін бітіріп шықтық.
Профессор Құдайберген Жұбанов жалпы тіл білімін және қазақ тілінің
ғылыми курсын оқыды. Екеуі де көлемді, деректері бай дәрістер
болғандықтан, лектордың да жан-жақты білімдар және кең тынысты,
дарынды ғұлама болмағы шарт. Біздің Құдайберген аға дәл осындай ғалым
еді: жалпы тіл білімінен лекцияны оқып тұрғанда, профессордың қолында
қағаз болмайды, бор болады. Ол қиын сөздердің, әсіресе, біздерге түсінігі
ауыр лингвистикалық терминдерді тақтаға жазып, ешбір қынжылмастан
түсіндіріп отырды.
Азиялық және европалық тілдерді сипаттауға келгенде, олардың
мамандарының туындыларына маркстік-лениндік тұрғыдан сындық баға
беруде аса зеректігі ақаусыз еді. Тіпті, Маррдың «Төрт элементтік анализ»
және «Таптық тіл» деген тезистерінің ғылыми-тарихи сынды көтермейтін
көзқарас екенін профессор Қ.Жұбанов өзінің лекцияларында ашық айтқан да
еді.
Қазақ тілінің ғылыми курсын профессор Қ.Жұбанов марксистік-
лениндік ілім қағидаларына қол артып, тарихи деректерге дәйектеп, шын
мәнісінде ғылыми дәрежеге жеткізе оқыды. Әсте кәнігі лингвист-ғалым болу
үшін көп тіл білетін маман өрелі бола береді ғой. Біздің Құдайберген аға дәл
осы іспетті ғалым еді. Европалықтан орыс тілін және күллі түркі жүйелі
тілдерді жақсы білуші еді. Ол аталған курстардан лекция окыған шақта,
қажетті жерлерінде осы тілдерден мысалдар келтіріп, түсіндіріп отыратын.
Тағы бір дәлел: сол кезде біздерге неміс тілінен сабақ берген В.И.Попова
өзінің сабақтарында, сөз орайында неміс тілін жақсы біледі деп проф.
Санжар Асфендияров пен профессор Құдайберген Жұбановты атай беруші
еді.
Көне түркі жазуларының араб харпімен жазылған нұсқаларының
сөздерін түсінбейміз, бірақ харіптері таныс, ал орхоншаның сөзін де,
харіптерін де білмейміз. Осының өзін профессор Құдайберген Жұбанов
өзіміздің күнделікті жазып жүрген кәнігі жазуымыздай жазады да оқиды,
оқиды да түсіндіреді. Оның осы қабілетінің өзі біздің көз алдымызда
ғалымның сәлиқасын арттыра түседі.
Орхон жазуын профессор Санжар Асфендияров та жақсы білетін. Ол
кісі біздерге қазақ тарихының курсын оқыған еді. Қажетті жерлерде орхонша
деректерден сол қалпында мысалдар келтіріп, түсіндіре беретін. Бірде
Санжар аға сөз орайында, әсіресе, қазақ тілі мен әдебиетінен, тарихтан
маманданып жүргендер үшін орхон жазуының маңыздылығын айта келіп,
365
профессор Жұбановты атап, оған көне түркі жазуларын үйрету үшін
факультативтік сабақтар ұйымдастыруды ұсынғанын айтты: бұдан бұрын
Құдайбергеннің өзі де осы жайды ескерткен болатын. Ақыры сол курсты
біздің профессорымыз ұйымдастырды. Қалапжазылғандарының ішінде тарих
факультеті студенттерінен Молдаш Сәрсенбин, Садуақас Мәлкәждаров
болған. Оқыдық. Біздің мұғаліміміз ешбір жалықпайды, кешікпейді,
әуелі аптада екі рет жиналып жүрдік. Орхоншаның түпнұсқасында «аяғы»
сорайған қиқа-шиқа таңбалар біздің профессордың қолынан мүсінді болып
шыға келеді: Құдайберген аға керемет сұлу жазатын. Оның қолымен
жазылған харіптер жібекке тізген лағыл моншақтай төгіліп тұратын.
Ал оның суреткерлігі профессионал-суретшіден бірдекем емес еді: жалпы тіл
білімінен, мәселен, жазу тарихын сөйлеп тұрып, торғайдың, қаптесердің,
қару-жарақтың суретін тақта бетіне бормен мінсіз түсіретін. Сонда жаңағы
нәрселердің суреттерін ол қынап-мінеп жатпайды, бір-ақ тартады.
Профессордың бұл өнерінің де өз шәкірттеріне игі әсері болып еді.
Мәселен, Ошан Сатыбалдин, Абдол Медетов ұстазымыздың ықпалымен
сурет өнеріне әбден жетіліп алып еді.
Біздің сол кездегі ұстаздарымыз жастарға өнердің әр түрінен
мағлұмат беруге өздері тікелей араласып, қадағалап жүруші еді.
Мәселен, лингвистикалық үйірмеге өзі басшылық етумен қатар, біздерді,
әсіресе қазақ жігіттерін (біз оқыған лекте қыз бала болған да емес еді) би
үйрететін үйірмеге де өзі бақылап, міндетті түрде қатыстырып жүрді. Би
үйрететін үйірме сабақтары үнемі кешке болады, проф. Қ. Жұбанов
куратор ретінде үздіксіз бақылайды. Ал ректорымыз профессор Санжар
Асфендияров кейбір сабақтарға басталуынан ақырына дейін қатысып
жүрген шақтары болған-ды.
Отызыншы жылдарда аппаратта қызмет істейтін орыс жолдастар
ерекше ынталы жігермен қазақ тілін оқитын. Мен 3-курста оқып жүрген
кезімде Құдайберген ағаның ұсынысымен Өлкелік милиция басқармасында
істейтін орыстарға қазақ тілінен сабақ бердім. Менің орыстарға қазақ тілін
үйретуде тәжірибем жоқтығын ҚазПИ-дің сол кездегі мол тәжірибелі
білгір оқытушылары Телжан Шонановқа (оқулықтың авторы), Файзулла
Ғалымжановқа өзі әдейілеп тапсырып еді; олар да жақсы көмектесіп жүрді.
Сол мекемедегі менің бір сабағыма келіп профессор Қ.Жұбанов өзі қатысты.
Кейін менінорысша сөйлеп түсіндіргеніме сындық ескертпелері көп болды.
Сол кезде ҚазПИ-дің жанындағы жұмысшы факультетінде (рабфак)
қазақ тілін оқытып жүрген Абдол Медетов сабағына да бірнеше рет қатысып,
ақыл-кеңес бергенін білеміз. Қыруар жұмыспен жүрсе де, өз шәкірттері үшін
уақыт тауып, назарынан сырт қалдырмай, онды мұғалім болуына көмегін
тигізгеніне дән риза едік, әлі де сол ниеттеміз.
Ол кезде ҚазПИ-дің барлық мамандықтарындағы орыс бөлімдерінде
қазақ тілі күшті жүретін, окытушылары да жоғарыда аталған Телжан
Шонанов, Файзулла Ғалымжанов іспетті үздік адамдар еді. Солардың өзін
кафедра бастығы профессорүздіксіз бақылап жүреді екен. Біздер мұны
366
әрекеті арқылы білдік. Ол кісі біздерді, қазақ студенттерін орыс
группаларына бөліп, кешқұрым жатақханаларда, институт аудиторияларында
қазақ тілінен қосымша сабақтар өткізуге бұйырған-ды. Бұның екі жақты
пайдасы бар деп түсіндірген: әрі орыс жолдастарына қазақ тілін білуге
көмектесесің, әрі өзің орыс тілін үйренесің дейтін. Біз солай істедік те.
Біздің профессорымыздың өз шәкірттеріне ілтипаты соншалық
болатын, ол тіпті жатақханаға орналастыруда да үнемі араласып, өзі қуратор
болған курсында оқитын біздерге «Пролетар», 3-тегі жатақхананың ең жақсы
бөлмесін әперген, біздер ҚазПИ-дің толық курсын бітіріп шыққанша сол
бөлмеде тұрдық.
Конспекті жүргізу стилін, жазуымыздың сыртқы сиқын, харіптің
эквиваленттік мөлшерін толтыра жазғанды, көрікті жазғанды ұнатушы еді.
Абдол Медетов, Әли Есмамбетов, Әлішер Тоқмағамбетов, Әди Шәріпов
көрікті жазатын-ды.
Ол кезде ҚазПИ-дің барлық факультеттерінің қазақ бөлімдерінде қазақ
тілінің практикалық курсы талапқа сай биік дәрежеде өтілетін. Әр оқу
жылында бірнеше рет бүкіл институт бойынша бақылау диктанттары
жүргізілетін, бұны Санжар аға өзі бақылап, аралап көріп жүретін. Ана
тілін ардақтаудың нәтижесі болса керек, физматта оқитын Мұратбаев,
Қойшығұлов, Серғазин, Құрманбаев дейтін балалар қазақ тілі
факультетінде оқитындардан диктант жазуда қалыспаушы еді.
Диктанттарға алынған текстер емленің небір ұрымтал ережелерін
қамтып отырушы еді. Материалды осылайша сұрыптаудың өзін де проф.
Қ.Жұбанов басқарады екен. Мен бұны кейін ҚазПИ-дің даярлық курсында
қазақ тілінен сабақ беріп жүргенде білдім. Құдайберген менің диктантқа
арнап алған материалдарымды талай көріп, емлелік ережелерді айқын
қамтитын сөйлемдерді мысал үшін айтып беріп жүруші еді.
Профессор Қ.Жұбанов біздің курстарға орыс тілінің сабақтарына да
ауық-ауық қатысып отыратын. Бұл пәнді біздер 3-курстың аяғына дейін
оқығанбыз. Өстіп, орыс тілін толық қанағаттанарлық шамада біліп алып едік.
Бірде ҚазПИ-дің озаттарының жиылысында мен орысша сөйледім. Бұл
жиылысты проф. Асфендияров өзі басқарды. Профессор Жұбанов ақырына
дейін қатысып отырған. Өзінің кезектегі сабағында менің орысшадан
жіберген қателерімді айтып берді, біздер ризалықпен сол сөздердің дұрысын
жазып алдық.
Біздің ғалым ағамыздың кішіпейілдігі керемет болатын: дәрістің ұзына
бойына қолынан бор түспейді, сөйлеп тұрып жазып тұрады, тақтаны үнемі
өзі сүртеді, кезекшіні тақтаның маңына жолатпайды, одан ең әуелі талап
етілетіні – жұмсақ бор, құрғақ шүберек.
Темекіні жиі шегетін. Қалдығын қағаз құтышаға жиып (қолы өте икем,
бұндай бұйымды қағаздан қаусырмалап, өзі лезде жасап алатын), дәріс
біткесін өзі алып кетуші еді.
Ішімдік ішпейді екен. Ал қасқалдақтың қанындай қою шай мен
қымызға барын сала ма дедім. Мен бұл халді былайша білдім: 1935 жылдың
367
жазында УМС-ка тиісті бір материал беріп жібермек болып, мені таудағы
қосына ертіп барды. Бұнда Би-аға (Бейімбетті ол кісі осылайша атаушы еді)
екеуі көрші тұрады екен. Сыртында «Старка» деген жарнамасы бар шишаны
Би-ағаның алдына қоя салды да, өзі қымызды нұсқады; мен дереу құя бердім;
Құдайберген аға сапар кесеге толтыра тартып жіберді.
–Бұл – Ілияс ағаларың мақтайтын Сарыкүйіктің отына жайылған
биенің саумалынан жасалған тау қымызы; баптаған – албандар; сендер мас
болғанша ішіңдер! – деді Бейімбет. Расында, Құдайберген аға екеуміз әбден
қыздық. Біраздан кейін мен шай қайнаттым, даярладым. Құдайберген аға
шайды өзі құйды. Бас жазылғанша деп, ұзақ ішті. Мен профессор берген
пакетті алып, кешқұрым Алматыға қайтып кеттім.
Шыңдағы шынардай балғын тартып, жас қуатқа ене берген шағында
үзілген шағын ғұмырында қалдырған ғылыми мұрасы – өз алдына қыруар
дәулет. Өшпегендері жарық көрді. Бұл жөнінде қысқаша пікір айтқанбыз.
Ғалымның өзгеде жоқ, өзіне ғана тән қасиеті – асқақтамайтын,
арындамайтын және мен-мені жоқ еңбеккерлігінде еді.
Ауыл мектептеріндегі мұғалімдік шақтарын есептемегенде, ғылымға
шындап араласқан сегіз-тоғыз жылдық ғұмырында қалдырған қыруар
мұрасына үңілсек, қазақ тіл білімінде профессор Жұбанов араласпаған
мәселе қалмаған екен: тіліміздің алфавитін қалыптастыру, емлесін жүйеге
келтіру бағдарламасын жасау, грамматикалық окулықтарын жазу,
әдістемелік қолданбаларын, ғылыми курсын негіздеу, тарихын зерттеу
іспетті ұшан-теңіз істерді атқарған екен.
Қазақ тілінің орта мектепке арналған болашақ бағдарламасы мен
оқулығының схемасын 1935 жылы біздерге, өзінің студенттеріне сараптап
айтып берді. Сол үлгісінде 1936 жылы жарық көрді. Мен сол кезде
Түркіменстандағы Қазақ педтехникумында мұғалім әрі директордың оқу
бөлімі жөніндегі орынбасары едім. Сол жақтан бірнеше күнге сабақ тастап
суыт келіп, өзімнің қадірмен ұстазымның оқулығынан 200 данасын алып
қайтып едім. Осы оқулықтың бірнеше данасын Қазпедтехникумға келген бір
сапарында ТССР Оқу халық комиссары Дәулет Мамедов алып, түрікмен,
өзбек педтехникумдарына үлгі үшін көрсетпек болып кетіп еді.
Абайдың ұлылығы неде? – деген мәселені де үзілді-кесілді біржола
шешіп берген де Құдайберген еді. Бақсақ, «... ол кездетаза халық тілімен
жазып тұрып, ол жазғанын классик әдебиет үлгісімен шығарған» (Жұбанов)
екен. Өстіп, «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» деген атқа ие болған. Бұндай
бағаны отызыншы жылдарда М.Әуезовтің өзі де бере алған емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: |