Ұлы даланың алып жаршысы



Дата06.01.2022
өлшемі59 Kb.
#110278
Байланысты:
Ұлы даланың алып жаршысы. 2-вариант
ор12с

Ұлы даланың алып жаршысы

( деректі фильм )


Жамбылдың сөзімен бастап, Жамбылдың сөзімен аяқтау...

Жамбыл ұрпақтары

Елен Әлімжанов

Жамбыл орталығы

Жүрсін Ерман – «Жамбыл менің жәй атым...» ақындар айтысы

Жамбыл мұражайы


Түсірілім жұмыстары Жамбыл облысы, Алматы облысы мен Алматы қаласында жүргізіледі.
Табиғат аясында жүрген Жамбыл образы әртүрлі ракурстен түсіріледі. Образдағы ақынның даусымен төмендегі өлең оқылады:

Халықтың енді міне жетілгені,

Құрыштың білінбейді кетілгені.

Аталып Қазақстан ел боп туып,

Үй тігіп, ірге қалап бекінгені.

Елімді сансыз жылдар қоршап тұман

Өмірінде азап шегіп өкінгені.

Елімнің үкіметі көп жасасын!

Намысты жауымызға кетірмеді.

Болайық үкіметке кедей ұйтқы,

Секілді, темір тіреу көпірдегі.

Жарқырап тұла бойды шаттық кернеп,

Ажарым шырайланды бетімдегі.

Ағытқан бар арынын арғымақтай,

Қиырдан қия шауып лепіргені.

Сенімен туған елім біте қайнап,

Жан емен əңгіменің шетіндегі.

Сондықтан, бабаң Жамбыл əнге шырқап

Қырандай қос қанаттың серпілгені, — 
Қорғасындай құйылған осы жыр жолдарының бүгінгі тəуелсіздікке қол жеткізіп отырған заманмен ғажап үндестігін көреміз. Сонау 1924 жылы өзінің «Қазақстан тойына» атты осы жырында Жəкең Қазақстаннның тəуелсіз ел болып түлейтінін, үй болып ірге қалайтынын болжап кеткен сияқты. Өзі әр сәтте жырына арқау етіп отырған халқының тәуелсіздігін ұлы ақынның ұрпағы көрді.

Бүгінде ақынның өзі жасаған өңірде ұрпақтары оның ізін жалғастырып, шөбересі – Бекмұрат Жамбылов Жамбыл жырларын нақышына келтіре орындап жүр. (Мәлімет толықтырылады)


(Ұрпақтары туралы бірер сөз)
Жамбыл Жабаев өзінің ғасырға жуық ғұмырында туған өңірінің тауы мен даласын жырлады. Поэзия əлеміндегі туған халқының мақтанышы, əлемдік деңгейдегі жыр алыбына айналды. Оның ақыл-ойға, парасатқа, терең тарихқа, мөлдір сырға, нəзік сезімге, бай образға толы поэзиясы өлеңге құштар, өнерсүйер əрбір жанды сүйсінтті. Жамбыл бабамыз — есімі қазақ əдебиетінде алтын əріптермен қалған ғажайып құбылыс! Алып та биік, айдынды да айбынды жыр жампозы!
Синхрон: (Жамбылдың тұлғасын сомдайтын сөз)
Ауыл арасында ірілі-ұсақ тіршілік əңгімесін өлеңге қосып немесе əлдебіреулердің жақсылы- жаманды мінез-құлықтарына арнау сөз айтып жүрген Жамбылдың ақындық атағын шығарған айтыс болды. Айтыс өнеріне тəн барлық тəсілдерді ұтымды əрі шебер пайдаланған ақын сөзден ұтылмаған. Арғы-бергі тарихты жетік білген Жамбылдың қарсыластарына айтқан уəжі де берік, мығым. Сонымен бірге Жамбылдың айтыстың аламанына түсіп, сөз сауған замандастарының көбінен ерекшеленіп тұрған бір қасиеті – оның айтысты дүние, мал табудың құралы емес, ерекше өнер түрі ретінде қарауында деп білген жөн.

Жастайынан ақындық өнерге құмартқан Жамбыл 14 жасында жырдың пірі Сүйінбай ақыннан бата алып, сөз өнерінің даңғыл жолына түседі.

Жамбыл 35 жасында, яғни 1881 жылдың күзінде, Іле бойында өткен бір үлкен жəрмеңкеде сол кезде орта жастардағы ақын Құлмамбетпен айтысып, жеңіске жетеді. Содан бастап ол Жетісудың ең үздік ақынына айналады.

Ақиық ақынның жыры да, сыры да мəңгілік тақырыпты – ел тағдыры мен халықтың шынайы өмірін қозғайды. Ол үнемі би, болыс, бай-манаптарды мақтауға бармай, керісінше, олардың жағымсыз мінездерін сынайды.Сондықтан да: «Жамбыл менің жәй атым, Халық менің шын атым»-деп, жанының да, жырының да халық жағында екендігін ескертіп отырған.


Синхрон: Жүрсін Ерман («Жамбыл менің жәй атым, Халық менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы туралы)

Жыр дүлділі Жамбыл Жабаев есімінің бүкіл жер шарын шарлаған кезі — жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарының ортасы. Оның өлеңдері Азия мен Еуропа жəне басқа да континенттер ұлттарының елу шақты тілдеріне аударылған.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде Жамбыл өлеңдері майдан даласын шарлап, жауынгерлерді ерлікке, ел қорғауға шақырды. «Ленинградтық өренім» өлеңі Ленинградты қорғаудың нағыз бір ауыр күндерінде шығарылып, ұранға айналды.

Плакатқа басылып, Ленинград көшелерінде ілінген жыр жолдары халықты рухтандырды.

Жамбылдың ақырғы жыры 1945 жылы 9 мамырда айтылды. Ол жырда неміс басқыншыларын халқымыздың қаһармандықпен жеңгеңдігі дəріптелді.

Жыр алыбы жүз жасқа қадам басқан шағында, яғни 1945 жылы 22 маусымда, дүниеден өтті.

Ақынның денесі өз қолымен өсірген бағына жерленіп, ол жер кейіннен Əдеби-мемориалдық мұражайға айналды. Ол Алатаудың Майтөбе биігіне таяу жатқан жазықта, Жамбыл бабамыз көз жұмған ауылда орналасқан. Мұражайдың іргесінде ұлы ақынның көзі тірісінде егілген ағаштар, сол қалың баудың түкпіріне таман алма мен алмұрт бағының арасында 1946 ж. салынған кесене тұр. Кесене 1970 және 1996 ж. қайта жөнделіп, ақ мәрмәрмен қапталған. Кесененің дәл ортасына ұлы жыршыға құлпытас қойылған. Ақын денесі осында жерленген. Кесененің дәл іргесінде, сол жақ босағасына ақынның киесі — қызыл шұбар жолбарыс мүсіні орнатылған. Жамбыл өмір сүрген үй — мұражайдағы бөлмелер сол күйінде сақталған. Ондағы он екі бөлменің әрқайсысы тарихи жәдігерлерге толы, әрбір зат — ақын өмірінің тікелей куәгері.
Синхрон: Мұражай қызметкері
Жамбылдың ақындық мұрасы көп зерттелген. Оның шығармаларының баспа бетін көруіне кезінде С.Сейфуллин араласқан. М.Əуезов, С.Мұқанов бастаған қазақ ақын- жазушыларының көбі Жамбыл жайында мақалалар, естеліктер жазған. Арнайы зерттеулер де бар.

Еліміз Тəуелсіздік алғаннан кейін Жамбыл туралы жаңа көзқарас қалыптастыру, оны «социализм мен Сталиннің жыршысы» деген ұғымнан арашалап алу шаралары қолға алынды.

Жамбыл Жабаев шығармашылығы сөз болғанда әдебиет әлемінің жаңашылдығына зер саламыз. Сарай ақындарынан бастау алып, жыраулар поэзиясында көрініс тапқан, кейін иірімі өзгеше жаңа поэзияның қарқынына ілесе білген ақындар қауымы көп емес. Жамбыл сол үрдісте жаңашылдық танытқан жасампаз ақын. Ол – өз заманының ұлы ақындарының бірі. Жамбыл есімі жаңашылдықтың үрдісінде көш бастайтын, шығармашылығы әлі де зерттеуді қажет ететін бірден-бір тұлға.

Тараз қаласындағы «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану» орталығының Жамбылтану бөлімі ұлы ақын шығармашылығын зерттеу мен насихаттауды басты мақсат еткен.


Жамбыл орталығы туралы (Тараз қаласы)
«Жамбыл жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол əлеуметтік жəне жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі», — деп толғанған екен кезінде даңқты жазушы Сəбит Мұқанов.

Бұл сөздер – ақын өмірі мен шығармашылығына, оның ғасыр жасаған, ерлікке толы поэзиясына берілген əділ баға, біздер үшін мəн-мағынасын ешқашан жоймайтын құнды деректер. Бұл мəліметтер Жамбыл бабамыздың кейінгі ұрпақ үшін тек танымдық дүние, аңсап, сусап оқитын, тəлімдік, тəрбиелік мəні зор өнегесі, біздерге қалдырған өлшеусіз ғибраты. Ұрпақтары барда ұлы ақын жыры ғасырдан ғасырға жасай береді.



Сөз соңыңда айтарымыз, Жамбыл есімі қазақ халқы үшін, қазақ поэзиясы үшін аса қымбат. Ақын интуициясы өзін де, халықты да ешқашан алдаған емес. Себебі, оның өлеңінің басты құны – шындықты жырлайтыны. Ұстазы Сүйінбай секілді ешкімге жалтақтамай, айтарын астарламай, ащы шындықты шымбайға батыруға дағдыланған. Қандай дүниені болмасын, ақын көзімен барлап, сурет күйінде танып үйренген Жамбыл өмірден өткенше осы аңғарымпаз қалпынан танған емес. Қай заманның ақыны болса да, жай пенделер секілді өз заманына тәуелді. Өз заманының туындысы. Жамбыл шығармашылығы да өз дәуірінің шындық сәулесі. Ол халық әдебиетін, өзінен бұрынғы ақындар шығармаларын, ауызша тараған жыр-дастандарды жатқа білген. Көненің көзімен жырланған әр дастанның жолында өзгеше сарын бар. Жүріп өткен жолдың еншісінде қаншама қайғы-мұң, соған сай қаншама қуаныш бар. Осының барлығын өлең жолына сыйғыза білу – ақынның қолынан ғана келеді.
Табиғат аясында жүрген Жамбыл образы әртүрлі ракурстен түсіріледі. Образдағы ақынның даусымен төмендегі өлең оқылады:
Жапалақ ұшпас жапанды,

Бәйшешекке шомылтып,
Жайлау еткен заманым,
Сусыз шөлді құнартып,
Бұлақ еткен заманым.
Қамыс пенен құрайды,
Қолдан қайта туғызып,
Құрақ еткен заманым.
Айыл кескен бауырын,
Арқаның топшы жауырын,
Майға бөлеп сауырын,
Пырақ еткен заманым.
Аш, арықты теңгеріп,
Тарихты билеп меңгеріп,
Қаусаған елге әл беріп,
Кем тарына дән беріп,
Ұжмақ еткен заманым.
Адам аяқ баспайтын
Асқар Алатауларды,
Адамға керек мүліктің
Бұлағы еткен заманым.
Ит байласа тұрмайтын
Патша мен байдың мекенін,
Арамзадан арылтып,
Береке; бахыт, рахатқа
Төгілдіріп малынтып,
Бір жүз жетпіс миллион
Ерлеріне еңбектің
Тұрақ еткен заманым.
Көрсе таңға қалатын,
Қараса үлгі алатын,
Берекелі елімді
Жер шарына нұр берген,
Шырақ еткен заманым.

Құладын ұшпас құздардың,
Қарсақ жортпас құмдардың,
Ойы, қыры, жонымен.
Бұлдыр-бұлдыр белестен,
Көш аса алмас дөңестен,
Елім асып барады.
Адам ұлы көрмеген,
Көрмек түгіл білмеген,
Асу-асу жерлерден,
Көшім асып барады.
Басқан сайын тамаша,
Сан жітпейтін санаса,
Бахыттың шамы жанады.
Молайтып байлық, несібе
Қуат беріп көшіңе
Мол береке енгіздің!

Куәсі ғасыр Жамбыл қарт
Көз салған дүние шегіне.
Ұлы көшке ілесті
Тұлпар атпен тебіне.
Қолында алтын домбыра
Аузынан жыры төгіле,
Шырқатып әнге салады,
Даусы жерді жарады,
Он саусағым жорғалап,
Домбыраның шегіне.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет