Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


ХХІ ғасырдағы ұлттық идеяның концептуалды негіздері мен тәжірибелік ұстанымдары: Мәңгілік Ел, Ұлы Дала Елі, Рухани жаңғыру



бет34/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

ХХІ ғасырдағы ұлттық идеяның концептуалды негіздері мен тәжірибелік ұстанымдары: Мәңгілік Ел, Ұлы Дала Елі, Рухани жаңғыру
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері ұлт болашағы, келешегі үшін көптеген реформалар мен ұлттық идеялар жоспарланып, жүзеге асырылуда.
Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
Ұлы Дала Елі – идеясы Елбасы, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сындарлы саясатының маңызды бағытының бірі – ұлттық құндылықтарды сақтау, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұраларды көздің қарашығындай сақтау, келешек ұрпаққа аманат ету. 
Сондықтан, бұл жоба ұлттық құндылықтарды көпшілікке танытуға және тәуелсіздік идеясын, елдегі халықтар достығын, береке-бірлік пен саяси тұрақтылықты насихаттауға, сондай-ақ, сол арқылы жас ұрпақты адамгершілік, отан сүйгіштік қасиеттерге тәрбиелеуге арналады.
жобаның мақсаты
Қазақстан халқының рухани-мәдени құндылықтарын сақтау және молайту, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру арқылы отан сүйгіштікті нығайту, бірлікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты, этноконфессиялық келісімді сақтау. 
Міндеттері
- елімізде және шетелдерде Қазақстанның «Ұлы дала елі» ретіндегі имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстарды үйлестіру;
- Еуразиялық кеңістіктегі көшпелі мәдениет мұрагері ретінде қазақ мәдениетінің ұлттық брэндін қалыптастыру және оны халықаралық деңгейде ілгерілету
- ұлттық құндылықтарды сақтап, одан әрі дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; 
- ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шараларға мемлекеттік органдарды және бизнес қауымдастықтарын тарту;
- жастарды қазақстандық отан сүйгіштік рухында, жоғары әлеуметтік-мәдени және моралды-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бағытында тәрбиелеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет