Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


Төбе би лауазымына байланысты әртүрлі дереккөздерде мынандай анықтамалар беріліп келеді: 1)«Төбе би



бет37/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Төбе би лауазымына байланысты әртүрлі дереккөздерде мынандай анықтамалар беріліп келеді:
1)«Төбе би –қызметі жағынан жоғарғы, бас би
2) «Төбе би –билікті тура шешетін ең жоғарғы би
«Төбе би–бір хандықтың не бір дүйімелдің, ұлыстың, аймақтың құзырына билігін жүргізуші әр дәрежедегі көп бидің үстінен билік айтып, шешімін мақұлдайтын не ең соңғы өз шешімін қабылдайтын, басқа билерден атақ-даңқы биік, беделді де белгілі, ақылшы да әділ биге берілетін құрметті лауазым».
Қазақ қауымында «төбе би» лауазымы билік жүйесіндегі ең жоғарғы дәреже-атақ болып саналған және ол әр жерде, әр кезеңде болып келген. Мәселен, солардың бірі –Төле де кезінде (ХVІІІ ғ.) «төбе би» лауазымына ие болса, XIX ғасыр аяғында Абай да «төбе би» болып сайланғаны белгілі.
Бас би. Бір елде, аймақта, хандықта билік етуші әр дәреже-деңгейдегі билердің ішінен сайланған (ел солай деп таныған), әдетте, ел ішіндегі, ел арасындағы асқынып кеткен дау-дамайды дұрыс шешуге байланысты сол билердің жүгінетін, оларға ақыл-кеңес беретін жоғарғы мәртебелі би лауазымы. 
Аға би. Бір ұлыста, аймақта билік жүргізуші әр дәреже-деңгейдегі билердің келісімін таба алмай, әбден асқынған, арты насырға шапқан дау-жанжалдың әділ шешімін шығару үшін жүгінер жоғарғы мәртебелі би лауазымы. «Аға би» «төбе би» мен «бас би» лауазымдарынан кейінгі деңгей екендігі байқалады, бірақ олардың атқаратын қызмет-міндетін дәл айту біз үшін қиын. Мәселен, «Үш пайғамбар» атты билер туралы жинақта Қаз дауысты Қазыбек «аға би» ретінде көрсетіледі:
Сүбе би. Сүбе би–дәреже жағынан «төбе би», «аға би», «бас биден» кейінірек тұратын, бірақ билік айту кеңесінде орны ерекше, айтқан уәжі шешім қабылдауда міндетті түрде ескерілуге тиісті билер арасындағы қазылық (арбитрлық) міндетін атқаратын би лауазымы.
 Кеңесші би. Билердің бұл тәрізді сатылы жүйесіне енбей, патша сарайларында, хан-сұлтандардың орда құзырында жүріп, оларға әртүрлі мәселе жөнінде ақыл-кеңесін беріп отыратын билерге берілетін лауазым.
Алқа би. Ел ішіндегі үлкен, әбден шиеленіскен дау-дамайды шешу үшін дауласушы жақтардың басын қосып өткізілетін билердің алқалы мәжілісін басқарушы, мәнсабы биік атақты биге тағылатын лауазым
Төс табанды би. Айтқанынан қайтпайтын тегеурінді, бірбеткей би.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет