Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты



бет40/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

Батырлар институты
«БАТЫР» сөзінің мәні ержүрек, батыл, әскери өнерді жетік меңгерген, ерлігімен аты шыққан деген мағына береді. Ал, батыр атағы тек қана адамның жеке бас қаситтеріне, оның әлеуметтік шығу тегіне қарамастан берілетін атақ.
Тарих ғылымында батырлар жеке тұлға ретінде ғана қарастырылып, батырлық адамның жеке басының қасиеті саналып, бұл ұғымдардың тарихи және әлеуметтік мәні ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген. Ежелгі дәуірден-ақ барлық қоғамдарда әскери адамдар тобы болғаны белгілі және олардың басты қызметі сол қоғамды қорғаумен тығыз байланысты болды. Бірақ сонымен бірге әрбір қоғамның даму деңгейіне байланысты әскери қызметтің өзіндік ерекшеліктері де болды. Көшпелі халықтардың тарихи-мәдени дамуының өзіндік ерекшеліктеріне байланысты елдің қауіпсіздігін, мемлекеттің тәуелсіздігін, ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі көшпелі қоғамда да әскери іспен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың пайда болуын, олардың осы қоғамдық функцияларды атқаруды өз міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде қалыптасуына әкелді. Басқа халықтарда әскери сословие өкілдерін "самурай", "рыцарь", "кшатрий" деп өзіндік атауымен атағаны сияқты дәстүрлі қазақ қоғамындағы кәсіби әскерилер әлеуметтік жігінің өкілдері "батырлар" деп аталды.
Соғыс ісі батырлардың негізгі кәсібі болғанмен, бұл кәсіптің басты мақсаты Отанды жаудан қорғау, елді шет басқыншылардан азат ету, халықтың қонысын, жерін кеңейту, тұтқында кеткен отандастарын азат ету, жау қолынан қаза тапқан ата кегін кайтарумен ерекшеленеді. Бірақ, тарих ғылымында көшпелі халықтардың тарихына деген еуропацентристік көзқарастың үстем болып келуіне байланысты, олар «адамзаттың арамтамақтары» ретінде тек отырықшы-егінші өркениет ошақтарын қиратушылар ретінде ғана бағаланды. Ұзақ уақыттар бойы көшпелі халықтардың қоғамдық-саяси және әлеуметік институттарының дамуына байланысты қарама-қайшылықты пікірлер басым болып келді. Тіпті, дәстүрлі қоғамға тән билер, батырлар институттары көшпелі және жартылай көшпелі қоғамның өзіне тән ғана мәдени-әлеуметтік тарихи тамыры мен осы мәдени-әлеуметтік тамырдың ерекшелігін ескерусіз қарастырылып, мәселен дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыр атауы тек құрметті атақ деген сияқты ғана пайымдаулар жасалды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың ерекше әлеуметтік топ ретінде өзіндік идеологиясы, қоғамдық функциясына, қызметіне байланысты тек өздеріне тән өмір сүру салты, жауынгерлік салт-дәстүрі, басқа әлеуметтік жіктермен ара катынасын реттейтін әлеуметтік нормалары, этикасы және т.б. ерекшеліктері қалыптасты. Батырлардың ерекше әлеуметтік жік ретіндегі басты ерекшелігі - олардың тек қана әскери кәсіппен айналысуынан көрінеді. Бұл туралы құнды мәліметтер қазақ ауыз әдебиетінде - эпос, жырларда, жыраулар поэзиясында, батырлық ертегілерінде және т.б ауыз әдебиеті деректерінде тамаша көрініс тапқан. Батырлар жырында елін сыртқы жаудан қорғау идеясы бейнеленіп қоймайды, сонымен бірге халықтың дүниетанымы, өзі туралы ұғым-түсінігі, моральдық-этикалық ұстанымдары, қаһармандық идеалы, салт-санасы, өмірді өзіндік қабылдау ерекшелігі т.б. этникалық сипаттары бейнеленеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет