Ұлы Жібек жолы Еуразия құрлығындағы мемлекеттер мен өркениеттердің мәдени сұхбаттастығы мен экономикалық байланыстарының алғышарты


ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі ұлттық идея



бет28/49
Дата07.02.2022
өлшемі465,5 Kb.
#90267
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
дәрістер курсы

ХХ ғасырдағы бейнелеу өнеріндегі ұлттық идея
Қазақстанның кәсіби деңгейдегі бейнелеу өнері ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында, Қазан төңкерісінен кейін қалыптаса бастады. Кәсіби деңгейде қазақ көркемөнер мектебінің пайда болуы Қазақстанға 1879 жылы келген Н.Г.Хлудов есімімен тығыз байланысты. Бұл негізсіз емес, себебі Хлудов Алматыда ашылған тұңғыш көркемсурет студиясын басқарды, қазақ бейнелеу өнерінің атасы деп танитын Ә.Қастеев оның шәкірті болды. Бірақ ХVIII ғасыр аяғы мен ХІХ ғасырдың басында-ақ көшпелі қазақ сахарасы Батыс, Ресей зерттеушілерінің үлкен қызығушылығын тудырған аймақ еді. Осы кезедегі тарихи-саяси жағдайларға байланысты Ресейден ғылыми зерттеу экспедициялар құрамында, қуғын-сүргінмен суретшілер келе бастады. Ресей, Еуропадан келген Джон Кестль, В.Верещагин, П.Кузнецов, Т.Шевченко, И.Клапрот, А.Чернышев, Т.Аткинсон, Е.Корнеев сияқты суретшілер, саяхатшылар жұмыстарында өздеріне таңсық, ерекше көрінеген аң аулау, бие сауу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптар, киіз үй іші сияқты көшпелі халық тұрмысының көріністерін бейнеледі.Көсіліп жатқан дала табиғаты да олардың назарынан тыс қалмаған.Олардың жұмыстары жергілікті халықтың этникалық бейнесін анық берген реалистік сипатымен құнды және еуропалықтарға экзотикалық бейнеде көрінген дала әлемінің келбетін бізге жеткізді. Қазақ даласында болған бұл суретшілердің жұмыстары біздің табиғатымызға, рухани, материалдық мәдениетімізге деген шынайы қызығушылықтарының дәлеліне айналды.
Бейнелеу өнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық болса да олардың бәрі халық өнерінің, дүниетанымының бір бұтағы ретінде өркен жайады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім, дүниетаным жаңадан енген өнер түрінің қайнар көзіне айналды. Қазақ халқының дәстүрлі көзқарасы өнердің жаңа түрінің бағыты мен сипатын анықтап отырды. Халықтың дәстүрлі ой санасымен терең байланыс негізінде Қазақстанның кәсіби бейнелеу өнерінің көркемдік ерекшеліктері мен идеялық бағыты қалыптасты.
Өнер үшін бір ғасыр онша көп мерзім емес. Бірақ Қазақстан суретшілерінің бірнеше ұрпағы өткен жол өзіндік ұлттық ерекшелігі мен идеялар жинағы бар көркемөнер мектебін қалыптастыра алды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет