Халқымыздың өнеріндегі дүниені көркемдік тұрғыдан бейнелеудің ерекшеліктері.
Халықымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасу тарихында рудан тайпаға, тайпалар одағынан ұлтқа айналу процесінде оның рухани дүниесі де дамып, ұлттық өнері болған жəне ол басқа ұлттарға үлгі боларлықтай асыл қасиеттері мол жинақталған.
«Халық өнерінің мұрасы» деген ұғым көп мəселені қамтитын, əсіресе халықымыздың ұлттық өрнек өнерінің дəстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу — өнерге қатысты мекемелер мен зиялы қауымның ортақ мақсаты.
Қандай қоғам, қандай ел болмасын, экономикалық, саяси т.б. артықшылықтарына қарамастан, өзінің өнері, мəдениеті, ұлттық дəстүрін сақтай алмаса, толық жеңіске жете алмайтыны айқындалған осынау кезенде халық мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің көркемдік даму ерекшеліктері əр халықтың, əрбір қоғам мүшесінің өмірлік мақсатына, тіршілік дағдысына айналу қажет. Осынау ұлы процесте ұлттық өнердің атқаратын ролі аса зор.
Халық өнерінің табиғи процесі өте теренде жатыр. Халық өнері шеберлерінің шығармаларын қарастыру заңдылықтары да осыдан келіп туындайды. Қолөнердің даму процесінде идеялық- эстетикалық дəрежесі тек ірі, ауқымды өнер түрлері арқылы танылады. Құбылыс болған соң оның ішкі, сыртқы зандылықтары, тіршілік-тынысы, белгілі дəрежеде əсер ететін ықпалы жəне бар.
Негізінде халқымыздың ұлттық қолөнері көне заманнан бері халық тұтынып келе жатқан ұлттық мүліктер мен заттарға таяқша, сызықша салып оюлайтын қарапайым əшекейлеуден бастап, қазіргі дəстүрдегі айналаны қоршаған табиғат құбылысын алғашқы, керамика мен түсті металға, жасау-жиһаздарға бейнелейтін сюжетті өрнектер мен əшекейлеулерге дейінгі жоғары дамыған кезіне келіп жетті.
Адам баласының тарихындағы ең көне өнер туындыларының ішінде өрнек өнерінің ең жоғары, сапалы оқшау түрін тарихшы-ғалымдар «скифтердің жануарлар стилі» деп атаған. Осы жан- жануарлар кейіпі (бұғы, елік, самұрық құс, барыс, қасқыр, жылқы, түйе, қой, ешкі сияқты аң-құс пен үй хайуанаттары) — оймышты əсер беретін түрлі өрнектер, жауынгерлік өмірге, салт-дəстүрге жаңа тұрмыс-тіршілікке арналған көріністер, заттар. Осылардың бəрі де оқшау сипаттағы өнер туындылары бола тұрып, бұйымдық, тұтынушылық роль атқарған. Ат əбзелдері, сауыт-сайман, ыдыс- аяқ, киім-кешек осының бəрі «скифтердің жануарлар стилі» деп аталған өнер туындыларында тұнып тұр (кестені қара).
Самұрық сұлбасы — түркілерге қытайлар арқылы жеткен өрнек. Иран жеріне кең тараған самұрық бейнесі отқа құлдықтың ең маңызды белгісіне айналған. Себебі отқа құлдықта қораз (əтеш) оттың, ал самұрық күннің белгісі (рəміз) бола-тұғын. Хұн жəне түркі дəуір қорғандарында осы ою- өрнектер жиі кездеседі
Жануарлық стильдің зооморфтық (пұтқа табынушылық, құдайды аң кейіпінде суреттеу) нышаны-белгілері жағымды рең алып, сақ қоғамындағы ең іргелі байлықтармен шендес жатады. Тарихи көзқарастарға жүгінсек, онда сақ мəдени мұраларының негізгі арқауы жергілікті жануарлық стиль болғандығын айқын аңғарамыз.
Жануарлық стильдің ішкі көркемдік-эстетикалық айырмашылықтарына тоқталар болсақ, ең алдымен сақтардың бейнелеу образы тұрақты, қимыл-қозғалысы динамикасы мен геометриялық кескіндеуі біршама айқын болып келеді. Егер ұлттық бейнелеу өнерін бір ауыз сөзбен сипаттау керек болса, ойымызға бірден «жануарлар стилі» («зооморфизм») сөзі оралады. Жəне бұл табиғи нəрсе. Өнер нысанасы хайуанат əлемін таңдап алған көшпенділердің экспрессивтік стилінің салтанаты кезінде, оның эстетикалық мəн-мағынасы аса биік өреге жетеді. Жабайы сымбат машығы бүкіл сахарада үстемдік құрды, ол тудырған мұратнама халқымыздың əлеуметтік, мəдени-рухани мұрасындағы, ұлттық бейнелеу өнеріндегі өрнек өнерінің ең озық үлгісі болып табылады.
Өрнек өнері — мифтің графикалық көрінісі. өрнек өнері — дүниелерді бейнелермен қабылдайтын мифті көрсететін жүйе. Ендеше, өрнек өнері мифтік белгілер жүйесі болып та саналады. Бейнелеу өнері мифтік дəуірдегі тұтастық (синкреттік) мəдени кешеннің ажырамас бөлігі ретінде кіреді. Ол ғаламат көркемдік жүйелердің қалыптасу дəуірі. Ал өрнек өнеріндегі мифтік белгілердің көркем шығармашылық жайы, басқа да киелендіру əрекеті əлем жаратылысына еліктеу, сондай жолдардың бірі — айқын бейнеленген көкемдік үлгі жасау. Бейнелеу адамның мəдени, рухани тəжірибесінің ерекше түрі, осы тұрғыдан ол адам ойының сыртқы белгісінің бір деңгейі ретінде əр адамның ортамен, ғаламмен байланысының денгейі ретінде қарастырылады.
Сонымен, қазақтың əлеуметтік мəдени мұрасындағы ұлттық өрнек өнерінің көркем шығармашылықпен пайымдалынуы — халқымыздың ежелгі өнері. Ал, ұлттық өрнек өнері біздер үшін көп нəрсені білу, көкейкесті мəселелерді көңілге түюге бейімділік жəне халық мұрасындағы көркем шығармашылықты пайдалануды жалғастыру. Өйткені ұлттық мұра қазынасынан рухани тəрбие, өсиет көзі ретінде ғасырлап зердесіне сіңіріп, өзінің ақыл-парасаты, иман-ғибадаты арқылы тануға тырысып, рухани мəдениетін байланыстыра түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |