Бірінші қыз: Армысыз, қасиетті Жер-Ана!
Табынып сізге тәу етемін.
Өркендеп өссін көк шыбық, мейірімді төге гөр! Тәу-тәу-тәу!
Билігі әлемнің өзіңде Жер-Ана!
Көктемнің нұрына шомылған өзіңе Тәу-тәу-тәу!
Молшылық бер еліңе, Кеудеңнен өнген дәніңе,
Қар жауып шөптің қайта өнгеніне, Тәу-тәу-тәу!
(Сахнаға Су-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды)
Екінші қыз: Армысыз, қасиетті Су-Ана!
Табынып тәу етем өзіңе,
Жақсылық оянып санамда, Тәу-тәу-тәу!
Жаңбыр жауып далама,
Нұрдың бізге жауғанына, Тәу-тәу-тәу!
(Сахнаға Күн-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды.)
Үшінші қыз: Армысыз, құдыретті Күн-Ана!
Жылуыңа тәу еттім,Тәу-тәу-тәу!
Әлемді жарық еткен
Қасиетіне тәу етем, Тәу-тәу-тәу!
(Сахнаға От-Ана шығады. Ол да Жер-Ананың әрекетін қайталайды)
Төртінші қыз: Жалындап ұшқын шашып,
Жарылқаған От-Ана!
Отың жетіп, бой жылытшы, Тәу-тәу-тәу!
Денемізге саулық бер,
Ел жұртымызға жылуыңды дарыта гөр, Тәу-тәу-тәу!
І жүргізуші: Бұл көріністің себебі ертеде халқымыз От, Су, Жер, Күнді ерекше құдірет иелері деп таныған. Күллі тіршіліктің бастауы осылар деп білген.
І жүргізуші: Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!
ІІ жүргізуші: Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
Сейітқазы Сәкеннің орындауында «Наурыз тойы» әнін қабыл алыңыздар.
І жүргізуші: Бүршік шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.
ІІ жүргізуші: Келді көктем қоңыр салқын желімен,
Келді көктем нұрын шашқан күнімен.
Келді көктем қызыл, жасыл гүлімен,
Келді көктем әдемі құс үнімен
(Көктем қыз келеді, судың сылдыраған әуені ойнап тұрады. Қазақ көйлектегі қыздар көк, жасыл матамен желпіп, шырпыларды әкеп қояды.)
(Көктем мезгілінің көрінісі слайд, видеоролик ретінде табиғаттың көрінісі)
Достарыңызбен бөлісу: |