Көктем: - Армысыздар қадірменді халайық!
Жайнатып гүлін даланың,
Жетелеп жұмсақ самалын
Келдім міне ортаңа,
Құс сайратып, ағайын!
Көтеріп күннің от лебін,
Көгімнен түсті көктемім.
Жылыта келді елімді,
Жібіте таудың бөктерін.
Көтеріп күннің от лебін,
Көгерте күнгей шөптерін,
Шулатып аққу, қаздарын
Көліме қонды көктемім.
Ал халайық, халайық,
Ескі жылдай аға бар.
Оны ортаға алайық,
Қош айтысып қалайық.
Музыка ойнап ескі жыл Қой келеді)
Ескі жыл: Ескі жылың есіркеп,
Жаңа жылың жарылқап,
Еліңде болсын тыныштық,
Бейбіт күнің жарқырап,
Қоштасамын бүгін мен
Сіздерді қимас көңілмен.
Келер мешін жылында
Дән көп болсын қоймада.
Тыныштық пен бейбіт күн
Болсын деп тілеп әмәнда,
Қоштасып қол бұлғаймын.
Қош, сау болыңдар!
(Ескі жыл сахна төрінде кетпей тұрады.)
І жүргізуші: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ бәйшешек бөлеп алды маңайды.
«Жаңа жылмен құттықтаймын» деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
ІІ жүргізуші: Жаңа жыл – қайсарлық пен жүректілік
Баратын болашаққа білек түріп.
Біз жаңа жылдарға қол соғамыз
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.
І жүргізуші: Келді міне жаңа жыл жасыл желек оранып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып.
ІІ жүргізуші: Армысың, Жаңа жыл,
Қуаныш боп кір, төрлет.
Ел болып саған
Көрсетіп жатыр сый-құрмет.
І жүргізуші: Мешін жылы, кел, төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
(Сахнаға жаңа Мешін жылы келеді)
Жаңа жыл: Рахмет, сіздерге, халқым! Мені бөтенсімей шын ықыласпен қарсы алғандарыңызға разымын!
Жақсылыққа бағыттаған,
Мешінмін мен жаңа жыл.
Жаңа жылда барлығыңыз,
Жаңа үміт таба біл.
Қой жылы мерекесін
Берекеге жалғаймын.
Елде, жерде, табиғатта
Бейбіт жолды қолдаймын.
Қой жылы жыл символын Мешін жылына табыстайды:
Жыл иесі – берекелі Мешін,
Құт иесі – берекелі Мешін,
Береке-Бақыт боп,
Жерге қон, жерге қон!
Кереге бойлы берекелі Мешін,
Қасиетті берекелі Мешін,
Қуаныш-Шаттық боп,
Жерге қон, жерге қон!
Алтын басты берекелі Мешін,
Күміс құйрық берекелі Мешін.
Ынтымақ-Бірлік боп,
Жерге қон, Жерге қон!
(екеуі бірге қол бұлғай сахна төрінен кетеді)
Достарыңызбен бөлісу: |