Тоғызыншы қасиет. Жомарттық: егер шамыңыздың жарығы қоршаған ортаға да түссе, онда одан ешкім кетпейді
Беру – өмір сүрудің жоғарғы дәрежесі
Келвин Кулидж, америкалық президент
Қоршаған ортаны көшбасшының кең пейілділігі пен жомарттығына қарағанда, одан артық ешнәрсе бұндай мықты сенім ұялатпайды. Ол жүректен шығатын кең пейілділік. Артынан адамдарды ілестіре алатын тиімді көшбасшылар қоршаған ортаның қамын ойлайтындар. Бойыңызда жомартттық қасиетін өсіріп, оны өміріңіздің ажырамас бөлігіне айналдырыңыз. Ол үшін:
Барыңыз үшін риза болу. Барын қанағат тұтпаған адамға, жомарт болу қиынға түседі. Рокфеллер айтқандай: «Мен миллион тапсам да, ол маған бақыт әкелмеді». Азды қанағат тұтпасаңыз, көпті де қанағат тұтпайтын боласыз.
Бірінші орынға өзіңіздің адамдарыңызды қою. Жомарттық бірінші орынға өзіңізді емес, басқа адамды қоя білуді талап етеді. Солай істей білсеңіз, дәулетіңізді беру оңайға түседі.
Ие болуға деген ынта сізді басқарып алмасын. Эрл Уилсеннің пікірі бойынша, адамдарды үш топқа бөлуге болады: барлар, жоқтар, болғаны үшін төлей алмай жатқандар. Егер жүрекке билік еткіңіз келсе, онда жинақылықты өзіңізге билік жүргізуші етпеңіз.
Ақшаны қор ретінде түсіндіру. Бір кездері бір кісі мәселе ақша жайында болғанда, адам оны жеңе алмайды. Оны жеңудің жалғыз жолы, оған сабырлылықпен қарап, жақсы істер үшін жомарттық таныту арқылы жұмсау. Э.Стенли Джонс айтқандай: “Ақша- керемет жалшы, бірақ жаман қожайын.” Егер ол сіздің үстіңізден қараса, оның сиқырлы билігінің астында қаласыз да, өмір бойы оның құлы болып өтесіз.
Беру әдетін қалыптастыру. Жомарттыққа деген психологиялық ұстануды өзіңіздің бойыңызда ұстап отыру үшін беру әдетін қалыптастыру – уақытты, назарыңызды, ақшаны және қорларыңызды беру.
Сіз шынымен жомарт көшбасшысыз ба? Басқа адамдардың өміріне қосымша құндылықтарды енгізуге ат салысасыздар ма? Өзіңізден басқа кімге ақша жұмсайсыз? Уақытыңызды ше? Өмірлік сусыныңызды басқа адамдардың өміріне құясыз ба? Сізге ақысын қайтара алмайтын адамдарға қаншалықты көмектесесіз? Жауаптарыңыз теріс болса, онда бола алатындай асқан жомарт иесі емессіздер.
Берілмеген нәрсе - жоғалған нәрсе. Сіз дәл қазір не жоғалтасыз?
Достарыңызбен бөлісу: |