Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет137/165
Дата25.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#182455
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

2.4.2. Отшашу тақырыбындағы жырлар
Карантин кезіндегі өлеңдердің көпшілігінің тілек пен мінажат, күнә мен 
жаза мотивінде жазылғанына байқадық. Демек, карантин және қазақ 
поэзиясы дегенде, біз осы мотивтерді ойға аламыз. Бірақ осы зерттеуімізді 
тағы бір өзіміз байқаған ерекшелікпен толықтырғымыз келеді. 
2020 жылдың 6 шілдесінде Қазақстанда отшашу атылды. Дәл осы күні 
әрбір қазақстандықтың әйтеуір бір жақын адамы COVID-19 жұқтырып, 


307
сырқат зардабын тартып жатқан еді. Әлеуметтік желілер лентасы күн 
сайын індеттен қайтыс болған адамдардың жақын-жуықтарына көңіл 
айтқан хабарларға толды. 
Қазақстан Республикасының азаматтары 2020 жылы Астана күні аталып 
өтпейтін де шығар деп үміттенген болатын. Бірақ сол күні қас қылғандай 
түнде жыл сайынғы қалыптасқан тәртібімен салтанатты отшашу атылды. 
Бұл күн, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні болатын. 
Қара жамылып отырған халық отшашуға түсінбей, аң-таң күйде қараса 
да, ізінше ашу-ызасын білдіріп, қатты-қатты сөйлеп, наразылықтарын 
білдіріп жатты. Осы кезде прозаиктерге қарағанда, ақындар лап еткен 
эмоциялық сезіммен ызалы жыр жазып, реакцияларын білдірді. 
Біз бүгінге дейін отшашуға байланысты дейін бірде-бір прозалық 
шығарманы оқыған жоқпыз. Бірақ осы бір күннің ішінде поэзияның 
бір жанры халықтың жанайқайы мен ызасын бұрқ еткізіп жеткізіп 
салды. Ендеше COVID-19 індеті кезіндегі қазақ өлеңін отшашуға дейінгі 
(үрейлену, вирустан сақтануға, жаратқанға жалбарынуға арналған) және
отшашудан кейінгі (ызалану, қара жамылу, қайтқан адаммен бақұлдасу) 
деп екіге бөліп қарау керек деп білеміз.
Ақын Бақыт Беделхан: 
«Астананың қызуы қырық боп тұр
Сылтау да өткір әйнектей сынық та өткір
От сапырды...
Жын шашты...» –
деп, адамдардың дене қызуы көтерілгенде, биліктің от шашып 
ойнағаны қалай деген ойын ызамен жеткізеді.
Осы күнде жазылған өлеңдердің поэтикасы мен шынайылығына риза 
боласың. Шынайы болатыны – айтып өткеніміздей, бұл кезде вирустың 
қаншалық қауіпті екенін ел әбден білген еді. Зираттарда топырағы кеуіп 
үлгермеген төмпешік көбейген. Бір үй кеше ғана бауырын жерлеген, тағы 
бірі ауруханадан хабар күтіп отыр, ал келесі бір үйдегі жаны қысылған 
адамға жедел жәрдем келмей жатыр, ендігі бір бірнеше адам дәріхана 
алдында кезекте тұр. Дәл осындай жағдайда жүрген қаралы ел отшашуды 
қалай қабылдау керек еді?
Ақан Марғұлан деген ақын өлеңінің атын «7-40-2030» деп атапты. 
7 саны – Астана күні, 40 – ауырған адамдардың қызуының көрсеткіші 
және қайтыс болғандардың әлі қырық күндік асы да берілген жоқ деген 
ызасы, 2030 – Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылы 1 қазанда қабылдаған 
«Қазақстан-2030 стратегиясы – ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге 
арналған стратегиялық бағдарламасы». 
Отшашу тақырыбына жазылған өлеңдер көлемді емес. Айталық, 
Бақыт Беделханның өлеңі бір-ақ шумақ. Ақан Марғұлан бар айтпағын бес 
шумаққа сыйдырған: 
«Біздің Отан – әруақ қонған бейітте,
Сіздің Отан – жармақ толған сейфте.


308
Біздің Отан – арман бүрген Жүректе,
Сіздің Отан – жалған күлген кейіпте» ( abai.kz 2020).
Светқали Нұржанның «Екі Отан» деген өлеңі де сол түні жазылған. 
Онда автор Нұрсұлтан Назарбаевтың қиялындағы Отан ұғымы мен 
халықтың ойындағы Отан деген сөздің мағынасында зор айырмашылық 
бар екенін жырға қосқан. Сонымен қатар автор «Біздің Отан – арын 
сатқан нан таппай, Арулардың ышқырында былғанған!» ( abai.kz 2020 
а) деп, бұқара мен билік арасындағы Отан ұғымының айырмашылығын 
ашына жеткізеді. 
Мақпал Жұмабай үш шумақпен, Асылзат Арыстанбек – бес, Есей 
Жеңісұлы – алты», Танакөз Толқынқызы – үш шумақпен қарсылығын 
білдіріп, наразылығын жеткізген.
Танакөз Толқынқызының идеясы Светқали Нұржанның ойымен үндес, 
сарындас келеді. «Ел де жоқ. Отан да жоқ. Ел бастар атан да» (abai.kz 2020) 
дейді Танакөз Толқынқызы. Бірақ Танакөзде кие және обал-сауап мотиві 
де бар. Ол «От шашып тойлағандар, Отпенен ойнамаңдар! Көз жастың 
хақы болар, Тозақтың оты болар» (abai.kz 2020а) деп түйіндейді.
Қазақ мифінде отқа ерекше мән беріледі. Халық тарихында от культі 
дәуірлеген кезеңдер болған. Отты күннің жердегі сынығы деп қабылдайтын 
халықта «Отпен ойнама» дейтін тыйым бар. Танакөз Толқынқызы осы от 
танымын қайта жаңғыртып, Астана күні билік отпен ойнады деп, ызасын 
екі тармаққа сыйдырған. Сондай-ақ індетке шалдыққан дәрменсіз 
халықтың ел бастайтын есті адамдары қайда деген ой тастайды.
2020 жылы Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті 
Нұрсұлтан Назарбаевтың 80 жасқа толуына орай оған таза мыстан 
ескерткіш қойылды (azattyq.org). Қазақстан ресми Астана күнін де 
Назарбаевтың туған күнімен бір күнде атап өтеді. Отшашу да осы шараға 
байланысты ұйымдастырылған. Ақын Есей Жеңісұлы індетке арналған 
жырын осы мыс ескерткішпен сабақтастырады. Қазақстан түгілі, «күллі 
әлемнің өкпесі күйіп» жатқанда, бұндай той ұйымдастыру – «шала милы» 
адамның әрекеті деп білетінін айтады. Ал кеудесін қысқан жөтелмен 
алысып жатқан жұртқа аспиринді қымбат бағаға сатып байығысы 
келетіндерді көр үстінде билеген шайтандарға ұқсатқан:
«Көр үстінде көп шайтан билегендей,
Отшашуың бітпеді-ай, Қазақстан...» (abai.kz 2020)
Мақпал Жұмабай да өлеңінің атын «Отшашу. 06.07.2020» деп атаған 
екен. Ақын сол күнгі отшашудың шоғы жүректерге түсіп күйдірді, ал оның 
ащы дауысынан ауырған жандардың үні естілмей де қалды дейді: 
«Тәуелсіз елде тәуелді халық,
Бір түйір улы дәріге» (tilshi.kz 2020) 
Асылзат Арыстанбек ойын білдірген өлеңді оқығанда, біздің есімізге 
Эдгар Поның «Бетперделі қызыл ажал» шығармасы түсті. Астана күнін 
тойлағандар өз сарайында карнавал өткізген Просперо ханзада сияқты: 


309
«Биліктің бізге қақпасы жабық,
Той тойлап жатыр әлі де.
Мүрделеріңе белгі де қоймас ескерткіш соққан тіріге» (tilshi.kz 2020 а).
Эдгар По «Бетперделі қызыл ажалды» 1842 жылы жазған. Асылзат пен 
Эдгардың шығармасының арасы екі ғасыр, нақтырақ айтсақ, 178 жыл. 
Енді тура 178 жылдан кейін әдебиеттегі осы проблема, осы идея қай елде 
көтерілуі мүмкін? Үш ғасырға тақау уақыт ішінде адамзаттың пейілі 
өзгермеген бе? Әлем әдебиеті мен бүгінгі қазақ әдебиетіндегі көркемдік 
кеңістікке үңіле отырып, індеттің адамды өзгертпейтінін байқадық. 
Індет –біздің кім екенімізді, сын сағатта адами қасиетіміздің қаншалық 
екенін көрсетіп беретін айна ғана. Асылзат Арыстанбек пен Эдгар Поның 
шығармасын салыстыра отырып осындай ойға қаласың.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   165




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет