50
белгісіз деп мәлімдеген ДДСҰ әлемдік қауымдастықтың қырағы болу
керегін атап өткен (The Lancet, 2020).
Келесі кезеңде пандемия туралы маңызды ақпараттың қоғамға
жеткізілу формасы шешуші рөл атқарады. 2020 жылғы 15 ақпанда
қауіпсіздік жөніндегі Мюнхен конференциясында сөз сөйлеген ДДСҰ
бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: «Біз эпидемиямен ғана
емес, инфодемияға да қарсы күресудеміз», – деген. Жалған ақпараттың
әлеуметтік желілер, медиа кеңістігі мен басқа да арналар арқылы оңай әрі
тез таралатыны қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дағдарысқа түсіруде.
Осы ретте сенімді ақпарат таратуға, статистикалық деректердің ашық
болуына, деректерді жариялауда кедергілердің болмауына, денсаулық
сақтау саласы мамандарының мәліметтері мен тәжірибесін жариялауына
және рецензияланатын зерттеулер жүргізуіне баса назар аудару қажет.
Жаһандану дәуірінде COVID-19 пандемиясын мүлдем тежеу мүмкін емес
те шығар. Дегенмен денсаулық сақтау жүйесін басқаратын органдардың
ақпараттық саясатын дұрыс ұйымдастырып, іске түрлі БАҚ арналарын
тарту – халықтың үрейге бой алдыруы мен дүрбелеңге түсуіне жол
бермеудің ең тиімді амалы (The Lancet, 2020).
Достарыңызбен бөлісу: