Триацилглицеролдар химиялық тұрғыдан бейтарап, инертті келеді. Оларға мынадай реакциялар тән: 1. Гидролиз реакциясы. Бұл реакция әсіресе майларға тән нәрсе. Тірі организмде гидролиз реакциясы катализатор (фермент) әсерімен жүреді, ал организмнен тыс жерде сілті катализатор қызметін атқарады және қыздыру қажет. 2. Гидрогендену реакциясы. Қанықпаған май қышқылының қалдығына сутек атомдарын қосады. Әдетте мұндай реакция сұйық майдан қатты май алу мақсатымен іске асырылады. Маргарин өндірісінде саломас алу үшін қолданылады. Мұндағы катализатор - никель немесе платина. Липидтердің биологиялық маңызы Липидтер мынадай биологиялық маңызы бар: 1) липидтер энергия қорының (депосының) негізгі түрі немесе энергия көзі; 2) тірі организм үшін көміртегі атомдарын беруші; 3) липидтер клетка мембранасының құрылымдық және рецепторлық бөлігі; 4) липидтер басқа да биологиялық тұрғыдан маңызды органикалық қосылыс-тардың алғы заты бола алады; 5) қорғаныс қызметін атқарады, организмдерді ыстық-суықтан, электр және механикалық әсерлерден (соққыдан, қағылып соғылудан, қатты суықтан) қорғайды; 6) липидтерде көптеген витаминдер ериді және құрамында алмастыруға келмейтін май қышқылдары бар, ондай қышқылдар организмнің қалыпты тіршілігі үшін қажет. Бақылау сұрақтары: - Липидтер дегеніміз қандай қосылыстар?
- Липидтер қалай жіктеледі және жәй (қарапайым) липидтерге қандай қосылыстар жатады?
- Күрделі липидтерге қандай қосылыстар жатады?
- Липидтердің сабындану реакциясы қандай реакция және практикалық маңызы қандай?
- Липидтердің биологиялық және практикалық маңызы қандай?
1. Салханова С.Н. және т.б. Биоорганикалық химия пәнінен оқу әдістемелік кешен, 2011. 2. Сейітқалиев Қ.С. Органикалық химия. – Алматы, 1993. 3. Тюкавкина Н.А., Бауков Ю.А. Биоорганическая химия.- М.: Медицина, 2005. Әдебиеттер:
Достарыңызбен бөлісу: |