Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,
Қазақстан Республикасының президенті. Құрметті Кекілбаевтар әулеті!
(Қаралы жиында сөйлеген сөзі) Ұлттық әдебиет заңғарларының асыл тұяғы, халқымыздың бағына біткен маржансөз шебері, классик жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбайұлының өмірден озуы барша қазақ жұртының қабырғасын қайыстырған ауыр қаза.
Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттігімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан еліміздің ардақты азаматы Әбіш Кекілбайұлының жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалары сөзсіз.
Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат болсын!
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.