Оған тереңдік жарасқан
Әбіш Кекілбаев қазақтың маңдайына біткен үлкен жазушы, жақсы адам, аяулы дос, ұлағатты ұстаз, адал жар, ғажап әке!.. Әбішпен дос болдық, бірге жүрдік. Сонда байқағаным – ол әр сөзге, әр ойға мән беріп, жауапкершілікпен қарап, кез келген нәрсеге тереңдікпен келуші еді. Меніңше, бүкіл қазақ қайғырып жатыр. Себебі, ол халық жазушысы бола алды. Халықтың сөзін сөйлеген, халықтың жоғын жоқтаған қарымды қаламгер-тін. Әбіш Кекілбаев тек қана қазақ емес, Кеңес прозасындағы ірі тұлғалардың бірі. Бұл бір орны толғысыз қаза болды. Жатқан жерің жәннатта болсын! Сенің жарқын бейнең мәңгілікке жадымызда қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |