Үлкендерден естіген әңгіме. Бірде жалғызының қазасының қайғысынан ас ішпей, әрі қарап жатып қалған Баймұрат деген кісіге біраз адам келіп көңіл айтады



бет5/5
Дата27.03.2022
өлшемі42,07 Kb.
#136967
1   2   3   4   5
Байланысты:
соч3 -5клас (1), Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы- силлабус, Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы- силлабус, Тарихилыққа дейінгі адамзат эволюциясы- силлабус
Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ.
Алаш жұртының алыбы
Міне, үш күн болды азалы Алаш жұрты, қамыққан қа­зақ елі, күллі қазақстандықтар бірінің көз жасын бірі сүртіп, алыс-жақын, таныс-бейтаныс демей, бірі-біріне көңіл айтып, сабырға шақыруда…
Өмірден Әбіш Кекілбаев өтті… Халқымыз сирек туар ұлы перзентінен, қадірлі қимасынан, қанаты талмас сұңқарынан, аламанның алдын бермес тұл­па­рынан, көз талар биігінен, сөз жетпес тереңінен айырылды.
Ұлт руханиятының алып бәйтерегі құлады.
Ардақтысын әспеттеп, аяулысын қадірлей білер, та­мы­рын тереңнен тартар тағылымы мол ұлы жұртымыз ұлы тұлғалары мен біртуарларын соңғы сапарға қалай шы­ғарып салғанының сан куәсі болып едік… Десек те, бүгінгі ауыр қазаның қазақ үшін жөні бөлек…
Қаршадай кезімізде, 1961 жылы Мұхтар Омарханұлы Әуе­зовті қалың елі күңіреніп, дәл осылай бақи дүниеге ат­­тан­дырғанының куәсі болып едік… Елдің күрсінгені, ха­лықтың қамығып, жасқа булығып, замана заң­ғары­мен қи­май қоштасқаны жадымызда қалыпты… Бүгін де сондай бір хәлді бастан кешіп отырмыз. Елбасымыз айтатын «Мәң­гілік Елдің» жаңа ғасыр төріне бет алған ұлы жұрты ға­жайып ықыласпен өз қайғысын өзі жеңіл­детіп, отбасына, өзіне-өзі көңіл айтып отыр. Ұлтын ұлын­дай сүйіп, қызындай мәпелеп, әкесіндей сыйлап, ана­сындай қадір­леп, жарындай аялаған алып жүректі алып махаббаттың иесі өткенін жан жүрегімізбен сезіну­деміз.
Иә…
Әбіш Кекілбаев өткен ғасыр өрісін кеңейткен алпы­сын­шы жылдары әдебиет босағасын Құбылыс болып аттап еді.
Жалпақ жұрттың назарын жалт қаратқан көзі тұнық, сөзі мірдің оғындай өткір қанатты тұлғаны тұғы­ры­на қон­дырған алыптарымыз да, аға буын да жаңылған жоқ. Әбекең де сол құбылыс болып жұрт жадында бекі­ген, ұлы биігін аласартпай, қанатын кең жайып, ұлт ру­­­ханиятына олжадан олжа қосумен болды.
Қай тұста да, қандай кезеңде де жүрісінен сүрінбеді. Әдебиетіміздің ары мен абыройын асқақтар классикалық туындыларды жаратты, көркемсөзімізді әлемдік биікке бастар жаңа соқпақтарға салды. Азамат ретінде замандастарына, ғаламдастарына, қаламдастарына, дос­тарына деген адалдығына селкеу түсірмей, өмірлік ұстанымдарының әдібін бұзбай, әдептен озбай… Міне… 76 жасында арамыздан кетіп барады!.. Артына ұлтты сүю мен ұлтқа қызмет ету­дің, ұлтты аялау мен ұлтты асқақтатудың ұрпаққа үлгі болар үлгі-өнегесін аманаттап өтіп барады.
Кешегі Алаш арыстары мен алыптарының сөзі мен ісін жаңа – жиырма бірінші ғасырға жеткізу жолында – тәуелсіздік жолында алғашқы қазақ Президентінің қасында жүріп, елдік міндеттерді аянбай атқарған хас суреткерді, көрнекті мемлекет қайраткерін соңғы сапарға аттандырып тұрып, ойға аларымыз көп. Соның бірі – дәуір дейтін ұғым. Әдебиетте Абай дәуі­рі, Махамбет дәуірі, Жамбыл дәуірі, Әуезов дәуірі дейтін шартты ұғымдар бар… Енді, заң­ғарымызды аттандырып тұрып, тіл ұшына Әбіш Кекілбаев дәуірі дейтін ұғымның оралары шүбәсіз… Көркем әдебиетімізде Кекілбаев дәуірінің басталғаны анық. Сол дәуірмен қош­тасып тұрып, айтулы ұғымның ұлт санасын байытар ұлы кеңістікке айналарына сенеміз.
Қазақта «екі дүние» дейтін киелі ұғым бар. Бірі – қызық-қуанышына адам баласы тоймас мына жарық дүние болса, екіншісі – рух атаулының мекені – ғарыш дүниесі! Рухтың дүниесі! Ұлтымыздың нысаналы перзенті ретінде Жаратушы Әбіш Кекілбаевтың маңдайына екі дүние қызығын қатар бұйыртқан болуы тиіс. Оның аты – Мәңгілік! Ұлтымен мәңгі болу бақыты. Оңдыда туып, әулиелер мекені атанған Маңғыстауда қанаттанған, қасиетті Алатау бөктерінде атақ пен абыройға бөленіп, Сарыарқа төрінде еліне абыз атанып, ел құрметіне кенелген, қазақтың әдебиетін кең өрістерге алып шығып, жаңа қоғамның қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан адал жүрек, ақиық тұлғаға ұлты да, жұрты да риза!
Кекілбаев өнегесі – өрісті мектеп!
Әдебиетті Кекілбаевша жасау, өмірді Кекілбаевша сүру, қоғамға Кекілбаевша қызмет ету, заманға Кекілбаевша баға беру, қазақты Кекілбаевша еміреніп сүю дейтін жаңа дәуір басталып отыр.
Бақұл болыңыз, ардақты Әбеке!
Сіздің Рухыңыз жиі-жиі оралып, ұлтымыздың тұтасуына, елдік қасиеттеріміздің бекіген үстіне беки түсуіне Мәңгілік қызмет ететініне сенеміз!
Жаныңыз жәннат төрінен болсын, қазақ көркемсөзінің хас шебері!
Хош, аяулы аға!
Хош, Алаш жұртының алыбы!
Нұрлан ОРАЗАЛИН,
Сенатор, Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының Төрағасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет