Логопедиялық ойындар
Логопедиялық сабақтарда дыбыс қою, машықтандыру, оқушылардың
фонетикалық-фонематикалық қабылдауын қадағалау мақсаттарын жүзеге
асыруда ойындарды кіріктірудің маңызы өте зор. Ойын – баланы сабақ
мазмұнына қызықтыра отырып, жаңа дағдыларды меңгертіп қана қоймай,
дыбыстарды дұрыс қолданып, қалыпты сөйлеуге үлкен ықпалын тигізетін
әдіс.
Логопедтің күнделікті сабақ жоспарларында ойындарды қосуы
қарапайым дәстүрлі тәсілдерден гөрі жаңа инновациялық сипатқа ие болады.
Ойынның негізгі ерекшеліктері оқушылардың жеке интеллектуалды
қасиеттеріне байланысты болады. Төменде ойынның негізгі түрлері
көрсетілген.
Есту қабілетін дамытуға арналған ойындар
1. «Құлақтар — саққұлақтар»
Мақсаты:
есту зейінін дамыту, дыбыстарды айыра білуін бекіту.
Логопед балаларға ағаш, темір қасық пен хрусталь, шыны ыдыс көрсетеді.
Балалар заттарды атайды. Енді педагог әрқайсысының дыбысын естуді
ұсынады,ширма қойып, кезекпен әр заттыңдыбысын шығарады. Балалар
ненің дыбысы екенін танып, айтады.
2. «Не «Мяу?»деді»
Мақсаты: үй жануарларының
дауысын айырып білу қабілеттерін
қалыптастыру.
Қажетті материалдар
: магнитофон немесе ноутбук, үй жануарларының
дауыстары басылған аудиобасылым.
Логопед үй жануарларының дауысы басылған аудиобасылымды қосады.
Балалар тыңдап, естіп, ненің дауысы екенін айтады.
«Не қалай дыбыстайды»
ойыныда ұқсас болады, бірақ жануарлардың
орнына құстардың дауысы.
3. «Бағдаршамның алдында не тұр?»
Мақсаты:
есту зейінін дамыту және көліктерді танып, айта білу қабілеттерін
дамыту.
Қажетті материалдар:
магнитофон немесе ноутбук және көшедегі
көліктердің дыбысы.
Логопед көшедегі көліктердің дыбысын қосады, ал балалар бағдаршамның
алдында қандай көлік тұрғанын анықтайды (жеңіл машина, жүк көлігі,
трактор, мотоцикл, арба, трамвай).
Достарыңызбен бөлісу: |