ҚЎлпыбаев с



бет123/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Үстеме пайда салығы – салыстыр­малы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салыс­тырмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем.
Үстеме пайда салығы салық кезеңінде жер қойнауын пайдалануға әрбір жеке контракт бойынша есептеледі. Үстеме пайда салығын есептеу мақсаттары үшін жер қойнауын пайдаланушы салық салу объектін, сондай-ақ жер қойнауын пайдалануға әрбір жеке контракт бойынша заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес салық салуға байланысты мына объектілерді:
1) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін таза табысты;
2) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін салық салынатын табысты;
3) жер қойнауын пайдалануға контракт бойынша ЖЖТ-ны;
4) үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін шегерімдерді;
5) жер қойнауын пайдалануға контракт бойынша корпоративтік табыс салығын;
6) жер қойнауын пайдалануға контракт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есептік сомасын анықтайды.
Жер қойнауына пайдалануға әрбір жеке контракт бойынша жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады.
Салықтық кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25%-на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке контракт бойынша жер қойнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объекті болып табылады.
Салық кезеңінде үстеме пайда салығын есептеу Салықтық кодексте белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына қоса отырып, үстеме пайда салығын салу объектінің әрбір бөлігіне қолдану арқылы жүргізіледі.
Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері өзгермелі шәкіл бойынша –
10%-дан 60%-ға дейін белгіленген (25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%-дан жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме).
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Үстеме пайда салығы үшін 1 қаңтардан 31желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Роялти – пайдалы қазындыларды өндіру және техногендік құралымдарды өңдеу үдерісінде жер қойнауын пайдалану құқығы үшін төлем. Ақшалай немесе натуралдық нысандарда төленеді. Роялти салығын салу объекті пайдалы қазындылардың немесе іс жүзінде өндірілген пайдалы қазындылардан алынған алғашқы тауарлық өнімнің көлемі болып табылады. Роялтиді төлеушілер есепті кезеңде оларды өткізу орын алған-алмағандығына қарамастан техногендік минералдық құралымдардан алынған пайдалы қазындыларды қоса алғанда, пайдалы қазындылар өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады. Көмірсутектер бойынша роялтидің мөлшерлемелері сырғымалы шәкіл бойынша өндіру көлеміне қарай 2%-дан 6%-ға дейін (9 мөлшерлеме) белгіленген; кең таралған пайдалы қазындылар (құмдар, саз балшықтар, әктастар, ас тұзы, жергілікті құрылыс материалдары) және жер асты сулары бойынша 1%-дан 10%-ға дейін белгіленген, қымбат, бағалы металдар мен тастарды қоса алғанда, қатты пайдалы қазындылар бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мөлшерлемелер бойынша белгіленеді. Роялти ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей төленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет