ҚЎлпыбаев с



бет124/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі тараптардың келісімімен анықталады, бұл келісімге сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға ақылы негізде белгілі бір мерзімде жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізуге контракттық аумақта кұқық берілді. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесін төлеушілер өнімді бөлу туралы контракттар* жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар болып табылады. Өнімді бөлу бойынша үлес ақшалай немесе натуралдық нысандарда төленуі мүмкін. Өнімді бөлу бойынша үлес корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табысты анықтаған кезде шегеріледі. Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасы үлесінің мағлұмдамасы жер қойнауын пайдаланушы тіркелген жері бойынша салық органына салық кезеңінен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей табыс етіледі.
Өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі Қазақстан Рес­публикасы мен жер қойнауын пайдаланушы арасында бөлуге жататын пайда түсіретін өнімнің жиынтық құны ретінде анықталады (жер қойнауын пайдаланушының пайда түсіретін өнімдегі үлесі шегеріледі). Пайда түсіретін өнімдегі жер қойнауын пайдаланушының үлесі төмендегі үш триггерлерге сәйкес келетін пайыздық мәнінің ең азы ретінде анықталады:
1) R-фактор (табыстылық көрсеткіші) – жер қойнауын пайдаланушының жоба бойынша қордаланған табыстарының қордаланған шығыстарға қатынасы;
2) мердігер рентабелділігінің ішкі нормасы (РІН)– нақты таза дисконт­талынған табыс өзінің нөлдік мәніне жететін дисконттау мөлшерлемесі;
3) Р-фактор (баға коэффициенті) – есеп кезеңіндегі жер қойнауын пай­даланушы табысының өндіру көлеміне қатынасы.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемін өнімді бөлу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар төлейді.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемін есептеудің тәртібі салық заңнамасында белгіленген.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлем бойынша күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.
Өнімді бөлу туралы контракт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі мағлұмдаманы тапсыру мерзімі болғаннан кейін 15 күннен кешіктірілмей төленеді.

Әлеуметтік салық 1999 жылдан бұған дейін қолданылып келген әлеуметтік қорларға: зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтык жарналары аударымдарының орнына енгізілген. Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28% мөлшерінде белгіленді, ал төле-нетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылды.


Әлеуметтік салықтан түсетін түсімдер мемлекеттік бюджетте 6,0%-ды
(2010 ж.) құрады. Салық жұмыс істеген жылдары оның мөлшерлемелері өзгеріп отырды, әр түрлі салық төлеушілер үшін 26%-дан 6,5%-ға дейін сараланды, онан кейін оның мөлшерлемесі 21%-ға дейін төмендетілді; 2008 жылдан салық салу объектінің мөлшеріне қарай 13%-дан 5%-ға дейін, 2009 жылдан 11% жаңа салық мөлшерлемелері белгіленді.
Дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар, Қазақстан Респуб­ликасының заңи тұлға-резиденттері, Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүзеге асыратын заңи тұлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылады. Заңи тұлға-резиденттің шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері әлеуметтік салық төлеушілер ретінде қарастырылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет