ҚЎлпыбаев с



бет157/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.5. Бюджеттік сыныптама

Бюджеттің кірістері мен шығыстарының егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама объектілерге топтамалық кодтар бере отырып, функциялық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысты қамтамасыз етеді; дара сметалар мен қаржы жоспарларын жиынтық сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттік көрсеткіштердің үйлесін мен салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.


Бюджеттік үдеріс бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама шоғырландырылған бюджет үшін бірыңғай және міндетті әрі республиканың стратегиялық, бағдарламалар мен даму жоспарларының, республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттің теңдес­тірілімдігіне қол жеткізу мақсатында олардың көрсеткіштер жүйесін үйлестіру құралдарының бірі болып табылады.
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданумен басқарудың жоғары оралымдылыққа жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты анық және атаулы жүйелеуге мүмкіндік жасайды.
Қазақстанда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін бірыңғай бюджеттік сыныптама қолданылады.
Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Бірыңғай бюджеттік сыныптама өзіне бюджеттік түсімдердің сыныптамасын, бюджет шығыстарының функциялық және экономикалық сыныптамаларын кіріктіреді.
Бюджеттік түсімдердің сыныптамасы барлық деңгейлердегі бюджеттік түсімдердің белгілі бір сипаттамалар бойынша бюджет заңнамасына негізделген топтамасы болып табылады. Бюджеттік түсімдер сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерекшеліктен тұрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыруды көрсетеді. Сыныптар мен кіші сыныптарда түсімдер олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырылады. Өзіндік ерекшелік бюджетке төлем немесе түсім түрін айқындайды.
Сыныптаманың бөлімшелері кірістерді олардың көздерін көптен-көп бөлшектеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салықтық түсімдерде сынып салық тобын, кіші сынып салықтың түрін, өзіндік ерекшелік нақты төлеушіні немесе салық объектін білдіреді.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджеттік қаражаттардың жұмсалу бағыт­тарын айқындайтын, мемлекет функцияларының орындалуын, Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыруды көрсететін барлық деңгейлер бюджеттері шығыстарының топтамасы болып табылады.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасы мынадай төрт деңгейден тұрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар).
Функциялық сыныптама қызмет, шаралар түрлерінің және бюджеттік қатынастар қатысушыларының жазулы сипаттамасы болып көрінеді.
Функциялық топ елдің стратегиялық даму басымдықтарына сай келетін және әрқайсысының айқын мақсатын көрсететін елдің негізгі даму бағыттарын бейнелеп көрсетеді.
Негізгі функциялық топтар бойынша шығыстар былай бөлінеді: жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер, қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот қылмыстық-атқару қызметі, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік, экономика салалары, борышқа қызмет көрсету, трансферттер. Аталған деңгейлердің үйлесуі шығыстардың функциялық сыныптамасының кодын құрады.
Функциялық кіші топ елді дамытудың әрбір стратегиялық басымдығы жөніндегі міндеттер топтарын функциялық топ ішінде нақтылайды.
Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін және бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін, мысалы, Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің кеңсесі, облыстардың және Алматы мен Астананың әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасының басқа ведомстволары мен службалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет