ҚЎлпыбаев с


республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер



бет185/315
Дата09.11.2023
өлшемі3 Mb.
#190604
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдер
ауыл шаруашылығы арналымдағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер
Қорды басқарудан түскен инвистициялық табыстар*
Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге түсімдер мен кірістер

2256,3
807,1
105,9
3,6
775,0


470,8


93,9


0
16,7


11,4


0


5,2


0


0

94,2
33,7
4,4
0,1
32,4


19,7


0,0


0,0
0,7


0,5


0,0


0,2


0,0


0,0

3.

Пайдаланылуы, барлығы:

1204,0

100,0




Оның ішінде:
кепілдендірілген трансферттер
нысаналы трансферттер
қорды басқару мен жыл сайынғы сыртқы аудитті өткізуге байланысты шығыстарды жабу

1200,0 0


4,0

99,7
0,0
0,3

4.

Қордың есепті кезеңінің аяғындағы қаражаттары, барлығы:

5691,2




*2010 жылдың 9 айындағы мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы 2010 жылғы есеп бойынша 2011 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 5,7 триллион теңгені (аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) – 30,6 миллиард АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюталық резервтерінің 52%-ын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 75:25% болды. 2002 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді.


Ішкі рыноктағы ақша ұсынымы шамадан тыс болған жағдайда инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін, сондай-ақ табиғат ресурстарын экспорттаудан түсетін кірістердің Қазақстан экономикасының басқа секторларының дамуына кері әсерін жою мақсатында Ұлттық қорда өзге де түсімдер шоғырландырылуы мүмкін. Ұлттық қордың ең жоғарғы мөлшері шектелмейді болады.
Ұлттық қорды бақылаудан түсетін инвестициялық табыстар, материалдық емес активтерді қоспағанда, оны қаржылық активтер мен өзге мүлікке орналастырудан құрылады. Рұқсат етілген қаржылық активтер мен өзге мүліктің тізбесін Қорды басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесе отырып үкімет анықтайды. Қор қаражаттарын басқару кезіндегі инвестициялық операциялардың негізгі мақсаттары сақталу, өтімділіктің жеткілікті деңгейін қолдау, тәуекелдің орташа деңгейі кезінде ұзақ мерзімді перспективада табыстылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында дағдарыстан кейінгі дамуға дайындалуға, индустрияландыру арқылы әртараптандыруды жеделдету және адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен экономиканың орнықты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стартегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттің одан ары даму басылымдықтары айқындалған болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тәсілдерін айқындау міндеті осы тұрғыдан қойылған, олар әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде өзінің пәрменділігін көрсеткен, жүргізіліп жатқан жинақтау саясатының қисынды жалғасы болып табылады.
Жаңа тұжырымдамада алғашқы тұжырымдаманы іске асырудан алынған оң нәтиже сақталған. Негізгі мақсаты болашақ ұрпаққа арналған жинақтарды ұлғайту және Ұлттық қордың қаражатын жинақтауды үкіметтік қарыз алумен алмастыруды болдырмау болып табылады.
Қаражатты пайдаланудың келесі онжылдыққа арналған жаңа тәсіліне сәйкес, 2010 жылдан бастап абсолюттік мәні 8 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдендірілген трансфертті республикалық бюджетке тіркеу оның жаңалығы болып табылады. Шығыстардың басқа түрлерін қаржыландыруға, соның ішінде республикалық бюджетке нысаналы трансферттер бөлуге, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке секторлар субъектілерінің қазақстандық бағалы қағаздарды сатып алуға, заңи және жеке тұлғаларға кредит беруге, міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде активтрді пайдалануға тыйым салынады.
Ұлттық қордың республикалық бюджетке берілетін жыл сайынғы тіркелген кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджет шығыстарының қалыптасқан құрылым ескеріле отырып айқындалады. Бұл ретте кепілдендірілген трансферт жобаларды инвестициялауды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға бағытталады, олардың нәтижелерін болашақ ұрпақ пайдаланатын болады.
Ұлттық қордың жинақтау функциясын орындау үшін тиісті қаржы жылының соңына ІЖӨ-нің болжамды мәнінің 20%-ы мөлшерінде азайтылмайтын қалдық белгіленеді. Бұл ретте кепілдендірілген трансфертті жүзеге асыру үшін Ұлттық қордың қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда азайтылмайтын қалдық лимитін сақтау қажеттігіне байланысты кепілдендірілген трансферттің мөлшері тиісті шамаға азайтылатын болады.
Тұтас алғанда, Ұлттық қордың қаражаты тіркелген кепілдендірілген трансфертті қамтамасыз етуге және басқару мен аудитке байланысты шығыстарды қаржыландыруға бағытталуы тиіс. Ай сайын (тоқсан сайын) Ұлттық қордың шотында республикалық бюджетке берілетін айлық (тоқсандық) кепілдендірілген трансфертті қамтамсыз етуге арналған қаражат қалыптастырылады. Көрсетілген шамадан асып кеткен сома рұқсат етілген қаржылық құралдарға инвестициялануы тиіс.
Ұлттық қордың қаражатын пайдалану жөніндегі жаңа тәсіл квазимемлекеттік сектордың Ұлттық қордан облигациялық қарыздарды тарту мүмкіндігін жояды. Бұдан басқа, Үкімет бюджет заңнамасында белгіленген шектеулер шеңберінде Астана және Алматы қалаларының муниципалдық қарыз алуы арқылы жергілікті атқарушы органдар борышының өсуін реттейтін болады.
Ұлттық қор қаражаттарын үкіметтік қарыз алумен алмастыруды болдырмау мақсатында мынадай шектеулер енгізілетін болады:
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге арналған жыл сайынғы шығыстар Ұлттық қордың жыл сайынғы тіркелген шартты инвестициялық табысының 4,5% -ынан аспауы тиіс;
үкіметтік борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстар онжылдық кезенде орташа алғанда Ұлттық қордан берілетін трансфертті қамтитын бюджетке түсетін түсімдердің 15%-ынан аспауы тиіс.
Бюджеттің және Ұлттық қордың теңгерімділігі жөніндегі саясат осы он жылдықтың соңына ІЖӨ-нің 3%-ынан артық болмауға тиіс мұнайлық емес тапшылықты азайтуға, сондай-ақ кейіннен тек даму бюджетін қаржыландыруға көше отырып, Ұлттық қордың қаражатын ағымдағы шығыстарғы жұмысауды қысқартуға бағытталатын болады.
Жоғарыда айтылған тәсілдерді ескере отырып, 2020 жылға Ұлттық қордың қаражаты 90 миллиард АҚШ долларына дейін өсуі тиіс, бұл ІЖӨ-нің кемінде 30 %-ын құрайды. Тұтас алғанда, осы тұжырымдамада көрсетілген шараларды іске асыру республикалық бюджеттің тұрақтылығын одан ары қолдануға, экономиканы әртараптандыруға және мұнайлық табыстарды ұрпақтар арасында қайта бөлуге ықпал ететін болады.
Бұдан басқа, Қордан квазимемлекеттік (мемлекеттік сыңайлы) сектор қарыздарына және бюджетке өзге қосымша трансферттерге тыйым салынады.
Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық холдингтердің, ұлттық басқарушы хол­дингтердің және олардың еншілес компанияларының қарыз алуы шектелінеді.
Бюджет пен Ұлттық қордың теңгерімділігі бойынша саясат мұнайлық емес тапшылық және кейінірек даму бюджетін қаржыландыруға көше отырып ағымдағы мақсаттарға Қор қаражаттарын жұмсауды қысқартуға бағытталатын болады.
Жаңа тұжырымдама Қор қаражаттарының одан ары белсенді қорлануын қолдауға, республикалық бюджеттің теңгерімділігі мен тұрақтылығын және ұрпақтар арасында мұнайлық емес табыстарды қайта болуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   315




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет