Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Қазакстанда
болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің
сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою"
қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады.
Алайда бұл уақытгың талабына және сол кездегі қалыптасқан жағдайға жауап бере алмады.
Сондықтан да 1931 жыдцың желтоқсанында республикада 15 пен 50 жас арасындағы еңбекші
тұрғынға міндетті түрде сауатсыздықты жою мақсатында оқу жүктелінді. Жылдан жылға халыққа
білім беру мақсатында жұмсалатын қаржы арта тусті. 1939 жылы Республика тұрғындарының сауаты
65 пайызға көтерілді. Қазақ тұрғындарының арасында 60 пайызға жетті. Түгелдей сауатгандырылган
аудандарға Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Тараз, Риддер, Лениногорск қалалары жатқызылды.
Республиканың қүрылғанына 20 жыл толуына қарсы сауатсыздықты жою негізінен аяқталды.
Сауатсыздықты жою мен қатар оқу-ағарту жұмыстары белсене түрде дамыды. 1926 жылдың мамыр
айында республикалық СНК "КАССР-де бірдей еңбек мектебінің уставы" қабылданды. 1930-1931
жылдары көшпелі және отырықшы аудандарда жалпыға бірдей білім беру ендірідді. Орта мектептерде
жоғарғы кластарды нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Колхоздар мен совхоздардың қаржысына
интернаттар ашу жүйесі кеңейтіле түсті. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды.
Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда
40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам
қазақстандықтар оқып, білім алды.
Республиканың ересек тұрғындарының арасындағы сауатсыздықты жою, жалпыға бірдей
бастауыш мектепті оқуды ендіру, халыққа білім беруді дамыту немесе жетілдіру, профессионалдық
білім беру, мектепке Шығыс халықтарыньщ қыздарына жоғарғы білім беру осылардың барлығы
ұлтгық интелегенцияның қалыптасуына қажетті жағдай туғызды.
Әлеуметтік саясатты іске асыруда бірқатар жетістіктерге қол жетті. 1940 жылы Қазақстанда 3100 -
дей магазин, 600-дей асхана мен ресторандар, 200-дей жана емхана және 120-дай аурухана салынды.
Мәдени-ағарту мекемелерінің жүйесі қалыптасты.
Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі
табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік
Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды. 1930 жылы жалпыға бірдей міндетті
бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і
сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта
мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан
қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың
педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия,
медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін
оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия,
Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. Республикада
ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы
маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени
даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің
онкүндігі өтті.
Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин,
С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық
шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын
даярлауға тікелей араласты.
Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов,
С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының
алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері
К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов,
Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен
ғылымының үздік жетістіктерімен танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының
тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің,
оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік қүрылысында
түбірлі өзгерістер болды.
Қазақтардың ұлттық қауымдастығын нығайта түсетін аса маңызды факторлардың бірі казақ тілі
болып табылды. Ол ұлт болып қалыптасуға дейін-ақ ортақ тіл болып саналған. Жергілікті алуан түрлі
диалектілердің болуына қарамастан қазақ тіліндегі халық ауыз әдебиетінің "Алпамыс", "Қобылаңцы",
"Ер Тарғын", "Қозы Керпеш-Баян сұлу", "Қыз Жібек" т.б. эпостық поэмалары Қазақстанның жер
жеріне кең таралып, халық арасында зор сүйіспеншілікке ие болды. Көрнекті халық ақындары мен
әншілері Бүқар жырау, Махамбет Өтемісүлы, Ақан сері, Біржан, Жаяу Мұса, Жамбыл т. б. өлеңцері
мен өндері, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Сұлтанмахмұт Торайғыров және басқа да жазба
әдебиеті өкілдерінің шығармалары жайлы да осыны айтуға болады. Алайда, Қазан революциясына
дейін қазақ тілі бір жақты дамыды. Ол негізінен өлі де жете дами қоймаған көркем әдебиеттің поэзия
тілі болып қала берді. Бұл тілде саяси әдебиеттер өте аз, ал ғылыми әдебиеттер мүлде шығарылмады
деуге болады. Қазақ тіліне Қазақстан экономикасының кенже қалуы: өнеркәсіптің көптеген
салаларының болмауы, шаруашылыңтың нашар дамуы және баска да жағдайлар сөзсіз әсерін тигізді.
Тілдің даму деңгейі қоғамдык өмір салаларында қол жеткен прогресс деңгейіне, ендіргіш күштердің,
қоғамдық қатынастардың, рухани мәдениетінің, ғьшым мен техниканың даму дәрежесіне байланысты.
Совет өкіметі жылдары қазақ халқының өмірінде қазақ тілі қазақтардың және Қазақстан
халықтарының толыққанды, жан-жақты дамыған тілдерінің біріне айнала алмады, дегенмен оның
лекциялық қоры байып, морфологиялық, синтаксистік және стилистикалық жүйесі жетіле түсті, әдеби
және сөйлеу нормасы үндесіп, алфавит пен орфография жүйесіне елеулі өзгерістер енгізідді, ең
бастысы тілдің қоғамдық функциясы анағұрлым кеңіді.
Коммуникативтік, яғни қарым-қатынас құралы ролін атқара отырып, қазақ тілі мектептерде,
жоғары оқу орындарында оқу тілі, саясат тілі, жоғары дамыған көркем өдебиет пен ғылым, мерзімді
баспасөз, радио мен телевизия тілі болып отыр. Елімізді индустрияландыру, ұжымдастыру кезеңі 30-
жылдардағы қоғамымыздың алдыңғы қатарлы азаматтарының репрессияға ұшырау кезеңіне дәл келді.
Ғылым, білім, эдебиет, өнердің дамуы. Өнер қайраткерлері.
20 ғ-дың 20 – 30-жылдары қазақ ақын-жазушыларының шығармаларына әділ бағасын берген
ғалымдар кейіннен кеңестік тәртіптің құрбаны болды. Кеңестік кезеңде қазақ әдебиеті барынша
жылдам қарқынмен қаулап өсті, ақын-жазушылардың шығарм. белсенділігі артып, қазақ әдебиеті
жанрлық тұрғыдан елеулі түрде молайды. Әйтсе де идеол. қысым салдарынан өз мүмкіндігін толық
көрсете алмады. Республика тәуелсіздігін алуымен бірге ақын-жазушыларға толық шығарм. еркіндік
беріліп, әдебиетке қойылатын талап-тілек те өзгеріске ұшырады. Осыған байланысты бұған дейін де
қазақ әдебиетінің даму барысында, әсіресе поэзияда байқалып келген белгілі бір күрделі өзгерістер
тұсында аңтарылу, дағдару секілді өткінші құбылыстар аз уақыт қана орын алды.
Қазіргі уақытта жан-жақты өсіп-өркендеп, кемелденген қазақ халқының ұлттық әдебиеті елдің
тарихи өмір жолы, тұрмыс тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, эстет. талап-тілегі мен филос.
танымының өркендеу деңгейіне сай туып, дамып келеді. Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетінің
тарихын зерделеуде бүгінгі күні біршама орнығып, ғыл. түрде дәлелденген нақтылы тұжырымдарға
қол жеткізді. Кеңестік қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетінің тарихын кезеңдеу, оларды
идеялық, жанрлық тұрғыдан жіктеу мәселесіне байланысты қалыптасқан кейбір біржақты теориялар
түзетілді. Соның ішінде қазақ әдебиетінің тарихын Қазақ хандығының құрылуымен ғана
байланыстыру, жазба әдебиеттің қалыптасуын Абайдан бері ғана бастау секілді ұлттық әдебиеттің
өрісін тарылтатын қате тұжырымдар күн тәртібінен алынып тасталды. Қазіргі қазақ әдебиеті жалпы
әдебиеттің түпкі мақсаты – адам жанын терең түйсіну, оны көркемдікпен шынайы-шыншыл бейнелеу
жолындағы қалыпты даму ырғағына түсті. Тұтастай алғанда қазіргі уақытта қазақ әдебиеті – әлем
әдебиетінде өз орны бар, тарихы бай, жан-жақты жетілген дәстүрлі әдебиет болып қалыптасты; қ.
Қазақ әдебиеті. 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап әр түрлі саяси оқиғаларға байланысты қазақ жеріне аяқ
басқан өзге ұлт өкілдері тұрақтап қала бастады. Олар 20 ғ-дың алғашқы жартысынан қазақ еліндегі
саяси-әлеум., мәдени шараларға белсене араласып, өздерін этник. топтар ретінде көрсетті. Әсіресе,
Қазақстанға орыстар көптеп қоныс аударды. Олардың арасында әдебиет пен мәдениет өкілдері де
болды. Қазақстан жазушылар одағы құрамында 1933 жылдан орыс әдебиеті секциясы жұмыс істей
бастады. И.Шуховтың “Қасірет белдеуі” (1931; қазақ тілінде 1972; ауд. О.Оспанов), “Өшпенділік”
(алғашқы ред. 1932; қазақ тілінде 1935; ауд. Х.Есенжанов) сияқты романдары сол кездегі кеңес
әдебиетінің роман жанрындағы елеулі шығармалары болып саналды. 2-дүниежүз. соғыс жылдары
А.Бектің “Волоколам тас жолы” повесінде (1943) Б.Момышұлының, И.Панфиловтың, т.б-дың ерлік
бейнелері жасалды. Соғыстан кейін Шуховтың “Күн келбеті” (1950), В.Ванюшиннің “Тірек нүктесі”
(1952) повестері жарияланды. Бұлар Қазақстандағы орыс жазушыларының тақырыптық ауқымын
кеңейтті. Н.Анов “Ән қанатында” романында (1959) 20 жылдардағы Қазақстанның әлеум.-тарихи
жағдайын суреттеді. Онда ұлттық өнердің қалыптасуы мен дамуы көрсетіліп, дарынды адамдардың
(И.Байзақов, Ә.Қашаубаев, Қ.Мұңайтпасов, А.В. Затаевич, т.б.). бейнелері жасалды. И.Щеголихиннің
“Қарлы бұрқасын” романы (1961), Г.Черноголовинаның “Жаңбырсыз маусым” повесі мен “Тәуекел
аймағы” романы (1981), т.б. шығармалар жазылды. Г.Свиридовтың “Жанкешті сапар” романында
(1976) Ә.Жангелдин басқарған отрядтың шөл дала арқылы өткен ерлік жорығы баяндалады.
Жангелдиннің бейнесі М.Симашконың “Комиссар Жангелдин” романында айқынырақ әрі жан-жақты
жасалды, Дм. Снегин “Таңертең және талтүс” дилогиясында (1976, 1982) тарихи тақырып ауқымын
кеңейтіп, тарихи тұлғалардың бейнелерін сомдады, олардың ішінде О.Жандосовтың бейнесі ерекше
орын алады. Симашконың Ы.Алтынсарин туралы “Қоңырау” (1982), орыс халқының тарихы туралы
“Семирамида” (1968) романдарын, Ф.Достоевский туралы П. Косенконың “Өмір үшін өлім” деректі
повестер топтамасын (1986) оқушылар жылы қабылдады. Снегиннің І.Жансүгіров, И.Эренбург,
А.Твардовский, Вс.Иванов туралы “Қауышқан құшақ” әдеби естеліктері (1988) жарияланды. Поэзия
саласында В. Антонов, А.Елков, Д.Рябуха, Л.Скалковский, Ф.Моргун, В.Смирнов, М.Чистяков сияқты
ақындардың жаңа толқыны келіп қосылды. Республикада тұратын көптеген орыс жазушылары қазақ
қаламгерлерінің шығармаларын орыс тіліне аударды. 1977 ж. Қазақстан Жазушылар одағында корей
әдебиеті секциясы ашылды. Корей жазушылары өз шығармаларында ежелгі ұлттық әдебиет
туындыларын бүгінгі заман дәстүрімен шебер ұштастырды. Олардың көрнекті өкілдерінің бірі –
жазушы, ақын Ким Дюн (1900 – 1980) болды. Оның қазақтың батыр қызы Ә.Молдағұловаға арналған
“Әлия” атты поэмасы (1969 ж. корей тілінде), корей патриоттарының күресін бейнелеуге арналған
“Жүз елу мың вонның ісі” романы жарық көрді. 1937 жылдан бері респ. корей театрында корей
драматургтерінің жүзден астам пьесалары қойылды. Сонымен қатар театр сахнасында қазақ
жазушылары М.Әуезовтің “Қарагөз” және “Қобыланды”, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш – Баян сұлу”,
О.Бодықовтың, Қ.Мұхамеджановтың, т.б. пьесалары корей тілінде қойылды.
Қазақстандағы корей жазушыларының шығармалары “Корей өлеңдері” (1958), “Дала қызғалдағы”
(1973), “Сырдария әуендері” (1975), “Күнбағыстар” (1982) деген атпен ұжымдық жинақ болып шықты.
Сондай-ақ, Ким Дюннің жыр кітаптары, Ен Сенненнің шығармалары, корей жазушыларының
“Шаттық Отаны” (1988), “Гүлден, дала” (1988), Хан Диннің пьесалар жинақтары (1988) корей тілінде
жарық көрді. Қазақстандағы неміс ақын-жазушылары да елеулі еңбек етті. “Фройндшафт” (1966 ж)
газетінің шығуы, “Қазақстан” баспасында (Алматы) неміс әдебиеті редакциясының құрылуы (1967 ж),
Алматыдан неміс тілінде радио хабар таратылуы (1958 ж.), сондай-ақ, Қарағандыда неміс тілінде
телевизиялық хабардың әуе толқынына шығуы, Теміртау қ-нда неміс театрының ашылуы (1980) –
осылардың бәрі Қазақстандағы неміс ұлты өкілдеріне жасалған қамқорлық болды. 50 – 60 жылдары
Қазақстандағы неміс жазушыларының шығармаларында поэзия жанры ерекше өркендеді.
Р.Жакмьеннің, К.Вельцтің, И.Варкентиннің, Н.Ваккердің, Г.Генкенің, Д.Левеннің, Р.Франктің,
Э.Ульмердің, Р.Лейстің, Н.Ваккердің, О.Пладерстің, т.б. жыр жинақтары, А.Реймгеннің, В.Клейннің,
Д.Гольманның, А.Дебольскийдің, Г.Бельгердің, К.Эрлихтің, Г.Гольманның прозалық кітаптары жарық
көрді. Қазақстанда ұйғыр тілінде алғашқы газеттер, журналдар, альманахтар шықты, ұйғыр ақын-
жазушыларының шығармалары жарық көре бастады. 1932 ж. Қазақстан Жазушылар одағы жанынан
ұйғыр секциясы ұйымдастырылды. Бұл кезеңде И.Саттировтың, И.Искандеровтың поэзиясы ерекше
көзге түсті, драматургтер Ж.Асимов пен А.Садировтың, К.Хасановтың пьесалары қойылды. Проза
жанры жетекші орын алды. Х.Абдуллиннің З.Сәмәдидің, Ж.Босақовтың, Т.Тоқтамовтың,
М.Зұлпықаровтың, А.Ашировтың, Н.Баратовтың, П.Сәбитованың) повестер жинақтары жарық көрді.
И.Бахтияның, М.Хамраевтың, И.Бахниязовтың, Р.Кадыридің, А.Ғаниевтің, М.Абдурахмановтың өлең-
поэмалары жарық көрді. А.Құнанбаевтың “Өлеңдері” (1987), С.Мұқановтың “Балуан Шолақ” (1987,
ауд. Қ. Тоқтамов). Ғ.Мүсіреповтің “Кездеспей кеткен бір бейне” (1987, ауд. З. Сәмәди) шығармалары
ұйғыр тілінде жарияланды. Республиканың тәуелсіздігімен бірге Қазақстандағы түрлі ұлт өкілдерінің
әдебиеті даму үстінде. Көрнекті ақын-жазушыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде,
Дм.Снегинге, Г.Бельгерге, М.Симашкоға ҚР Президентінің Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығы
берілді.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан
Соғыстың басталуы, оның сипаты.
Шабуыл жасаспау туралы (23 тамыз 1939 ж) Совет Одағымен жасаған келісімді бұзып, фашистік
Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Оотан
соғысы осылай басталды.
Соғыстың сипаты - Германия тарапынан бұл соғыс агрессиялық, жаулап алушы, әділетсіз соғыс
болды, ал Совет Одағы тарапынан әділетті өз жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды.
1940 жылдың орта кезеңінде – ақ (18 желтоқсан) Гитлер командованиесі СССР – ге басып кірудің
«Барборосса жоспары» деп аталатын стратегиялық жоспарын жасауға кіріскен болатын. Бұл жоспар
бойынша фашистік Германия мен оның қол шоқпарларының құрғақтағы, әуедегі және соғыс теңіз
күштері КСРО-ға бір мезгілде шабуыл жасайтын болды. Бұл жоспардың басты мақсаты (идеясы)
қысқа мерзім ішінде (3–4 ай), «қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде
(қараша) аяқтау тиіс еді.
«Барбаросса» жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның басшылары КСРО – ны «сансыз»
көп ұлттың жасанды және «тұрақсыз бірлестігі», өзінше бір «ішкі бірліктен жұрдай этникалық
конгломерат» деп қарастырды. «Россияның кең – байтақ жерін мекендеген халықтар жөніндегі біздің
саясатымыз, - деді Гитлер өз сыбайластарына, - алауыздық пен жікке бөлінудің кез келген түріне
қолдау көрсету болуға тиіс.
Фашистік Германияның негізгі мақсатының саяси және экономикалық астары болды. Германия
империясы шикізат үшін, азық – түлік базасы ретінде қуыршақ мемлекет құруды көздеді.
Қуыршақ мемлекет жобасы фашистер жасап «Барбаросса» жоспарында көрсетілді. Жоспар
бойынша фашистер КСРО жерінде Остланд, Украина, Московия, Еділ – Орал, Түркістан сияқты рейх
комиссарияттарын құруды көздеді. Жоспарда көрсетілген «Үлкен Түркістан» отарының құрамына
Қазақстан, Татарстан, Башқұртстан, Орта Азия, Әзірбайжан, Кавказ, Қырым, Ауғанстан, Шыңжан
кіргізілді. Фашистер Кеңес адамдарын қырып – жою жолына осылай түсті.
Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, әрине, бұл жоспарға қарсы тұра білді. Қазақстан халқы
Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла бастады. Мысалы, Алматы медицина
институтының студенті Маншүк Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да,
апам да жоқ, сондықтан өзімді жіберуді өтінемін», - деп әскери комитетке өтініш берді. Республикада
2 млн. – нан астам адам әскери даярлықтан өтті.
Соғыстың алғашқы кезеңінде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып,
майданға жіберілді. Қазақстандық 36 – жеке атқыштар бригадасы 30 – дан астам ұлттан құрылды.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316 – атқыштар
дивизиясы құрылып, оның командирі генерал М. В. Панфилов болды. Армия қатарына 1 млн. 196164
(1 млн. 196300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.
Қазақстанда еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР – нен 700 мыңнан астам адам шақырылды.
Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16 мың офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери
оқу орындарына 42 мыңнан астам қазақстандық жіберілді. Соғыс жылдарында Шымкентте орналасқан
Чугуев әскери авиация училищесі түлектерінің бірі И. Н. Кожедуб үш мәртебе Кеңес Одағының
Батыры атағын алды.
Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру.
Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды.
Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды).
Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды.
Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады.
Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті
өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және
майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру
жүргізілді.
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді:
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград
облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді.
Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында
болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім
саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті.
Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы,
Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3
Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда
Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды.
Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск
механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина
ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді.
Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды,
Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен
бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан
3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер
саны 700 – дай болды.
Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта
өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1
млн тоннаға жуығын берді.
Соғыс жылдыры салынған құрылыстар
Мақат – Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының екінші кезегі, Пешной
аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі
т. б.
1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілері:
Текелі қорғасын – мырыш комбинатының алғашқы кезегі. Белоусов байыту фабрикасы. Ақмола
ауылшаруашылық машина заводы. Алматы вагон жасау заводы, Атырау мұнай өңдеу заводы. 1941 –
1945 жылдары барлығы 460 завод, фабрика, шахта салынды. Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37
% - ке өсті.
Ауыл шаруашылығындағы жағдай төмендеді.
Ауылшаруашылық еңбеккерлерінің саны 1939 жылмен салыстырғанда 1942 жылы 600 мыңға
кеміді. Колхоз өндірісінде әйелдер еңбегінің үлесі артып, 1940 жылғы 48%-ң орнына 1942 жылы 75% -
ға жетті. 76 мың механизаторлардың 55 мыңнан астамы әйелдер болды. Бүкілодақтық социалистік
жарысқа 10 мыңнан астам тракторшы қыз – келіншек қатысты.
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға көбейді. 1943 жылы 775 мың га
жаңа жер алқаптары егістікке арналды.
Сөйтіп, республика экономикасын соғыс жағдайына көшіру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы
күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып, майдан мен тылды қару – жарақпен, оқ – дәрімен,
азық – түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Ұлы Отан соғысының зардаптары.[өңдеу]
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны,
сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз
бөлігі толығымен жойылды. Сталинград (Волгоград), Ленинград (Санкт-Петербург), Киев, Минск
сияқты қалалар жер мен жексен етілді. Экономикалық қиындықтар жұмыс қолының жетіспеуіне
байланысты күрделене түсті. Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі,
одан да көп болуы мүмкін. Өндірістегі жетпейтін жүмыс күшінің орнын толтыру үшін КСРО үкіметі
Кеңес Армиясы қатарынан ірі көлемдегі демобилизация жүргізді. Бірінші демобилизация 1945 жылы
шілде-қыркүйек айларында өтті. Алдыңғы кезекте солдаттар және жасы ұлғайған кіші офицерлер,
инженер, мұғалім, агроном т.с.с. мамандар демобилизацияланды. 1945-1946 жылдары армия
қатарындағылардың саны 8,5 млн-ға азайды. Қазақстандағы тек қана әскери тапсырыстар орындаған
көптеген зауыттар жаңа жағдайда бейбіт өнімдер шығаруға көшті. Дегенмен соғыстың зардабы
Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші
жетіспеді. Бүл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған
мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және
соғыстан оралмады. 1930-1934 жылдардағы шаруалардың зорлап ұжымдастыру кезіндегі жаппай
қоныс аударуы, сондай-ақ республиканың ауыл шаруашылық аудандарының жартысына жуығының
қырылуына алып келген аштық салдарлары айқын сезілді. Зауыт және фабрика жүмысшыларының
мамандану дәрежесі, жалпы алғанда, жоғары болмады. Жетіспейтін жүмыс күшінің орнын толтыру
үшін республикада жер-жерлерден еңбек ресурстары мектептері мен училищелері құрыла бастады.
Жұмыс күшінің орны Кеңес Армиясы катарынан демобилизацияланған әскерлер, сондай ақ фашистік
тұтқыннан оралған репатрианттар есебінен толығып отырды. Қолданылған ісшаралар нәтижесінде егін
алқабының деқаншылары мен еңбекшілерінің қатары толықты. 1946 жылы Қазақстан Компартиясы
ОК-нің бірінші хатшысы болып Жумабай Шаяхметов тагайындалды. Кеңес Одағының басқа
республикалары сияқты Қазақстан да фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға қолдан
келген көмекті аямады. Республикада тұтастай азық-түлік керуендері жасақталды. Қазақстандықтар
Сталинградтың, Ленинградтың, Солтүстік Кавказдың соғыстан зардап шеккен шаруашылықтарын
қалпына келтіруге белсене катысты. Тек 1945 жылдың өзінде Украинаға 500 трактор және басқа да
ауыл шаруашылық машина, 140 паровоз, бірнеше жүздеген ауыл шаруашылық мамандары жіберілді.
Фашистік оккупациядан зардап шеккен аудандарға жарты миллионнан астам ірі қара мал, жылқы, қой
жеңілдетілген бағамен сатылды. Сондай-ақ тегін көмек көрсетілді. Қазақстан колхоздары неміс
оккупациясынан азат етілген аудандарға көмек ретінде 17,5 мың ірі қара мал, 22 мындай жылқы және
350 мың қой жіберді.Кеңес өкімет өз кезегінде Қазақстанның халық шаруашылығын және мәдениетін
дамытуға ерекше назар аударды. КСРО экономикасы біртіндеп бейбіт калыпқа түсе бастады. Бұрын
әскери өнім шығарып келген өнеркәсіп орындары күнделікті тұтыну заттарын шығаруға қайта
бейімделді.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы.
1947 жылы желтоксанда карточкалық жүйе мен республика еңбекшілерін азық-түлікпен және
өнеркәсіп тауарларымен мөлшерлі қамтамасыз ету жойылды. Осы жылы ақша реформасы жүргізілді.
Азык-түліктің негізгі түрлерінен мен ұннан істелінетін тағамдарға, етке, өнеркәсіп тауарларына деген
баға төмендетілді. Кооперативтік сауданың дамуы нәтижесінде базардағы баға да төмендеді. Тұтастай
алғанда, төртінші бесжылдық жылдарында баға үш рет төмендетілді. Сомның сатып алу қабілетінің
нығауымен қатар еңбекшілердің еңбекақысын арттыру жүргізілді. Ұлы Отан соғысы мүгедектерінің,
майданда қаза тапқандардың отбастарына әлеуметтік көмек көрсетілді. Жасы жеткендерге,
асыраушысынан айырылғандарға, уақытша еңбек қабілетінен айырылғандарға зейнетақы
тағайындалды. Көп балалы, жалғызбасты аналар талай жәрдем алды. Санаторийлер мен демалыс
үйлеріне, пионер лагерьлеріне жеңілдік шарттарымен жолдамалар берілді. Бүл жылдары ақы төленетін
қосымша демалыстар беру қалпына келтірілді. Мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен
ұйымдардың күрделі қаржылары есебінен халыққа арналған түрғын үй қүрылысының саны көбейді.
Алайда, өкінішке қарай, жоғарыда келтірілген кеңес адамдарын «әлеуметтік қорғаудың жоғары
деңгейінің» үлгілері, олардың өмірлік сұраныстарын қанағаттандыру көбінесе жасанды сипатта болды.
Мысалы, карточкалық жүйенің жойылуы алдында бөлшек саудаға реформа жүргізіліп, оның жалпы
деңгейі 1940 жылмен салыстырғанда үш еседей жоғары болып шықты. Жұмысшылар мен
қызметшілердің ай сайынғы еңбекақысы бір жарым есе ғана көбейіп, 1950 жылы 64 сомды құрады, бұл
сатып алушылық қабілеттің төмендеуіне әкеп соқты. Ерікті-мәжбүрлі түрде мемлекеттік займдарға
жазылуға еңбекшілердің бір айлық жалақысы кетіп, олар артық еш нәрсе сатып ала алмады. Сол
уақытта кең қолданылған бағаны төмендету насихат саясаты әуелден негізсіз болып, халықтың
көпшілігі тұратын ауылдар мен деревнялардың тұрмыс жағдайың нашарлату есебінен жүргізілді. 50-
жылдардың басында колхозшылар жүмысшы мен қызметшілердің жалақысынан төрт есе аз алды.
Үкімет жүргізген ауылдан азык-түлік өнімдерін ете төменгі бағаларға сатып алу саясаты ауыл
еңбекшілерінін; түрмыс жағдайларының көтерілуіне колайлы жағдай жасай алмады. 1946 жылы
КСРО-ның көптеген аудандарында аштықтың басталған фактісі белгілі. Нан, ет өнімдері, сүт
жетіспеді. Адамдар аштықтан өле бастады. Бірақ бүл елден мұқият жасырылды. Соғыстан кейінгі
экономикалық саясаттың басты қағидасы - ауыр өнеркәсіптің біржақты жылдамдатылған дамуы болып
қала берді. Материалдық мүқтаждықтарды қанағаттандыру соғыстан бұрынғы жылдардағыдай екінші
кезекке ығыстырылды. Бүл коммунизм секілді игі мақсатқа жету үшін төзімнің қажеттігі жөніндегі
насихаттық ұранмен ақталды. Істің шынайы жағдайьн боямалап көрсету салты тарихи шындықка
карсы күрес, социализм жеңістерін қорғау түрінде көрінді. Басқаша ойлаудың кішкене де болса
көріністері, пікірлер плюрализмі, социализмді «қаралау» әрекеттері идеологиялық диверсиялар
ретінде қарастырылды. Жағымсыз қүбылыстардың себептерін іздеу «Кім кінәлі?» деген сүрақпен
алмастырылды. Барлық себептер, көбінесе, өткен соғыс пен капиталистік қоршаудан іздестірілді.
Социализмнің дамуы мен нығаюына байланысты тап күресінін сакталуы мен шиеленісуі женіндегі
теориялық нүсқау да идеологиялық теке тіресті Кеңес мемлекетінің өз ішінде де, халыкаралық
дәрежеде де арттыра түсті. «Халық жауларына», «социализм жауларына» қарсы наукан іс жүзінде
үздіксіз жүргізілді.
Кеңес қоғамының Сталиннің билігінен кейінгі дамуы
Экономика
Қоғамдық өмір
Прогресшіл бастамалар
• демократияландыру үрдісі
• «Хрущевтік жылымық»
• өнеркәсіпті қарқынды түрде
дамытутың және тыңайған
жерлерді игеру әскери-
өнеркәсіптік кешенге қолдау
көрсету
• әскери блоктар кұру, шағын
соғыстар
жазықсыз жазаға үшырағандарды ақтау үрдісі аяғына дейін жеткізілмеді
• жазықсыз жазаға
үшырағандарды ақтау үрдісі
аяғына дейін жеткізілмеді
• репрессияға ұшыраған
халықтар қүкы қалпына
келтірілмеді
• «жоғарыдан - төменге»
басқару әдісі сақталды
• басқаша ойлайтындар
айыпқа тартылды
• Сталиннің жеке басына
табыну айыпталды
• 1954-1956 жылдары
республикаларға аздаған
жеңілдіктер жасалды
• тоталитарлық режимнің
құрбандарын ақтау үрдісі
басталды
Қазақстан - лагерьлер өлкесі.
20-жылдардың соңы - 30-жылдардың басында басталған қуғын-сүргін соғыстан кейінгі кезенде де
жалғастырылып, ол көптеген бұрынғы әскери тұтқындарды - Кеңес Армиясының солдаттары мен
офицерлерін қамтыды. Көптеген «әшкерелеудің» ішінде «ленинградтық іс», «дәрігерлер ісі» т.с.с.
істер болды. Өнеркәсіптегі жұмысшылардың төменгі мамандық деңгейіне байланысты болған кез
келген апаттар мен ақаулар «халық жауларының» әрекеттері ретінде түсіндірілді. Халықтарды күштеп
қоныс аудару - біздің елдің өткен тарихының қайғылы беттерінің бірі. 40-жылдардағы депортацияға
байланысты оқиғалар жөнінде ұзақ уақыт бойы еш нөрсе айтылмады. Тұтастай халықтарды қоныс
аудару «операциялары» әр түрлі негізде жүргізіліп, жапа жабу, басқалардың әрекеттері үшін
адамдарды тобымен жауапкершілікке тарту т.б. әдістер қолданылды. КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік
комиссариаты басқармасының 1946 жылғы қазан айындағы мәліметтері бойынша Қазақстанға
2463940 адам күштеп жер аударылған. Жүз мыңдаған отбасы мүшелері бір-бірінен көз жазып қалды,
олардың кейбіреуі бала-шағасынан мәңгілікке айрылды. Отанының кешегі корғаушылары - солдаттар
да жер аударылып, олар өз отбасыларынан біржола немесе ұзақ уакытқа қол үзді. Осындай ауыр
күндерде республиканы мекендеген әр түрлі ұлттардың өкілдері өздерінің үздік адамгершілік және
интернационалдың қасиеттерін көрсете алды. Олар жазықсыз жапа шегушілерді жылы қабылдап,
мейірімділік танытты, олармен соңғы нандарына дейін бөлісті. Қоныс аударғандар да борышта
қалмай, бірден еңбекке араласып, Қазақстанға үлкен кемек көрсетті. 1940-1950 жылдары да ұлт
саясатын қудалау ісі жалғасты. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұканов «Қазіргі тақырыпка пьеса
жазбайтындар» ретінде саналды. Ө. Тәжбаевтың «Біз қазақпыз» атты шығармасы ескі хандар мен бай-
шонжарлар өмірін мақтау, марапаттау деп сынға алынды. Белгілі композитор А. Жұбанов
«феодалдық- байшылық дәстүрлерді асыра дәріптегені» үшін катаң сынға ұшырады. Әсіресе 1947
жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің «Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тіл және
әдебиет институтының жұмысындагы саяси өрескел қателіктер туралы» қаулысы жарияланған соң
ултшылдықты айыптау кеңінен қанат жаяды. Қазан төңкерісінен бұрынғы жазылған ұлттық сипаттағы
шығармаларды зерттеуші ғалымдар қуғындалды.
Орталық Комитет 1948 жылы тамыз айында «Қазақ совет әдебиетінін; жағдайы және оны одан әрі
дамыту туралы» шешім қабылдады. Нәтижесінде Б. Кенжебаев, Т. Нүртазин, Ә. Қоңыратбаев, Е.
Ысмайылов, М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Ө. Марғүлан секілді талантты зерттеушілер үлтшылдар
қатарына жатқызылды. Әдебиетші ғалымдардың бір тобы «Кенесарыны дәріптеушілер»ретінде де
айыпталды. 1947 жылы жарияланган «Қазақстан ХЫХ ғасырдың 20-40-жылдарында» атты
монографиялық зерттеудің авторы, талантты тарихшы ғалым Е. Бекмаханов жазықсыз қудаланып, 25
жылга сотталады. Оның көзкарасын жақтап, ғылымға адалдық танытқан тарихшылар да қудаланды.
Қазақстандық ғалымдардың жазықсыз жазалануына араша болуға ұмтылған республиканың Ғылым
академиясының тұңғыш президенті Қ. Сәтбаев қызметінен босатылып, Қазақстаннан кетуге мәжбүр
болады. Тек кана 1956 жылы КОКП-ның ХХ съезінде сталиндік жеке баска табынушылық
әшкереленіп, айыпталғаннан кейін жазықсыз тұлғаларды қудалау саясаты токтатылды. Солай
дегенмен де еркін ойлайтын, демократиялық тәртіпті жақтағандар әдеттегідей түрмелерге жабылды.
Сталиншілдіктің ауыр қылмыстарының бірі - Қазақстан аумагында тұзеу мекемелерінің тутас жуйесін.
- Степлаг, Карлаг (Қараганды лагері), АЛЖИР (Акмолинский лагеръ жен изменников Родины)
лагерьлерін салуы болды. Бүл лагерьлерде жазықсыз айыпталған мыңдаған адамдар өз мерзімін өтеді.
Олардың катарында М. Тухачевскийдің анасы мен қарындасы, Гамарниктің отбасы мүшелері, Т.
Рысқұловтың әйелі мен кызы, Т. Жүргеновтің, С. Қожановтың әйелдері т. б. болды.
Соғысқа дейінгі кезеңдегі саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Социалистік заманда Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік
зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ.
Кеңес өкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір
халықтар — сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер
аударылды.
Депортация латынша депортатіо — «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар
депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп
түсіну қажет. Ал шетел тіліне енген сөздер сөздігінде «депортация» — қылмыстық және әкімшілік
жаза ретінде мемлекеттен қуылу, көшіру, жер аудару деп көрсетілген.
1920—1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру — сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас
бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО- да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға
дейін 3,2 млн адамға жетті. КСРО-да ең көп орын алған жаппай қуғын-сүргіндік көші-қондардың
төмендегідей түрлері қолданылды:
этностың
белгілері
бойынша
депортация
(«жазаланган
халықтар»,
«шекараларды
тазалау»,«сенімсіз халықтар»).
әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару)
кезінде келгендерді арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы) деп атады.
саяси мүдде негізіндегі 1934—1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп
атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік
әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни
адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды
тап ретінде жою басталды. Оларды үш санатқа бөлді. Солардың ішінен екінші санатқа жататындарды
КСРО- ның алыс аудандарына жер аудару көзделді. Жоспарлы түрде әкімшілік күшпен алып келіп
қоныстандырудың мұндай ауқымы этностардың гендік қорына нұқсан келтірді, миллиондаған
шаруалар ұжымдастыру жылдарында аштан қырылды. Жаппай ату жазаларына ұшырады және лагерь
капастарына қамалды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе,
Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Орталық қаратопырақты және Мәскеу облыстары,
Солтүстік Кавказ өңірінен 1932—1933 жылдары мыңдаған адамдар жер аударылды. Қазақстан «Сібір»
сөзінің синониміне айналды. Осылайша халықтарды күштеп көшіру соғысқа дейінгі кезеңде басталып,
әр түрлі әлеуметтік топтар мен сословиелерді, этностық топтарды КСРО-ның орталық аудандарынан
20—30-жылдары Қазақстан, Орал, Орталық Азия, Сібір, Қиыр Шығысқа жаппай көшіріп-қондыру
қызу жүргізіліп жатты.
Кулак деп аталған миллиондаған таңдаулы шаруалардың көзін құртқан этнодемографиялық
дағдарыс халықтарға зор зиянын тигізді. Қазақстанда ұжымдастыру науқаны кезінде жер аударылған
кулактардан тұратын арнайы көшірілгендердің 100-ге тарта қоныстары болды. Олар арнайы
комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл
өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс
объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. жұмыс күші ретінде
пайдаланылды.
Арнайы қоныс аударылғандардың азаматтық құқығы сақталды, қоныстанған әкімшілік аудан
көлемінде жүріп-тұруына рұксат етілді. Бірақ қоныстанған жерінен кетуге құқығы болмады. Олардың
тұрмыстық-шаруашылық мәселелерін шешу НКВД-ның, ГУЛАГ басшыларына жүктелді.
1930 жылдардың ортасында жаппай саяси қуғын-сүргіннің тереңдеуіне Сталиннің «Троцкий-
Зиновьев» топтарымен және оңшыл оппортунистермен күресі түрткі болды. Орталықтағы болып
жатқан бұл оқиғалар ұлт республикасында, өлкелерде тұрғындарды жаппай саяси кудалауға жол ашып
берді. Осы үлгімен мұнда да «халық жауларын» — «ұлтшыл-фашистерді» әшкерелеу қолдан
ұйымдастырылды. Елде сталиндік жаппай қуғын-сүргіннің кең етек алуына негіз қаланды.
Қазақстанға күштеп қоныс аударылғандар
1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР- не 15 мың
поляк және неміс шаруашылықтарын көшіріп-қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік
Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан,
Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны
1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.
Еділ өңірі немістерін Сібірге депортациялау идеясы 1915 жылы туса да, оны жүзеге асыруда
көптеген кедергілер кездесті. Ал 1937—1938 жылдары немістердің ұлттық мәселесі қайта жандана
бастады. Патша жүзеге асыра алмаған идеяны қолға алуға ыңғайлы кезең туғандай еді. Қазақстандағы
«Кіші Қазан» науканы кезінде босап қалған жерлерге корейлерді, финдер мен поляктарды
орналастырғаннан кейін кезек немістерге де келді.
Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп
әкелінді. 1939—1940 жылдары Гитлер армиясының Полынаға басып кіруіне байланысты Батыс
Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940—1941 жылдары поляктардың
осы бөлігі Қазақстанға қоныстандырылды. Дегенмен 1936 жылғы көшірілгендер мен 1940—1941
жылдары көшірілген поляк азаматтарының құқық жағынан айырмашылықтары болды. Соңғы
келгендер «поляк осадниктері мен босқындары» ретінде өмір сүрді. Кеңес үкіметі КСРО аумағына
келген поляктардан армия құрып, гитлерлік Германияға қарсы қою жағын да ойластырған еді. 1940—
1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,
Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Поляк-кеңес пактісіне қол
қойылғаннан кейін олардың көп бөлігі Владислав Андерс бастаған поляк армиясының қатарында
өскери қимылдарға қатысты. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып
қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір белсенді бөлігін 1935—1936 жылдары күштеп
әкімшілік қоныс аудару басталды. Жалпы, жаппай көшіріп-қоныстандыру екі кезеңнен түрды. Оның
алғашқысы 1937 жылдың күзінен 1938 жылдың көктеміне дейін созылды. жылдың қыркүйек айының
соңынан бастап алғашқы эшелондармен бірге Қазақстандағы корейлердің тарихы басталды. Жапон
«шпионы» деп жала жабылған корейліктерді қазақтар жанашырлықпен қарсы алып, олардың аянышты
халдеріне түсіністікпен қарады, құшағын жайып қарсы алып, қиын жағдайда қол ұшын беруден
тайынған жоқ.
Соғыс жылдарындағы саяси қуғын-сүргін және халықтар депортациясы
Күштеп қоныс аудару кезінде жол бойында және арнайы лагерьлер мен тұрақжайларда бұл
халықтардың жартысына жуығы опат болды.
Оларды бір сәтте туған жерінен айырып, мал сияқты жүк вагондарымен Қазақстанға әкеліп, 24
сағаттың ішінде бүтіндей халықтарды көшіріп-орналастырып үлгерді.
Сталиндік куғын-сүргін кезінде осы халықтардың алдыңғы қатарлы зиялыларына қарсы «үлкен
террор» жасалды, ұлттың бетке үстарлары тұп-тамырымен жойылды. Жер-жерлерде ұлттық
мектептер, газет-журналдар жабылды.
Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым, Қалмақ өңірлеріне күшпен жүргізілген депортациялар өзінің
көлемі жағынан ауқымды болды. 1942 жылдың күзіне қарай кеңес әскерлері шығысқа қарай шегіне
отырып, Еділ жағалауы мен Үлкен Кавказ қыраты алқабына жақындады. Шешен-Ингушетияның бір
бөлігі, сондай-ақ карашай, балқар, қалмақтар мекендейтін аймақ жау қолында қалды. Тек Сталинград
пен Курск түбінде Гитлер армиясын талқандағаннан кейін ғана Солтүстік Кавказ өңірі жаудан азат
етілді. Алайда жаудан азат ету аяқтала салысымен фашистік басқыншылармен жақындасты деген
желеумен бұл халықтарға саяси қуғын-сүргін басталды.
1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, қарашайларды көшіру туралы қаулы
қабылданды. Жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан
облыстарына орналастырылды. Қалған отбасы Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды.
Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. 1936 жылы құрылған Кабардин—
Балқар АКСР-нан 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар
көшірілді. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер
қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі баскарды. Жалпы саны 40
мыңдай балқарлардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік
облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. Балқарларды көшіргеннен
кейін республика Кабардин АКСР-і болып атала бастады.
1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда
облысына орналастырылды.
Ел басшылығындағы шовинистік пиғылдардың ұлт саясатындағы белгілері жекелеген халықтар
мен ұлт азшылықтарын «жағымсыз элемент» ретінде көшірудің белең алуынан көрінді. Әңгіме бірінші
кезекте Қырым және Грузия аудандарындағы халықтарды тарихи Отандарынан көшіру туралы болып
отыр.
Қазақстандағы халықтар Ассамблеясы жэне оның қызметі
Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының
Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел
Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы
Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай
институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты,
поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет
аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту
мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып
табылды. Он жеті жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді.
Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің
қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының
институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық
дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық
ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Ассамблеяның қызметі
Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып,
республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан
әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен
қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты.
Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Бүгінде республикада Қазақстан этностарының мәдениеттері, тілдері, дәстүрлерінің дамуына
қажетті барлық жағдай жасалған. Этномәдени бірлестіктердің өзінің саны тұрақты өсуде, қазір олар
800-ден асады, оның ішінде 28-і республикалық. 15 тілде газет-журнал, 8 тілде радиобағдарламалар 7
тілде телебағдарламалар шығады. Білім беру толықтай өзбек, тәжік, ұйғыр және украин тілдерінде
жүргізілетін 88 мектеп жұмыс істейді. 108 мектепте 22 этностың тілі жеке пән ретінде жүргізіледі.
Осымен қатар, балалардан басқа үлкендер де 30 этнос тілдерін оқуға мүмкіндік алған 195 этно-білім
беру кешендері, жексенбілік және лингвистикалық мектептер ашылды. Қазақ және орыс театрларын
қоспағанда елімізде тағы төрт ұлттық – өзбек, ұйғыр, корей және неміс театрлары жұмыс істейді. Әр
жыл сайын Қазақстан этностарының тілдерінде бірнеше ондаған жаңа кітаптар жарық көреді. Жыл
сайынға халықтық мерекелер Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі, масленица,
сабантой дәстүрге айналды. Егер мемлекеттің қалыптасу кезеңінде басты міндет этносаралық
төзімділік пен қоғамдық келісім негізінде қоғамды ұйыстыру болса, ел дамуының жаңа кезеңінде,
стратегиялық басымдық ретінде, қоғамның барлық азаматтары мойындаған ортақ құндылықтар мен
қағидаттар жүйесіне негізделген Ұлт Бірлігіне жету болып табылады. Сондықтан 2010 жылы сәуірде
азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың, азаматтардың сындарлы ұсыныстарын жинақтаған
Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы қабылданды. Қазақстанның Ел Бірлігі Доктринасы – халықтың,
уақыт талабына сәйкес, бірігу қажеттігін түсінуіне негіз. Бұл – бізді қандай күш біріктіреді және
біртұтас етеді - соны түсінудің тәсілі. Бұл – болашаққа бірігіп ұмтылудың серпіні.
Ассамблеяның негізгі міндеттері
этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам
институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және
толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық
келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың
құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік
органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық
бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту
болып табылады.
Қазақстан КСРО-ның кұрамдас бір бөлігі. Қазақстандағы Коммунистік партияның
қызметі.
Достарыңызбен бөлісу: |